Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Презентация қосу
Топырақтану ғылымының
Қазақстанда дамуы.
Орындаған: Манарбекқызы. Т
Тексерген:Суймуханов.У.А
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлы есімімен тікелей байланысты.
Мәскеудегі Тимирязев ауылшаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған.
Ө.Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының
аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минерология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты.
Бұл кезде Ө.Оспанов топырақтану саласынан өз ұлтымыздан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым
болатынын мақтанышпен айтамыз.
Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында геология секторында
аға ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төл алқасында қызмет атқарды.
Осы кездері филиал төралқасының төрағасы Қ.И.Сәтпаевтың орынбасары бола жүріп, болашақ Қазақ Ғылым
академиясының негізін қалауда көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ө.Оспанұлы Қазақстанда
топырақтану секторын ұйымдастыру мәселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін елімізге аты белгілі профессор
А.И.Безсоновты шақырды
Сонымен республикамызда топырақ зерттеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды. Бұл топқа Отан соғысы
жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану
институтының директоры Л.И.Прасолов бастаған, кейінірек академик болған И.П.Герасимов, профессорлар
М.А.Глазовская, Е.В.Лобова т.б. қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми негізде
зерттеле бастады. Дегенмен сектор ұйымдастырылғанға дейін Қазақстан жерінің топырақтары туралы ешқандай
мәліметтер болмады десек шындыққа үйлеспейді.
Қазақстан жерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Ресей ғалымдары тарапынан жасалған ғылыми
экспедициялар: Лепехин, Гмелин, Паллас, Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уәлиханов, Семенов
т.б. негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық сапар-саяхаттар еді. Ал тікелей топырақ
қыртысын Қазақстанда зерттеу осы үстіміздегі ғасырдың басында, Ресейдің халық тығыз мекендеген
Еуропалық бөлігінен шаруаларды шығысқа, Қазақстан мен Сібірге көшіру мақсатымен құрылған
қоныстандыру басқармасы қолға алғанды.
Қазақстандағы топырақтану
ғылымының дамуына үлес қосқандар
Топырақтану секторына Мəскеу мамандары қолдаған алғашқы жемісті еңбектері енді. Бұл
зерттеулер топырақтану институтын ұйымдастыруға негіз болды. Мұнай институты Ғылым
академиясының құрамында 1945 жылы ашылды. Институтты əр кезде: Ғылым академиясының
корреспондент мүшесі Ө.Оспанов (1945-1984), академик В.М.Боровский (1968-
1984),Ж.У.Ақанов (1984-2000), биология ғылымының докторы Т.Жаланкөзев (2000- 2003)
басқарды. Қазір ауылшаруашылық ғылымының докторы, профессор А.Сапаров басқаруда. (1-10
суреттер). Институт осы салада республикадағы ғылыми-методикалық орталығы бола тұрып,
топырақтану ғылымының дамуына өте үлкен үлес қосты. Халық шаруашылығының дамуының
əртүрлі кезеңдерінде инситут өндірістің талаптарына сай топырақтанудың іргелі жəне
қолданбалы мəселелерімен шұғылданып, ауылшаруашылық өндірістерінің өрге басуына көп
септігін тигізген. Осы еңбектері үшін институт 1974 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен
марапатталды. Ескеретін жай, топырақтану саласы жəне оған қоса топырақ агрохимиясы ғылым
В.Р.Вильямс атындағы қазақ егіншілік институтында, А.И.Бараев атындағы қазақ астық
шаруашылық институтында, Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің көптен өріс алып,
дамып келеді. 1966 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуына 50 жыл толуына
байланысты, Топырақтану институтын ұйымдастыруы мен дамытуындағы аса ірі еңбектері үшін
жəне ғалымды мəңгі есте қалдыру мақсатында, институтқа Ө.Оспанов аты берілді. Қазіргі таңда
«Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану жəне агрохимия ҒЗИ» ЖШС бас директоры
А.С.Сапаров.
Қазақ республикасының Ғылым академиясының
Топырақтану институтының құрылымына сипаттама
1945 жылы құрылған Топырақтану институты (қазір ЖШС «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және
агрохимия ғылыми-зерттеу институты») топырақтану және агрохимия саласында іргелі және қолданбалы
зерттеулермен айналысатын республикадағы бірегей мекеме.
1996 жылы Қазақ республикасының Ғылым академиясының қүрылуына 50 жыл толуына байланысты,
Топырақтану институтын ұйымдастыру мен дамытудағы аса ірі еңбектері үшін және ғалымды мәңгі есте қалдыру
мақстатында, институтқа Ө.Оспанов аты берілді.
Ж.У.Аханов. Қазақстан ұлттық академиясының корреспондент мүшесі. Топырақтану институтының директоры.
Қазақстан ұлттық академиясының Топырақтану институты республикамыздағы барлық топырақ зерттеу
жұмыстарына консультациялық басшылық жасап, үйлестіріп отыратын ғылыми орынға айналды.
Республикамыздың топырақтану ғылыми саласындағы жетістіктерді өндіріске кеңінен енгізу үшін Қазақстан
топырақ зерттеушілерінің ғылыми-тәжірибелік конференциялары 6 рет өткізілді. Республикалық тәжірибе алмасу
мақсатымен 1969 жылы Алматыда Орта Азия мен Қазақстан мелиораторларының бас қосқан жиналысы болды.
1971 жылы Алматыда топырақ зерттеушілер қоғамының кезекті Бүкілодақтық IV съезі өткізілді. Съезге бүкіл
ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық делегат қатысты, шет елдерден де қонақтар болды.
Бүгінгі таңда Казақстан Республикасы Ұлттық
академиясының Еңбек Қызыл ТУ орденді топырақтану
институы еліміздің топырағын жан-жақты зерттеп, оны халық
шаруашылығына тиімді пайдаланудың негіздерін көрсететін
басты ғылыми мекеме. Бұл институт кең-байтақ
республикамыздың жер қорын тиімді пайдаланудың ғылыми
негіздерін жасауда біршама игілікті істер атқарды. Барлық
облыстардың орта масштабты топырақ картасы жасалып,
олардың сипаттамасы, агрономиялық қасиеттері, халық
шаруашылығына тиімді пайдалану жолдары жеке-жеке
монографияларда баяндалды.
Қазіргі таңда 15 түрлі зерхана жұмыс жасап тұр.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz