Психикалық тәуелділік синдромы


Slide 1

Тақырыбы: Маскүнемдік әлемдік проблема

Тобы:СТК-311

Орындаған:Мулькибай Н. Ж

Қабылдаған: Байзакова Б. У

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Slide 2

Жоспары:

Маскүнемдік дегеніміз не?

Маскүнемдік себептері

Маскүнемдік симптомдары

Олардың зардаптары

Емдеу жолдары

Маскүнемдіктен арылу

Slide 3

МАСКҮНЕМДІК - ҮЛКЕН ДЕРТ Денсаулық пен қоғамға зиянды әрекеттердің бірі - ішімдікке салыну. Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстой алкоголь туралы былай деп жазған болатын: «Арақ - адамның есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қылмысқа итермелейді».

Slide 4

Ішімдікті тұтынудың таралуы туралы тексерілген ұлттық мәліметтер жоқ. Соңғы уақыттарда республикада маскүнемдікке салынған адамдар санының өсіп келе жатқаны көрініп отыр. Маскүнемдік психоздардың саны үш есе өскен, олардың ішінде ауыр түріндегілері басым. 1987 жылы ішімдік ішу нәтижесінде өмірінде бірінші рет мінез-құлқы мен психикасы бұзылған 37689 адам есепке алынған.

Slide 5 Slide 6

Қазіргі кезде жүрек-қан тамырлары аурулары өлімге душар етуі жағынан бірінші орынға шықты, ал әзірге ем-дауасы жоқ қатерлі дерт - рак. Үшінші орынға шыққан макүнемдік те қыруар адам өмірін жалмауда.

Slide 7

Маскүнемдік - денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін уландырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының бұзылуы, қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен жұрдай болуы осының салдарынан.

Slide 8 Slide 9

Ішімдікке салынған адамның рухани байлығы азаяды, есілдерті араққа ғана ауады. Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне пайдалы сөлдердің бөлінуін тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әр түрлі қауіпті ауруларға ұрындырады (церроз, созылмалы бауыр ауруы, өкпе эсземасы, стенокардия, полиневрит, тағы басқалар) .

Slide 10

Маскүнемдік белгілері арақты үнемі қолданып отырғанынан көрінеді. Маскүнемдіктің ауру сатысына өтуі оның төрт синдромымен анықталады:

Slide 11

Реактивтіліктің өзгерген синдромы

Ішімдік сусындарын көтеру өзгерісі;

Арақты көп қолданудағы қорғаныс реакциясының жоғалуы;

Масаюдан болған амнезия.

Slide 12

Психикалық тәуелділік синдромы

Сау кезіндегі психикалық ыңғайсыздық;

Мас кезіндегі психикалық функцияның жақсаруы

Slide 13

Физикалық тәуелділік синдромы

Мас кезіндегі физикалық қажеттілік;

Ішімдік мөлшеріне көз тоймаушылық

Slide 14

Психикалық, неврологиялық, соматикалық орта мен әлеуметтік қызметкерлікте созылмалы интоксикация нәтижесіндегі синдром.

Slide 15 Slide 16

Психикалық нәтижесі: астения, психопатизация, тұлғалықтың төмендеуі(қызығушылықтың жойылуы), аффектілі бұзылыс (депрессия, дситрофия) .

Неврологиялық нәтижесі: периферитикалық невриттер, көру, есту нервтер атрофиясы.

Соматикалық нәтижесі: жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу мүшесінің, асқазан, бауыр зақымдануы.

Slide 17 Slide 18

Маскүнемдіктің зардаптары

Маскүнемдік - медицина ұғымында спиртті ішімдіктерді салынып ішуден болатын ауру. Оның жедел және созылмалы түрі болады. Арақ асқазанда тез сіңіп, қанмен денеге тарап, ми жасушаларын уландырады да, адамның көңіл-күйін өзгертіп, ұстамсыз ұшқалақтыққа душар етеді. Маскүнем орынсыз сөйлейді, мақтанады.

Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23

Орталық жүйке жүйесі улана келе маскүнем есінен танады, не істеп, не қойғанын білмейді. Мастық 5-6 сағаттан ұзамайды. Адамның ой-өрісі, сана-сезімі азғындап, күш-жігері төмендейді. Денеде зат алмасу процесі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады, отбасына, тіпті өзіне-өзі де сенбейді, ұйқысы қашады. Жалқау, өзімшіл, ұмытшақ келеді. Ішуді қоймай ауру асқынып кетсе, маскүнем жынданады.

Slide 24

Маскүнемдік арақты күн сайын аздап ішуден басталады да, біртіндеп құмарлыққа берілгенін өзі де сезбей қалады. Ішімдікке салынған адамның құлқы бұзылады, «көзіне қос көрініп», кейде бір нәрселер елестейді. Қорқыныш пайда болып, шошып оянады, көңілсіздік туады, сандырақтайды. Ауру ұзаған сайын адам өзіне-өзі сенбейтін болады, жұрт оның соңына түсіп, аңдып, істеген ісін теріске жоритындай жалған сезім пайда болады.

Slide 25

Алкоголь психозының бірнеше түрі бар. Соның бірі - маскүнем елесі. Мұндай науқастың буындары дірілдеп, селкілдейді, ұйқысы қашады. Түсінде түрлі жат заттар: айуандар, «жын-шайтандар» көреді, сондықтан да айқайлап, шошып оянады, кез-келгенге жабысады. Ал полиневротикалық маскүнем психозына шалдыққанда адам есінен айырылып, ұмытшақтыққа ұшырайды, өзінің қайда болғанын, не есітіп, не көргенін, қашан тамақтанғанын да білмейді.

Slide 26 Slide 27

Науқас баяу қимылдайды, шаршағыш келеді және шеткі жүйке тамырлары шымырлап ауырады. Бұл ауру көбінесе маскүнем елесінен кейін басталады. Ауру асқынып барып, созылмалы түрге айналады.

Slide 28 Slide 29

Орыстың ұлы физиологы И. П. Павлов 20-30 г. арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 16-17 пайыз төмендететінін дәлелдеген болатын. Үнемі ішімдікке салыну ұрпақтың денсаулығына да зиянын тигізбей қоймайды. Нәресте шала тууы немесе ақыл-ойы кем болып тууы мүмкін. Алкогольдің зиянды зардаптары әйелдерге ерекше байқалады. Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары алкогольге бейім болып туылады.

Slide 30

Қалада болсын, ауылда болсын спирттік ішімдіктер сататын орындар, дүкендер, кафе, барлар жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай дүрілдеп өсуде. Осыншама дүкен, кафе, барлардың қажеттілігі бар ма? Олар кімге пайда, кімге зиян келтіруде? Олар біздің қоғамымызға соншалықты қажет пе?

Slide 31

Мереке той жиындарда бірін-бірі ішімдік ішуге қинау, маскүнемдікке итермелеу деген сөз. Сөйтіп «қуанышқа» деп ішкен арақ ақырында қайғыға әкеп соқтырады. Ол біздің қазақ мұсылмандарына жат қылық. Сондықтан ішкілікке қарсы көпшілік болып бітіспес күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана өміріміз сәнді де мәнді бола түседі.

Slide 32 Slide 33

Егерде маскүнем деген диагноз қойылса, онда оны емханаға 3 жылға тіркеуге алынады. Мамандардың айтқанын орындап, дегенін істесе, тіркеуден алынады. Маскүнемдер екі диагнозбен түседі. Бірі - эпизодтық, екіншісі - тәуелділік. Қауіптісі - тәуелділік, сондықтан оны емдеу қиынға түседі. Кез-келген дәрігер психолог болуы керек. Алдымен ол адам не үшін араққа салынып кеткенін анықтап алу қажет.

Slide 34

Оған не түрткі болды, отбасы жағдайы қандай деген сияқты сұрақтарды қою арқылы себебін ашуға болады. Соған қатысты кеңестер беруі тиіс. Бүгінде көмек іздеп адамдар неше түрлі емшілерге барып жатады, бірақ мен емшінің арқасында қойып кетті дегенді естіген жоқпын. Жоғарыда айтылған диагноздың бірі сізде байқалса, қорықпай емделуге шақырамыз. Ем қабылдау тегін.

Slide 35 Slide 36
Ұқсас жұмыстар
Наркологиялық аурулар этиологиясы
Алкоголизм кезеңдері
Дәрілік зат
Тыныстың тежелуі
Тәуелділік шақыратын дәрілік заттар
Сананың өшу синдромдары
Психоактивті зат
Тыныштандырғыш заттар
Дәрілік тәуелділік шақыратын заттар
Психикалық аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz