Мал қораларындағы жарықтандыруды анықтау, есептеу және өлшеу әдістері


Slide 1

Мал қорадағы жарықтылықты анықтау

ОРЫНДАҒАН: АЛИЙ М. , АЗРЕТ Н.

ТЕКСЕРГЕН: ШАРАПОВА У.

Slide 2

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1. Жануарлар ағзасына жарықтың әсері

1. 2. Жарықты анықтау және есептеудің әдістері

1. 3. Жарықты анықтау мақсатына қолданылатын құралдардың жұмыс істеу принципі және құрылысы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

кіріспе

Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы - бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдіктегі және қандайда болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғги ағзаның құрылымы және қызметі бір-біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гоимеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз.

Сыртқы немес қоршаған орта - бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ және ғимарат.

Slide 4

I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. 1. Жануарлар ағзасына жарықтың әсері

Күн радиациясының барлық сәулелерінің (көзге көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін) биологиялық әсері бар және белгілі бір шекте жануар ағзасының физиологиялық функцияларына біршама жағымды әсер етеді. Сондықтан, мал және құс қораларының нормаланған жарықтануы жануарлардың денсаулығын, жоғары өнімділігін және көбеюге қабілеттілігін сақтаудағы маңызды фактор болып табылады.

Күн радиациясы - климаттың маңызды факторы және ауа - райы өзгеруінің негізгі себебі, өйткені атмосферада жүретін әртүрлі құбылыстар күннен алынатын жылу энергиясымен байланысты болады. Сәулелі энергия квант немесе фотон деп аталатын жеке бөлшектер түрінде шығарылады. Жарық толқындарының ұзындығын микрометр (мкм), нанометр (нм) және ангстреммен (Ао) өлшейді.

Slide 5

1. 2. Жарықты анықтау және есептеудің әдістері

Мал қораларындағы табиғи және жасанды жарықтандыруды екі: геометриялық және жарықтық - техникалық әдіспен анықталады.

Табиғи жарықтандыруды анықтаудың геометриялық әдісі (жарық коэффициенті - СК) терезелердің шыныланған бетінің қора еденінің ауданына қатынасымен табылады.

Жарықтандыруды нормалау және бақылаудың бұл әдісі қарапайым, бірақ дәл емес, себебі бірдей жарық коэфициентінің өзінде де қораның әртүрлі бөліктерінде жарықтандырудың бірдей дәрежесі қамтамасыз етілмейді, сондай ақ көптеген маңызды сәттер есепке алынбайды: жергілікті жердің жарықтық климаты, төбеден шағылысқан жарық, терезелердің жарық түсетін жаққа бағдарлануы, қарама қарсы қоралар мен жарықтың көлеңкелейтін әсері, ғимараттың конструктивтік ерекшеліктері.

Табиғи жарықтандырудың сапасының қосымша көрсеткіші жарық ағынының түсу бұрышы мен саңылау бұрышы болып табылады.

Slide 6

Түсу бұрышы (α) өлшеу нүктесінен шығатын екі сызықпен түзіледі. Бір сызық терезе жақтауының шыныланған бөлігінің жоғарғы шетіне барады, екіншісі көлденең сызық. Түсу бұрышының ең аз рұқсат етілетін өлшемі 27о. Түсу бұрышын анықтау үшін бақылау нүктесінен терезеге дейінгі аралық пен осы сызықтың қиылысу нүктесінен терезе жақтауының шыныланған бөлігінің жоғарғы шетіне дейінгі аралығын өлшейді (яғни екі катет) . Түсу бұрышын катеттері белгілі тікбұрышты үшбұрыштың құрылым транспортирімен және табиғи тригонометриялық көлемдер кестесімен есептеуге болады (кесте 1) .

Қарама қарсы орналасқан катеттің жанама катетке қатынасы бойынша түсу бұрышы тангенсін табады. Содан кейін кесте бойынша бұрыштың мәнін табады.

1-кесте - Табиғи тригонометриялық көлемдер

tg α

α

tg α

α

tg α

α

0

0

0, 30

17

1, 00

45

0, 01

1

0, 36

20

1, 15

49

0, 03

2

0, 44

24

1, 39

53

0, 05

3

0, 50

27

1, 60

58

0, 08

5

0, 58

30

2, 05

64

0, 12

7

0, 65

33

2, 47

68

0, 18

10

0, 70

35

3, 07

72

0, 25

14

0, 80

39

Slide 7

1. 3. Жарықты анықтау мақсатына қолданылатын құралдардың жұмыс істеу принципі және құрылысы

Жарықтық-техникалық әдіс - жарық күшін, қораның жарықтануы мен сыртқы жарықтың қарқындылығын фотометр немесе люксметр құралдарының көмегімен өлшеуге қажет. Табиғи жарықтану коэффициенті деп қора ішіндегі көлденең жарықтанудың (Ев), бірмезгілдегі ашық аспан астындағы жарықтануға (Ен) көлденең аудандағы қатынасын айтады. КЕО = Ев/Ен · 100% мұнда: Ев - қора ішіндегі жарықтану, лк; Ен - қора сыртындағы жарықтану, лк. Жарық күші 1 люмен жарық ағынымен 1 м2 беттің жарықтануын сипаттайтын люкспен (лк) анықтайды. Люмен жарық ағыны 5305 ондаған миллиард шаршы метр ауданды платинаның қату температурасындағы қара дене шығаратын абсолютті толық сәулеленумен сипатталады. Объективті люксметр Ю-117 өзара иілгіш сыммен байланысқан, люкспен градуирленген шкаласы әртүрлі тығыздықтағы жарық сүзгілері немесе кедергі шунттарынан, жарыққа сезімтал селен фотоэлементінен, тілшелі гальванометрден тұрады. Гальванометрдің 50 бөлікке бөлінген жарықты өлшеудің үш диапазонымен берілген айналы шкаласы бар (лк) : 0-25, 0-100, 0-500. Жарықтанудың күшті қарқындылығында (500 лк жоғары) фотоэлемент корпусына күңгірт жарықжұтқыштарды кигізеді, олар шектерді 100 есеге, яғни 5 лк дейін арттырады. Жарықжұтқышты қолданғанда сандық көлемді 100-ге көбейтеді.

Slide 8

Сурет 1 - Люксметр

ЛД люминесцентті шамды қорадағы жасанды жарықты өлшегенде люксметрдің көрсеткішін 0, 9 түзету коэффициентіне, ал ЛБ шамды қорада -1, 15 коэффициентіне, ал кәдімгі қыздыру шамдарында-0, 8 коэффициентіне көбейту қажет.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Табиғи жарықтандыруды есептеу және өлшеу әдістері
Ауаның ылғалдылығын анықтау әдістері және мал қораларындағы әсері мен бақылау шаралары
Жасанды жарықтандыруды есептеу және нормаланған минималды жарық деңгейін анықтау
Мал етін ветеринариялық-санитариялық сараптау және ауру мал етін анықтау әдістері
Мал несебіндегі индикан, ацетон және сірке қышқылын анықтау әдістері
Өлшеу қателіктерінің жіктелуі мен өлшеу әдістері
Мал шаруашылығындағы бедеуліктің экономикалық және экологиялық шығындары: себептері, жіктелуі мен есептеу әдістері
Ірі қара малдың сүт және ет өнімділігі: анықтау және есептеу әдістері
Өлшеу қателері теориясы: қажетті және артық өлшеулер, қателер түрлері және оларды анықтау мен болдырмау әдістері
Метрология негіздері: өлшеу әдістері, өлшеу құралдары және қателіктердің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz