ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР


Slide 1

Жүкті және емізетін әйелдердердің фармакотерапиясының ерекшеліктері

Орындаған:

Топ:

Тексерген:

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

I. Негізгі бөлім

1. 1. Жүктілік және дәрілік препараттар

1. 2. Дәрілік препараттарды категориялары бойынша бөлу

1. 3. Эмбрион мен ұрықтың ДЗ әсеріне ең әлсіз үш

критикалық кезеңі .

1. 4. Ұрықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Д3

тағайындалу ережелері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

кіріспе

Қазіргі кезде дәрігерлердің қарамағындағы дәрілік заттардың саны он мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған. Біздің мемлекетімізде Мемлекеттік реестрге тіркеліп енгізілген ДЗ саны - 13 мыңға жуық, РФ мен Ұлыбританияда 50 мыңнан артық, ал әр түрлі мемлекеттердегі ДЗ мен олардың комбинацияларының жалпы саны 200 мыңнан асады. ДЗ саны әсіресе соңғы жылдары тез артты. 20-30 жыл бұрын қазіргі қолданыстағы ДЗ 60-80% белгісіз болды және қолданылмады. Сонымен қатар фармакотерапияға тіркелген жанама әсерлердің саны да көбеюде. Жүктілік кезінде ДЗ қолданудың ерекшеліктеріне зор мән берілуі қажет . азіргі таңда аналары жүктілік кезінде және дейін ем алған жаңа туылған нәрестелердің 1/3 жанама реакциялар анықталған. Кезкелген фармакологиялық зат ұрыққа зиян әсер етуі мүмкін, сондықтан жүкті әйелдердің фармакотерапиясы қатаң және нақты негізделген болуы қажет.

Slide 4

Өткен ғасырдың 40- жылдарына дейін туа пайда болған аномалиялар тұқым қуалайтын патология деп есептелінді. 1941 жылы Норман Грегг жүктіліктің І триместрінде қызамықпен ауырса, жаңа туылған нәрестеде әр түрлі аномалиялар анықталатындығын дәлелдеді. Бұл ақпарат эмбрионның дамуына сыртқы орта факторларының әсері бар екендігін аңғартты. 1961 жылы W. Lenz седативті дәрі талидамидті жүктілік кезінде қабылдау мен ұрықта аяқ- қолдарының даму аномалиясының туындауы арасындағы байланысты анықтады. Осылайша ДЗ ұрықжолдастан өту мүмкіндігі және олардың тіндер мен мүшелердің дамуына тератогенді әсері анықталды.

Зерттеу жүргізілу уақытында жүкті не жүкті болуы ықтимал әйелдер қатысатын клиникалық зерттеулер арнайы этикалық комитеттің бақылауында болуы қажет. Қатаң бақылау қажеттілігі зерттеуге қатысатын, бірақ өз келісімін бере алмайтын, сондықтанда оның денсаулығына мүмкін зиян келтіруден барынша қорғанысты қажет ететін үшінші жақтың болуымен түсіндіріледі. Зерттеу мақсаты ұрық пен әйел денсаулығына қажеттілікпен сәцкес келсе, ал олардың денсаулығына қауіп минимальді болғанда ғана жүкті әйел зерттеу субъектісі болып есептеледі. РФ « Дәрілік заттар жайлы » заңының 40 бап, 7 тармағында жүкті әйелдерге ДЗ клиникалық зерттеулерін жүргізуге тыйым салынады деп айтылған. Белгілі қайғылы талидомид оқиғасы АҚШ аймағында тіркелмеді. Тағамдық өнімдерді бақылау ұйымының сарапшысы (Federal Drug Administration) Фрэнсис О. Келси ДЗ жүйке жүйесіне әсері зерттелген клиника алды зерттеулердің қорытындысын жеткіліксіз деп санады, нәтижесінде АҚШ талидомид әсерінен дамыған туа пайда болған аномалиялар тіркелмеді.

Slide 5

Салыстырмалы анализ америкалық, шведтік, австралиялық жіктелудің бір-бірінен көптеген қарама қайшылықтардың бар екенін, тек қана категорияның анықтамасының айырмашылығында ғана емес, ғылыми әдебиеттердегі өзгерістерді анықтады.

Жалпы FDA жіктелуі бойынша А категориясындағы препарттарға қатаң талаптар қойылған. FDA жіктелуі бойынша ҚҚСП (кетопрофен, напроксен, сулиндак, пироксикам, ибупрофен және т. б. ) «В» тобына жатады, ал шведтік және австралиялық жіктеме бойынша «С» .

Slide 6

I. Негізгі бөлім 1. 1. Жүктілік және дәрілік препараттар

Жүкті әйелдер жүкті емес әйелдермен бірдей ДЗ қабылдайды, бірақ тағайындалу жиілігі басқа. Жүктілік кезінде жүктілер үшін арнайы жасалған витаминдерді, поливитиминдерді, микробка қарсы заттарды, анальгетиктер, дерматологиялық препараттарды және демікпеге қарсы дәрілер тағайындалады.

Slide 7

Лекарственные средства, применение которых сопряжено с риском для плода (категория D)

Slide 8

Жүктілік кезінде мүлдем қолдануға болмайтын ДЗ

Андpогендер,

Антибиотиктер қатары аминогликозидтер,

Галотан,

Диэтилстилбестpол,

Дисульфиpам,

Иод-131,

Метилтестостеpон,

Пpогестин,

Изотpетиноин,

Pоаккутан,

Этpетинат,

Тигазон,

Ацитpетин,

Тpиметадон,

Хинин,

Эpготамин,

Эстpогены

Slide 9 Slide 10

ҚҚСП

Жүктілік кезінде қажеттілікке байланысты анальгетиктерді аз мөлшерде қысқа уақыт қолдану. Парацетамол және аз мөлшерде ацетилсалицил қышқылы салыстырмалы түрде қауіпсіз. Наркотикалық емес анальгетиктерді жүктіліктің соңғы кезеңінде қолданған жағдайда ұрықтан және жүкті әйелден қан кетуі мүмкін, Боталлов өзегінің уақытынан ерте жабылуы түрінде асқынуы болуы мүмкін (әсіресе индометацинді және вольтаренді қолданған кезде) .

Slide 11

Антигипертензивті заттар

Жалпы жүктілік кезінде бета-адреноблокаторларды қолдану қарсы көрсетілген. Плацентаның өткізгіштігін төмендетеді, жатыр-плацентарлы қанайналымды төмендетеді, ұрықтың өсуі кешеуілдейді, гипотрофия. Ұрыққа әсері брадикардия, тыныстың кідіруімен, гипогликемия, сарғыштанумен көрінеді. Алайда қарыншаүстілік тахикардия кезінде пропранолол және пиндолол қолдануға болады.

Магний сульфатын жүктілерге босанар алдында қолданса қаңқалық бұлшықеттің тонусы төмендейді.

Тиазидті диуретиктерді қолдану тромбоцитопения және электролитті баланс бұзылысының себебі болады.

иАПФ -ұрықта әртүрлі бұзылыстар- бүйрек жеткіліксіздігі, неонатальды гипотония, ашық артериальный өзек, респираторлы дистресс - синдром, өкпе гипоплазиясы.

Slide 12

Гормональды препараттар

Жүкті әйелдер қыз босанса, 8-17-ші аптасында диэтилстильбэстерол қолданған болса, қынаптың аденокарциномасы даму қаупі жоғары, жыныс мүшелерінде функциональды және анатомиялық ақаулардың болуы: жатыр мойнында көлденең қатпар болуы, Т-тәрізді жатыр, жатыр гипоплазиясы.

Эстрогендерді және прогестинді алғашқы 4 айда қолданбау, себебі жүректің дамуының бұзылысы және ер балада псевдогермафродитиз дамуы мүмкін.

Гормональды контрацептивтердің тератогенді әсері VACTERL синдромы ретінде сипатталады (вертебральды, анальды, кардиальды, трахеальды, эзофагеальды, ренальды аномалиялар) .

ГКС жүктілірге сақтық қолдану керек бүйрекүсті гипоплазиясын дамытады.

Slide 13

Антикоагулянттар

Гепарин плацентадан өтпейді қажеттілік болған жағдайда жүктіліерге қолдануға болады.

Тікелей емес антикоагулянттар плацентадан өзгермеген күйде өтіп ұрыққа қанқұйылуы мүмкін. Бірінші үшайлықта тікелей емес және тератогенді әсер көрсетеді ( мұрынның гипоплазиясы, қолдың қысқаруы, көздің атрофиясы, катаракта) .

Антикоагулянттар түсікке, ұрықтың өліміне және жаңа туылғандарда геморрагиялық көріністерге әкелуі мүмкін. Стрептокиназа плацентадан өтпейді, жүктілік кезінде қалыпты мөлшерінде қолдануға болады.

Slide 14

Тырысуға қарсы заттар

Дифенин 10 % жағдайда құрсақішілік дамуды кешеуілдетеді, әртүрлі бет сүйегінің бұзылысына (қысқа ер тоқым тәрізді мұрын), жүрек аномалиясы және жыныс мүшелерінің, тырнақтың болмауы болуы мүмкін.

Жүктілік кезінде қауіптілігі аздау (барбитураттар және бензодиазепиндер) .

Slide 15

Гипогликемиялық препараттар

Қажет болған жағдайда инсулинді қолдануға болады. Бигуанидтерге қарағанда сульфанилмочевина қауіпсіздеу. Жаңа туған нәрестеде гипогликемия болмау үшін болжамалы босану күнінен төрт күн бұрын тоқтатады.

Slide 16

Антибактериальды препараттар

Ұрық үшін ең қауіпсіз пенициллин, ампициллин

Цефалоспориндерді қолдану К витимин алмасуының төмендеуінен гипотромбинемияға және қан кетуге әкелуі мүмкін.

Сульфаниламидтерді жүктілік кезінде қолдануға болмайды, себебі тератогенді әсері бар, жүктіліктің соңында сарғыштық болуы мүмкін, билирубинді энцефалопатия қауіптілігін жоғарлатады. Әсірсе ұзақ әсер ететін сульфаниламидтер және комбинирленген препараттар қауіпті (ко-тримоксазол) .

Нитрофуран препараттары (нитрофурантоин, фуразидин, фуразолидон) плпцентадан жеңіл өтеді ұрық айналасындағы сұйықтықта жиналады; ұрықта гемолиз шақыруы мүмкін.

Метронидазол бірінші үшайлықта эмбриотоксикалық әсер көрсетеді .

Slide 17

Жертвы талидомидовой катастрофы

Slide 18

ГКС и волчья пасть

Slide 19

Тетрациклин

Тетрациклинді аз мөлшерде жүктіліктің соңғы кезінде қолданса баланың тісі сары болады, сүйек қаңқасының өсуі баяулайды.

Тетрациклиннің көп мөлшерде жүктіліктің соңғы кезеңінде парентеральды қолданса ұрық бауырының жедел майлы дистрофиясына әкеледі.

Slide 20 Slide 21 Slide 22

Жіктелуі

Ұрыққа ДЗ потенциальды қауіптілігін жіктеуде көптеген мемлекеттерде жүктілік кезіндегі қауіптілік категориясы қолданылады. Ең алғаш рет Швецияда 1978 ж. (FASS) енгізілді, әлемде кең таралған келесі жіктелу FDA (1979) . Соның негізінде 1989 ж. Австралиялық жіктелу дайындалды (ADEC) .

Slide 23

FDA бойынша жіктелуі

- А категориясы: бұл топқа кіретін ДЗ барлық жүктілік кезінде ұрыққа зиян келтірмейді (хлорид калий, темір препараттары, поливитаминдер, трийодтиронин) ;

- В категориясы: экспериментальды түрде жүргізген зерттеулер кезінде тератогенді әсер байқалмады, зерттелген жануарлардың анасы осы топқа кірітін ДЗ қабылдағанда балдарында асқынулар болмады (инсулин, аспирин, метронидазол) ;

- С категориясы: жануарларда бұл препараттар тератогенді немесе эмбриотоксикалық әсер көрсетеді (изониазид, фторхинолондар, гентамицин, паркинсонға қарсы препараттар, антидепрессанттар) ;

- D категориясы : ұрыққа шектеулі қауіптілік көрсетеді, алайда тиімділігі жанама әсерінен басым (диазепам, доксициклин, канамицин, диклофенак) ;

- X категориясы : тератогенді әсері дәлелденген препараттар, жүктілік кезінде қолдануға тиым салынады. (изотретиноин, карбамазепин, стрептомицин)

Slide 24

Эмбрион мен ұрықтың ДЗ әсеріне ең әлсіз үш критикалық кезеңі :

I кезең (жүктіліктің 2-ші аптасы) - ДЗ тератогенді әсері өте жоғары, эмбрионның өлімімен, түсікпен аяқталуы мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Дәрілердің әсері
Дәрілік заттардың ұрыққа әсері
Ферментті препарат
Жүктілік патологиясы
Туа пайда болған жүрек ақаулары
Дәрілік заттарды қолданудың жас ерекшеліктері
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері
Атеросклерозға қарсы заттар
Пантотен қышқылы (В 3 дәрумені)
Ананың ТМБ балаға жұқтыру мүмкіншілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz