КРИСТАЛДЫҚ КҮЙ


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

“Химия және химиялық технология” факультеті

Пәні: Физика 2

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Алматы 2020 ж.

Орындаған: Абдрахманова Жанерке

Тобы: ХИ-105К

Қабылдаған: Карыбаева Гульназ

Тақырыбы: Кристалдық КҮЙ

Slide 2

Кристалдық тор - кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелипипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болып табылады.

Кристалдық тор

Slide 3

Кристалдар - атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар (грекше krystallos, оның алғашқы мағынасы мұз дегенді білдіреді) қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады.

Slide 4

Кристалдардың жеке ірі түрі монокристалл деп аталады. Табиғатта салмағы жүздеген килограмға жететін кварц, дала шпаты, флюорит кристалдарымен қатар мөлшері өте ұсақ алмас кристалы да кездеседі. Термодинамикалық тепе-теңдік жағдайда өсірілген кристалдардың пішіні белгілі бір симметриялы, дұрыс көпжақ түрінде болады. Олардың жақтары жазық болып келеді де, қырлары түзу сызық бойымен тұрақты бұрыш жасай қиылысады, яғни кристалдану кезінде кристалдардың жақтары өзіне-өзі параллель жылжиды

Монокристалдар

Slide 5

Криталдағы бөлшектердің дұрыс орналасуын кристалдардың кейбір қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі, яғни анизотропиясы шығады. Анизотропия қасиетінің тек монокристалдарға ғана тән болатындығын да айта кетейік. Қатты денелердің көпшілігінің құрылымы поликристалды (грек. поли - көп), яғни микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кристалдардың жиынтығынан тұрады.

Поликристалды денелер мен аморфты денелердің айырмашылығы мынада: поликристалдық денелердің анизотропия байқалатын өте кішкентай бөлігін бөліп алуға болады, ал аморфты денелердің кез-келген бөлігін қарастырсақ та, ол әрқашан изотропты.

Анизотроптылық -монокристалдардың ерекшелігі

Slide 6

Сапфир (гр. sappheivos - көк тас) - Ті мен Ғе қоспасы бар корундтың бір түрі. Электрондық аспап жасауда қоспалар мөлшері шамамен 0, 001% синтетикалық cапфир монокристалдары ("лейкосапфир") пайдаланылады. Сапфир инфрақызылтехниканың оптикалық элементтері мен аспаптарын, ИС пен гибридті ИС-дың төсеніштерін жасауда, сондай-ақ ШӨ пластиналарды өңдеуге арналған абразивтізат ретінде қолданылады

Сапфир (Көк тас)

Slide 7

Алмаз

Алмаз (гр. 'adamas' - бұзылмас, жеңілмес) - жай зат, көміртектің аллотропиялық түрі, белгілі заттардың ішіндегі ең қаттысы.

ХІХ ғасыдың 70 жылдарына дейін ол тек кенқайраңдардан өндірілді. Табиғатта кездесетін алмаз түйіршіктерінің салмағы әдетте 0, 1-1, 0 караттан аспайды. Салмағы 100 караттан (20 г) астам ірі кристалдары өте сирек кездеседі және оларға жеке ат беріледі. Мысалы, 1905 ж. Оңтүстік Африкада табылған дүние жүзіндегі ең ірі “Куллинан” Алмасы кристалының массасы 3106 карат (621, 2 г) болған. Кейін одан әр түрлі пішінді 105 бриллиант алынды.

Slide 8

Рубин - латынша rubens, rubinus - қызыл деген мағынаны білдіреді. Al2O3 минералы, корунд сыныбына жатады. Қаттылығы - Моос шкаласы бойынша - 9, тығыздығы 3, 97 - 4, 05 г/см аралығында. Қызыл шпинелден кристаллдарының формасына қарап айырамыз, кейбір жағдайларда микроскоп арқылы ғана айырып білуге болады. Қызыл түске ие болуының себебі - құрамында хромның қоспасы бар.

Рубин

Slide 9

Поликристалл - кей кезде өзінің қисық пішініне қарап кристаллит немесе кристалл дәнектері аталатын қандай да бір заттың ұсақ кристалл агрегаты. Көптеген табиғи яки жасанды материалдар (минерал, метал, құйма, керамика т. б. ) поликристалл болып есептеледі.

Поликристаллдар кристалдандырған кезде, полиморфтық құбылуы және кристал ұнтағының пісіп жабысуынан пайда болады. Поликристалл монокристалдан гөрі тұрақсыздау, сондықтан ұзақ қыздыру соңында рекристалдануға ұшырайды.

Поликристалл

Slide 10

Аморфты зат (гр. а - жоқ; гр. morphe - пішін, форма; гр. substantia - зат) - борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушалары мен талшықтарының аралықтарын толтырып тұратын, атқаратын қызметіне сәйкес қоймалжындығы өзгеріп отыратын гел тәрізді іркілдек пішінсіз масса.

Аморфты дене

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Полимерлердің кристалды күйі
Кристалдық тор
Атомдық кристалдық тор
Аморфты материалдар
Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
Кристалдардың құрылуы
Аморф заттар Кристалл заттар
Қатты денелердің қасиеттері
ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ.ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗДІ ЖОСПАРЛАУ,ҰЙЫМДАСТЫРУ. КРИСТАЛДЫҚ,АМОРФТЫ ТҰНБАЛАРДЫ ТҰНДЫРУ
МЫРЫШ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz