Көсемшенің қимыл - сын пысықтауыштық қызметі
Презентация қосу
Көсемшенің қимыл-сын
пысықтауыштық қызметі
Бисенбай Азамат 304-топ
Көсемше қандай жағдайда пысықтауыштық қызмет атқарады
Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген
сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады
Көсемше — өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары
бар дербес категория. Қазіргі қазақ тілінде көсемше атқаратын
қызметіне қарай негізгі және кейіпті болып екіге жіктеледі. Іс-
әрекетті білдіретін жай сөйлемдегі негізгі етістіктің әр қилы
амалдарын сипаттайтын тел қызметтегі көсемше негізгі, ал ашық
райдағы шақ, күрделі етістіктік, аналитикалық форма тудыратын
қызметтегі көсемше кейіпті деп аталады. Негізгі көсемшені
сөйлемдегі басты функциясы негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама
түрде сипаттау.
Кейіпті көшемше қаншаға бөлінеді
• Кейіпті Көсемше Пысықтауыштық жанама іс-әрекетті сипаттаумен
ғана шектелмей Көсемше шақ (істе-п-ті, істе-й-ді), аналитикалық
форма (оқы-п шықты), күрделі етістік (кел-іп кетті)
категорияларын тудыруға да ықпал етеді. Осы мағыналық
ерекшеліктеріне сәйкес кейіпті көсемше:
• шақтық кейіпті көсемше;
• түрлік кейіпті көсемше;
• күрделі амалдық кейіпті көсемше болып үш салаға бөлінеді.
Бояу қасиеті қонған суретші
Қазығұловтың ұлттық дүниелерге деген ынтызарлығы, жеке көзқарасы жаңаша ізденуіне
септігін тигізді. Және де тарихи-этнографиялық материалдар негізінде бағзы этникалық мәде
ниет пен ежелгі көшпенді мәдениетін сәйкестендіруде қазіргі уақытты сабақтастырып, жаңа
үлгілер тапты. Ежелгі әлемнің бейнелеу өнерінде көрсетілген рухани мұраларын қазіргі
шындықпен ұштастырып, жұмыр жерді өткен өмірдің жай ғана сағымы сияқты ұсынады. Қо
ғамның маңызды тақырыптарының ішінен суретшілер көп жағдайда адамзат баласының ақыл
ға қонымсыз тіршілік етуі мен табиғат үйлесімділігінің арасындағы рухани қақтығыс ретіндегі
экологиялық проблемаларға жиі ат басын бұрады. Суретші А.Қазығұлов көне замандағы елді
мекенге өз қылқаламымен саяхат жасайды. Ол бейнелеу өнеріндегі символизм мен концеп
туализм негіздеріндегі композиция мағынасын код арқылы жаңадан жасап, әлдебір жорамал
рухани идеяны визуалды-көркем түпнұсқаға айналдыруды көздеді.
«Айқын» ақпарат Қыркүйек 26, 2020Мәдениет, Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
«ҚАЙРАТ» ЧЕМПИОНДЫҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ ЖАСАДЫ
9-тур ойындары «Қайрат» - «Қызылдар» кездесуімен аяқталды. Ойынның 27-минутында
Абат Айымбетов қарбаласқан сәтте гол салып, командасын алға шығарды. Бұл жас
шабуылшының чемпионаттағы 5 голы болатын. Осылайша Айымбетов Жоау Пауло, Рунар
Сигурьонсон секілді сұрмергендер қатарына қосылды. Екінші таймда «Қызылжар» ес жиып,
толассыз шабуылдарды тойтарып тастады. Тіпті алға шығып, «Қайрат» қақпасына гол
салғысы келді. Ойынның соңғы секундтарында тіпті таразы басы теңесіп кетуі де мүмкін еді.
Алайда, қақпашы Стас Покатилов сейв жасап, командасын кіргелі тұрған голдан аман алып
қалды. Осының арқасында «Қайрат» 3 ұпай еншілеп, «Астанадан» басымдылығын 9 ұпайға
дейін ұлғайтты. «Қайратта» қазір 24 ұпай болса, «Астанада» 15 қана. Алайда, Алексей
Шпилевскийдің командасы елордалық клубқа қарағанда бір ойынға көп өткізген.
Аладоп сайтынан.
Мәтін бойынша тапсырмалар
• Берілген мәтіндер бойынша көсемшенің қимыл-сын
пысықтауыштық қызметі тауып, кейіпті көшемшенің қай түріне
жататынын анақтаңыз.
• Көсемшенің қимыл-сын пысықтауыштық қызметінде тұрған
сөйлем қандай кейіпте қолданылып тұрғанын анақтаңыз.
Пысықтауыш болатын сөз таптары
• Сын есімнен болады
• Үмтеу болады
• Сан есімнен болады
• Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады
• Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл
мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады
• Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен
бірігіп те пысықтауыш болады
• барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп
пысықтауыш болады.
• кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі
тіркесіп, пысықтауыш болады.
• кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп,
пысықтауыш болады
• кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды.
Келесі сабаққа
• Пысықтауыш болатын сөз таптарын көрсетілген әдебиеттер тізімі
бойынша оқу.
• Көркем әдебиеттен көсемшенің қимыл-сын пысықтауыштық
қызметінде тұрған сөйлемдерді тауып талдау жасаңыздар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz