Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1924): белгілері, жер реформасы мен 1921-1922 жж. ашаршылықтың салдары


Slide 1

Жаңа экономикалық саясат

Манатова Лунара

АЖ-17

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Slide 2

Жоспар

ЖЭС дегеніміз не?

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері

1921 - 1922 жылдардағы аштық

1921 - 1922 жылдардағы жер реформасы

Slide 3

Жаңа экономикалық саясат - 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 - 1924) жүргізілді.

Жаңа экономикалық саясаттың мәні - салғыртты салықпен ауыстыру болды.

Slide 4

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:

- Азық - түлік салығының енгізілуі.

- Сауда еркіндігі.

- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.

- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.

- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.

- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

Slide 5

Ашаршылық салдары

Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 - ке дейін азайды.

700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

Нақты ет салығы енгізілді

Slide 6

Жер-су реформасы

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер - су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

Slide 7

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы» құрылды. Оның міндеттері:

Еңбек артельдерін құру.

Кедейлерге жер беру.

Еңбекшілердің саяси сана - сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

Slide 8

1921 - 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:

Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.

Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

Қазақ ауылындағы патриархаттық - феодалдық негізді әлсіретті.

Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады

Slide 9

Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:

Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.

Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.

Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.

Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.

Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.

Саяси өмірде демократия бұрмаланды.

Еркіндік мүлде болмады.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925): 1921-1922 жылғы аштық, қабылданған шаралар және экономикалық салдары
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат пен жер-су реформасы (1921-1927): нәтижелері мен әсері
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: шаралары мен әлеуметтік-экономикалық салдары (1921-1925 жж.)
Жаңа экономикалық саясат (1921-1924): принциптері, нәтижелері және Қазақстанға әсері
1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық: құжаттар, статистика және салдары
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: шаралары мен нәтижелері (1921-1925)
Қазақстандағы ашаршылықтар: 1921-1922 және 1930-1933 жылдардағы себептері мен салдары
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтар: себептері, салдары және қарсылықтары
1921-1922 жылдардағы қазақ халқының ашаршылығы: себептері мен салдары
1921-1922 жылғы Қазақстандағы ашаршылық: таралуы, себептері мен күрес шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz