Отанды қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерліктері


Slide 1

Мамандығы: Екі шетел тілі:ағылшын жіне неміс тілі Кафедра: Ағылшын және неміс тілі Курс: І Тобы: 102 Тақырыбы: Отанды қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерліктері Орындаған: Әмзе Қарақат Артурқызы Ақтөбе - 2020 ж.

Студенттің өзіндік жұмысы

Slide 2 Slide 3

Мазмұны:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім:

Қазақстандық қаһармандар Отан үшін шайқасты

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 4

Кіріспе:

1940 жылғы 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы “Барбаросса” соғыс жоспарын жасады.

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Совет халқы өз Отанын, бостандығы мен намысын қорғау үшін қолына қару алып, әділ іс үшін күресті.

Slide 5

Аттанды қазақ майданға!

Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. 1 млн 200 мыңнан астам Қазақстандық майданға аттанды.

Slide 6

Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі - полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кенес Одағының Батырлары - Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г. П Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) - Рамазан Амангелдиев қатысты.

Slide 7

Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді. Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Бұл атақты екі мәрте иеленген жалғыз қазақ - Талғат Бигелдинов 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралды.

Slide 8

«Ердің туы намыс», деп білген ержүрек батырымыз Бауыржан Момышұлының есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Аты аңызға айналған 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған Б. Момышұлы өзін даңқты жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик ретінде көрсете білді. 1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский оны полк командирі етіп тағайындады. 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизия командирі болды.

Slide 9

Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк қазақтың қайсар қыздарының даңқын әлемге жайды. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173, 7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды. Әлияның ростасының командиры қаза болды. Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты. Әлияның қолына минаның сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияні екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияні жерледі.

1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды. Оның батальондық достары Әлия үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді.

Slide 10

«Гитлердің үйінде» барлау взводының командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл Туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті. "Гитлер үйі" мен Рейхстагқа дейін ара қашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқ жауған ашық алаңда еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен толассыз атылған оқтың астынан жерге жабыса 7 сағат бойы еңбектеп өтті. Межелеген орынға ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетіп, бұйрықты орындап, Рейхстагқа туды тікті. Бұл оқиға сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи оқиға жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады. Рейхстаг түбіндегі ұрыстарда қазақстандықтар Нығмет Наукенов, Әлімқұл Жылқыбаев, Павел Василевский, Алексей Ковалев және басқа да жауынгерлер ерлік көрсетті. Мысалы, Төлеухан Шайділдинов Рейхстаг қабырғасына былай деп жазып кетіпті: «Мен - қазақпын, Қазақстаннан келдім. Қан майданда жүріп Мәскеуден Берлинге дейін жеттім. Рейхстагқа шабуыл жасап, жеңіске жеттік. Шайділдинов Төлеухан».

Slide 11

Нұркен Әбдіров 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка ауданындағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтеріледі. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н. Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Қазанның 23-і күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз. . . "

Slide 12

Кеңес Одағының Батыры Есен Шегірейұлы Орақбаев (1922-2002) - Батыс Қазақстанда ардақталып келе жатқан айтулы тұлғалардың бірі. Ол 1922 жылғы шілденің 3-інде Батыс Қазақстан облысы, Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданының Қарағай ауылында шаруа отбасында дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Соғысқа Фурманов (қазіргі Жалпақтал ауылы) педагогикалық училищесінің 3-курсында оқып жүрген жерінен өз еркімен сұранып аттанды. Кеңес Армиясы қатарында 1942 жылы алынып, 1943 жылы Ростов зеңбірек училищесін бітірді. 610-атқыштар полкының (2-Украина майданы, 53-армия, 203-атқыштар дивизиясы) взвод командирі Есен Орақбаев көптеген ұрыстарға қатысты, жаудың бірнеше танкісі мен өзге қаруын, адамдарын жойып жіберді. 1944 жылғы қарашаның 7-сінде Е. Орақбаевтың шабуылдаушы тобы дұшпанның толассыз жаудырған оғының астымен зеңбіректерін Тисса өзенінің батыс бетіне алып өтті. Шаруд (Венгрия) елді мекенінің маңына бекініп, немістің зеңбірегін, екі пулеметін жойып, атқыштар дивизиясы бөлімдерінің алға жылжуына жол ашты.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Рейхстагқа шабуыл жасап, жеңіске жеттік
Қазақ халқының ерлігі
Одағының Батыры атағын алған қазақтар
Ленинград үшін шайқас
атырлар жырының дү ниетанымд жә не тә рбиелік мә ні
Кеңес Одағының батыры
Тест тапсырмалары (ҰБТ)
Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары
Батырдың қысқаша өмірбаяны
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz