Педагогика - Тәрбие туралы ғылым




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық
Қыздар Педагогикалық Университеті

Педагогика-Тәрбие
туралы ғылым
Орындаған:З.Сағат
Педагогика пәні , адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі
ретінде, өте көне ғылымдардың бірінен саналады.

Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным-білімнің
белгілі бір саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау
жөніндегі ерекше міндетті қызмет (функциясы)- тәрбие беру саласы
болып табылады. Педагогика бала жайындағы ілім, олай болса, ол
ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.

Педагогика гректің “paidagogas” –баланы жетектеуші, ертіп жүруші
сөзінен алынған. Ең алғашқыда бұл сөз құл қожасының баласын
мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие
туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбиенің негізгі мақсаты –
жинақталған білім мен қоғамдық- тарихи тәжірибиені жеткіншек
ұрпақтарға беру.
Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі; педагогика пәні-тәрбиелік іс-әрекет;
педагогика пәні-арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала . Ең негізгісі педагогика –
тәрбие туралы ғылым .

Педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру,
тәрбиенің өзіне тән ерекшк заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке тұлғаның
мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу .

Тәрбиелеу үрдісінде жаңа ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге,
қоғамдағы мінез – құлық нормаларын ұғып, өмірге деген көзқарастардың белгілі
жүйесін қалыптастыруға тиіс .

Педагогиканың тәрбиелеудегі ролі қандай? Ғылым ретіндегі педагогика мен қоғам
функциясы ретіндегі тәрбиенің арасындағы байланыс не ден көрінеді?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиенің қоғамдық әнін ашып , адамзат қоғамы
дамуының түрлі кезеңдерінде оны жүзеге асырудың ерекшеліктерін талдап қарау,
сондай-ақ педагогика ғылымы қалай дамып, қалыптасқанымен танысу қажет.

Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың
жинаған әлеуметтік тәжірбиесін мегеру деген сөз. Адамзат есейген сайын , мазмұны
жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі .
Адамзат қоғамы үнемі дами келе адамдарды тәрбиелеумен білім
беру ісіне жаңа талаптар қойды, тәрбиенің арнасы кеңейді,
ересек адамдарға білім беріп, оларды бір мақсатқа
тәрбиелеу үшін арнаулы оқу орындарына деген қажеттілік
келіп шықты.

Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат
саласындағы білім дерді жүйеге келтіреді.

Педагогика ғылымы ең көне ғылымдардың бірінен
саналады . Қоғамдық өмірден бөліп альп қарауға
болмайтын ғылым болып табылады .Педагогикалық білім
жастарды өмірге әзірлеу, тәрбиелеуге байланысты пайда
болған адамның өзіндік ерекше әрекетіне жатады .

Көне дәуірдің өзінде – ақ көптеген қоғам қайраткерлері ,
ойшылдар оқыту мен тәрбиенің рөлінің зор екенін, оның
адам үшін қажет екенін білген .

Педагогика – жас ұрпақ пен ересектерге жан – жақты
тәрбие , білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын
Тәрбие

дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау
Тәрбие
мақсатын көздеп , жаңа ұрпаққа қоғамдық- тарихи тәжірбиені беру процесі
болып табылады.

Тәрбие –аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірбиені беру
процесі.

Тәрбие ұғымы кең мағынада табиғат және әлеуметтікортаның, мектеп пен
ата- ананың , бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін
ықпалы деп түсінуі керек.

Білім беру– бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих
Песталоцци.

Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім
жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін
айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты.
• Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан
жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның
жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму
мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы
бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың
тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы
жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен
қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп
есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының
факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің
прогрессивті философиялық және психологиялық-
педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан .
Қорытындылай келсек,Педагогика (гр. 'παῖς', паіда —
бала, гр. 'ἄγω', гогос — жетектеуші) — жеке
адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі
мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру
туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды
зерттейтін теориялық және практикалық
ғылымдардың жиыны.
Педагогикалық институттарда профильді
бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да
педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика
оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін
қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өне
ріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.

Сонымен бірге, адамның жеке қасиеттері өмір
жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке
тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының
мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Таубаева Ш.Т.,Берикханова А.Е.,
Педагогика:көрнекті дәрістер
жинағы.
Назарларыңызғ
а рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Педагогика - тәрбие және оқыту туралы ғылым
Педагогика пәні. Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Педагогика ғылымының салалары
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Педагогика пәні, салалары
Теория негізі
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі
Пәндер