Қазақ АССР құрамына қазақ жерлерін біріктіру (1921-1929): әкімшілік-территориялық және демографиялық өзгерістер


Slide 1

Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі

Манатова Лунара

АЖ-17

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Slide 2

Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган - Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады.

Slide 3

Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19-ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 - ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж. ) болды. 1924 - 1929 жж. астана - Ақмешіт (Қызылорда) . 1929 жылдан астана - Алматы.

Slide 4

ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:

Семей облысы - Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

Ақмола облысы - Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.

Торғай облысы - Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

Орал облысы - Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.

Закаспий облысы - Красноводск уезінен 4, 5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.

Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.

Slide 5

Нәтижесінде

Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2, 7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар - 61, 3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша) . 1925 жылы 15-19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз - қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді. Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына қосылуы және астана өзгерістері (Орынбор мен Қызылорда, 1920-1929)
Қазақ АКСР-дың құрылуы және қазақ жерлерінің республика құрамына қосылуы (1920-1936)
Хақназар ханның ішкі-сыртқы саясаты мен әскери жорықтары: Қазақ хандығын біріктіру және территориялық кеңею (1538-1580 жж.)
1921-1922 жылдардағы қазақ халқының ашаршылығы: себептері мен салдары
Қазақ хандығының құрылуы: себептері, саяси негіздері және территориялық қалыптасуы
Абылай хан дәуіріндегі Қазақ хандығы: ішкі-сыртқы саясат және елді біріктіру
Күштеп ұжымдастыру: қазақ ауылдарының қарсылығы, ашаршылық және демографиялық зардаптары (1927-1933)
Хақназар хан (1538-1580): Қазақ хандығын біріктіру және сыртқы саясаты
Қасым хан дәуіріндегі Қазақ хандығының өрлеуі: территориялық кеңею, құқықтық реформалар мен Шайбани ханмен соғыстар
Алматы қаласының әкімшілік құрылымы, демографиялық сипаттамасы және көрікті жерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz