Бактериялардың ферменттері


Slide 1

Бактериялардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу

Орындаған: Оспан Нұрқаділ, Мәкен Жәнібек

Тобы:ВМ-305

Қабылдаған:в. ғ. Магистрі, ассистент Жылқайдар А. Ж.

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе

I. Негізгі бөлім:

1. 1Бактериялардың тыныс алуы

1. 2 Бактериялардың өсуі және көбеюі

1. 3 Бактериялардың физиологиясы

1. 4 Бактериялардың биохимилық қасиеттері

Slide 3

Кіріспе

Бактериялар - прокариотты біржасушалы ағзалар. Бактериялық жасушаның орташа өлшемі - 2-6 мкм. Белгілі бір түрге қатысты микроағзаларға тән болатын бактериялар жасушаларының көлемі мен пішіні түрлі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін (бактериялдық дақылдың жасына, тіршілік ортасына және сол сияқтыларға байланысты) . Бұл құбылысты полиморфизм деп атайды. Пішіні жағынан бактериялардың жасушалары үш топқа бөлінеді: шар тәрізді, таяқша тәрізді және иілген.

Slide 4

Негізгі бөлім 1. 1Бактериялардың тыныс алуы

Бактериялардың тыныс алуы мезосомаларда журеді.

Тыныс алу зат алмасудын катаболизмі болады. Катаболизм және анаболизм жалпы зат алмасудың қарама қарсы журетін процесстер.

Катаболизм кезінде күрделі молекулалар ыдырайды, бос қуат бөлінеді.

Бактерияларда тыныс алу аэробты және анаэробты жолмен отеді.

Аэробты тыныс алу от тегі қатусуымен журеді, сонғы өнімдері Н2О және СО2, қуат АТФ түрінде.

Анаэробты тыныс алу от тегісіз жүреді.

Анаэробты тыныс алуда ірі молекулалар қышқылмен спирттерге дейін ыдырайды және қуат болінеді.

Slide 5

1. 2 Бактериялардың өсуі және көбеюі

Бактериялар өскенде екі есе салмағы өседі, көбейген кезде саны көбееді.

Бактериялар көлденеңінен екіге бөлінеді.

Тығыз орта бактериялардың шоғырлануын колония деп атайды.

Slide 6

1. 3 Бактериялардың физиологиясы

Бактериялар физиологиясы- бактериялардың тіршілігін, зат алмасуын, қоректенуін және қоршаған ортамен қарым қатнасын зерттейді. Бактериялардың зат алмасуын зерттеу, оларды дақылдандыруда, таза дақылдарын бөліп алып еднтификациялауда үлкен орын алады. Патогенді және шартты - потагенді бактериялардың физиологиясын зерделеу, олар тудыратын жұқпалы аурулардың патогенезін зерттеу, микробиологиялық диагноз қоюда, емдеу және олардың алдын алу, адам мен қоршаған орта қарым қатнастарын реттеу, сонымен қтар биотехнологиялық процесстерді қолдана отырып, бактериялардан биологиялық белсенді заттарды алу үшін қажет.

Slide 7

1. 4 Бактериялардың биохимилық қасиеттері

Бактериялардың көмір су, ақ уыз және пептонды ыдырату қабілетін анықтайды.

Көмір су ыдырататын ферменттерды Гисс, эндо, Левин, Плоскирев орталарында анықтайды.

Гисс орталарының құрамына пептонды су және бір белгілі көмір су кіреді (сахароза, глюкоза, лактоза, маннит т. б) .

Slide 8

Бактериалық жасушаның химиялық құрамы.

Бактерия жасушасының 80-90% судан, ал калған 10% құрғақ заттан тұрады. Жасуша ішіндегі су бос немесе байланысқан күйде болады. Ол жасушаға серпімділік қасиетін бере отырып, гидролитикалық реакцияларға қатысады. Жасушаны кептіру арқылы ішіндегі судан арылту, ондағы метаболикалық және кобею процестерінің тоқтауына әкеліп соқтырады. Мұздатылған күйдегі жасушаны вакуумда кептіру (лиофилизациялау) микробтардың кобеюін тоқтатып, ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік береді.

Құрғақ зат құрамы төмендегідей:

52% - ақ уыз, 17% - көмірсулар, 9% - майлар, 16% - РНҚ, 3% -ДНҚ және 3% - минералдық заттар.

Ақ уыздары ферменттер болып табылады, сонымен қатар жасушаның құрлымдық бөлігі, ол цитоплазматикалық мембрана және оның туындылары, жасуша қабырғасы, талшықтар, споралар және кейбір капсулулар құрамына кіреді. Кейбір бактериялардың ақуыздары олардың антигендері мен токсиндері болады. Бактериялар ақуздарының құрамына адамдарда болмайтын Д-аминқышқылдары мен диаминопимелин қышқылы кездеседі.

Бактерия жасушасы құрамындағы көмірсулар моно-, ди-, олигосахаридтер мен полисахаридтер күйінде болады, сонымен қатар ақуыздар, майлар және басқа қосындылар құрамына кіреді.

Slide 9

Майлар немесе липидтер цитоплазмалық мембрана құрамына кіреді, грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасында болады, сондай-ак, қоректік зат ретінде жинақталады, грамтеріс бактерия-лардың эндотоксиндерінің құрамында болады, ЛПС құрамында антиген түзеді.

Нуклеин қышқылдары. Бактерия жасушасында РНҚ-ның барлық түрлері кездеседі: иРНҚ, тРНҚ, рРНҚ. Пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер - нуклеин қышқылдарын түзетін құрылыстық блоктар болып табылады. Бұдан басқа пурин және миримидин қышқылдары көптеген коферменттер құрамына кіре отырып аминқышқылдарын, моносахаридтерді және органикалық қышқыл-дарды тасымалдауға қатысады. ДНҚ бактерия жасушасында тұқым-қуалау қызметін атқарады. ДНҚ молекуласы екі полинуклеотидтік тізбектерден тұрады.

Минералдық заттар жасушаны өртегеннен кейінгі күлден табылады. Төмендегідей көптеген минералдық заттар : N, S, Са, К, Мg, Ғе, Мn, сонымен қатар микроэлементтер: (Zn, Сu, Со, Ва) кездеседі.

Аутотрофтар (гректің аиtоs- өзім, trорhе- қоректену) -өз жасушаларын құруда көміртегін ауадағы СО2-нен сіңіретіндер.

Гетеротрофтар (грекше heteros-басқа) - көміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көпатомды спирттер, аминқышқылдар болып табылады.

Slide 10 Slide 11

Бактериялардың ферменттері

Бактерия жасушаның барлық метаболиттік реакциялары негізінде 6 сыныпқа жататын ферменттер арқылы атқарылады: оксиредуктазалар, трасферазалар, гидролазалар, лигазалар, лиазалар, изомеразалар. Бактерия жасушасы түзетін ферменттер жасуша ішілік эндоферменттер немесе қоршаған ортаға бөліп шығарылатын экзоферменттер деп бөлінеді. Экзоферменттер жасуша ішіне келіп түсетін көміртегі мен энергияны сырттан тасымалдауда үлкен орын алады. Гидролазалардың көпшілігі экзоферменттер болып табылады, олар коршаған ортаға бөлініп ірі молскулалы пептидтерді, полисахарид пен майларды жасуша ішіне енуге қабілетті мономерлер мен димерлерге дейін ыдыратады. Экзоферменттердің бірқатары мысалы гиалуронидаза, коллагеназа және басқалары агрессиялық ферменттер болып келеді. Ферментгердің кейбіреулері бактерия жасушасының периплазматикалық кеңістігінде орналасады. Олар заттарды бактерия жасушасына тасымалдауға катысады. Бактерияның ферментативтік спектрі тұқымдастық пен туыстастықты және кейбір жағдайларда түрді көрсететін таксономиялық белгіге жатады. Сондықтан ферментативтік белсенділік спектрін анықтауды бактерияның таксономиясын белгілеуде қолданады. Экзоферменттерді диференциалдық-диагностикалық орталарда анықтауға болады, сондықтан бактерияларды идентификациялау үшін дифференциалдық-диагностикалық орталар жиынтықтарынан тұратын арнайы тест-жүйелер жасалынған.

Slide 12

Бактерия жасушасьшың ішіне заттарды тасымалдау механизмі.

Жасушаға қоректік заттардың келіп түсуіне ЦПМ жауапты. Қоректік заттар жасуша цитоплазмасына еніп, өзгерістерге ұшырау үшін олар, жасушаны қоршаған ортадан бөлетін шекаралық қабаттардан өтуі керек.

Бактериалық жасушаға қоректік заттарды тасымалдаудың екі түрі бар: енжар және белсенді.


Ұқсас жұмыстар
Инфектология ғылым түрінде және оның микробиологияда алатын орны.Инфекциялық процесстің сипаттамасы.Бактериялардың және вирустардың патогенділіг және токсигенділігі.Патогенділік және токсигенілік факторларының генетикалық бақылауы
Инфекция туралы ілім. Инфекция түрлері
Бактериялардың химиялық құрамы
Микробиология
Тамақтану концепциялары
Таяқша бактериялар
Сілекей безі
Алмаспайтын амин қышқылдары
Микроорганизмдердің өсу кезеңдері
Инфекция және иммунитет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz