Алматы қаласында ескерткіш - бюст
Презентация қосу
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Қызметімен қол жеткізген
жетістіктері
Орындаған: Жангалина Ж.
Қабылдаған: Тайрова Б. Қ.
Топ: МК-131
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті
мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері,
Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының
докторы.
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында,
қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында
ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген.
Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре
Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик
ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған үй шаруасында бала
тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-
1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед
Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Еңбек жолы
• 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен
инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939
жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат
руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің
машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және
оның директоры болды.
• 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын
күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда
іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты
бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және
КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі
кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының
директоры қызметтерін атқарды.
• 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
• 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында
жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп,
оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және
оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі
ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы
жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық
жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі
салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның
басшылығымен жүзеге асырылды.
• 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
• 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін
атқарды.
• 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып,
орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын
алды.
• 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің
Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген
сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Игі істері мен жетістіктері
• Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің
депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX- • 1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық
съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол
делегат болды. Парламент және партия КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси
делегациясын басқарып, әлденеше рет Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде
шетелдерде болып қайтты. мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының мүшесі болды.
• Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді.
Ол билік басында болған уақыт қайшылықты
күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің
экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын,
ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек
сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең
байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43
қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы
болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі
Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас,
Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және
тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен
ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл
шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы
жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-
ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және
титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен
Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып,
Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс
тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл,
Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды.
Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан
астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен
мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика
өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент
қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша
әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының
академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан
зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды.
Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден
өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының
зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін
арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше
көңіл бөлді.
• Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед
Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты
қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті.
Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз
қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық
аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар
ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік
нысандар салынды.
• Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия
ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде
өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді
ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы
білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін
көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де
ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан
реформа бағыттарын, қоғамды
демократияландыру қажет екенін терең түсініп,
қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ
жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі,
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының
ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа
тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен
бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар
сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы,
Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық
Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары
бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай,
«Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық»,
«Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде,
82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Марапаттары
• Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982)
• 8 Ленин ордені
• Еңбек Қызыл Ту ордені
• Медальдар
Мақалалары мен кітаптары
• 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы
сөздері мен мақалалары»
• 1992 жылы – «О моём времени»
• 1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва»
• 1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»
Д.А.Қонаев есімі берілген жерлер
• Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
• Астана және Алматы қалаларында - көшелер.
• Үлкен Алматы каналы.
• Орал қаласында - шағын аудан.
• Тараз қаласында - орталық көше және бюст.
• Талдықорғанда- көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы
оқу орны.
• Алматы қаласында - жекеменшік университет.
• Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында - орталық
көше.
• 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры
құрылды.
• 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың
мұражайы ашылды.
• Шымкент қаласында - орталық гүлзәр және сол гүлзәр
бойында мұражай.
• Дінмұхамед Қонаев - КСРО да ең биік саяси лауазымға ие
болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы
саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі
болған.
• Отбасында 11 баланың 4-шісі.
• Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
• Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
• Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке
күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең
жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
• Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас
тартқан.
• Шағын пәтерінде(қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген,
пәтер ауданы 200 кв.м
• Кезінде Леонид Брежнев(КСРО басшысы) Алматыға
бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін
ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"- деп
таңданады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz