Тапсырыс калькуляциялау ведомості
Презентация қосу
Презентация
Өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері.
ЖОСПАР:
Кіріспе
1. Калькуляцияның жалпы түсiнiгi.
2. Қазақстанда қолданылатын шығындар есебi мен өнiмнiң
өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi.
3. Халықаралық тәжiрибеде қолданылатын шығындар есебi
мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi.
4. Тапсырыстық әдіс.
5. Орындалған контрактан алынған пайда есебі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
. калькуляциялау басты мәселелердің бірі
Қәзіргі кезде отандық бухгалтерлік есептің тәжірибесінде өндірістік шығындардың
құрамыннақты анықтау, онімнің өзіндік құнын
болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс шығындарының есебін жүйелі жүргізу
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттырады.
Шаруашылық субъектісінің өндірістік қызметін басқарудың жүйесін қайта ұйымдастыру
немесе құру отандық өндірістік есебіне, яғни "өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен
өндіріске кеткен шығындар есебіне" ұғымдық жағынан принципиальды жаңа талаптар
қояды.
Өнімнің өзіндік құннын калькуляциялаумен өндіріс шығындарынның есебі бойынша
нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялау мен шығындар есебінің
әдістеріне жеткілікті және анық ұғымды бермейді, ал көптеген танымал авторлардың берген
ұғымы бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Ол өндірісте шығындардың басқарушы есебін
құрудан, шығындардың жіктеу қағидаларын таңдаудан, шығындар есебінің номенклатуралық
объектісінен (бұйым, тапсырыс, өңдеу, шығындардың пайда болу орны т.б.), сатылған мен
дайын өнімнің және аяқталмаған өнімнің өзіндік құнын тарату әдістерінен, шығындарды
тікелей қаржылық нәтижелерге жатқызу жолымен өтеуден тұрады.
Басқарушы есеп жүйесінен басқа да маңызды жағы бар, ол өндіріс шығындарының
есебін және калькуляциялау процесін өнімді шығарумен байланысты екенін ескеретін біртұтас
есептік процесі ретінде қарастырылады. Бұл кезде шығындар есебінің объектісін таңдау ішкі
есеп беру көрсеткіштерінің жүйесін, басқарудың әр түрлі мақсаттар үшін калькуляциялық
есеп берудің кезеңділігін анықтайды.
Өнiмнiң өзiндiк құны – өндiрiске және өнiмдi сатуға кеткен ақшалай түрiндегi
шығындарды айтамыз.
1.Калькуляцияның жалпы түсiнiгi.
Калькуляциялау дегенiмiз - өнiмнiң (атқарылған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер)
өзiндiк құнын есептеу немесе өнiмнiң бiр өлшемiнiң өзiндiк құнын есептеу болып табылады. Ол
кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді
уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін
арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған,
нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға
белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс
пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға
ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері
бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция
барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім
бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.
Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау жайында Васин Ф.П. - ол жалпы
шаруашылық субъектісі бойынша да, өнім түрлері мен оның бірліктері бойынша да,
өндіріспенжәне оны сатуға байланысты шығындарды есептеп шығару деп түсіндіреді.
Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын калькуляциялауды шартты түрде үш
кезеңге бөлуге болады.
Бірінші - кезеңде жалпы барлық шығарылған өнімнің өзіндік құны есептелінеді;
Екінші - әрбір өнім бойынша нақты өзіндік құны (немесе "шығындарды тарату");
Үшінші - өнім (орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызметтің) бірлгінің өзіндік құны.
Калькуляциялық бiрлiк
Калькуляциялаудың объектiсi болып кәсiпорында калькуляцияланатын өнiм
түрлерi, жұмыстар, қызметтер жатады.
Шығындар есеп объектiсi мен калькуляциялау объектiсi әрқашанда сәйкес келе
бермейдi. Мысалға, мал шаруашылығында шығындардың есеп объектiсi болып сүттi
табын болып табылады, ал калькуляциялау объектiсi- сол табынның сүтi, төлi, қиы.
Әдетте, калькуляциялық бiрлiк тиiстi өнiмнiң техникалық немесе стандарттық
құжаттарда белгiленген өлшем бiрлiгiне сәйкес келуi тиiс. lс-жүзiндегi тәжiрибеде
пайдаланатын калькуляциялық өлшем бiрлiктерiн келесi топқа бiрiктiруге болады:
натуральды бiрлiктерi – дана, литр, килограмм, тонна, метр және т.б.
iрiлендiрiлген (иесiздендiрiлген) бiрлiгi- тiгiн бұйымының прейскуранттақ нөмiрi,
белгiлi бiр артикульдағы жүз жҮп аяқ киiмi және т.б.
өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау үшiн пайдаланылатын шартты – натуралды
бiрлiк;
құндық бiрлiгi ;
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға әсер ететін негізгі
факторлар:
Өндіріс типі
Өндірістің күрделігі
Шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты
Өндіріс циклының ұзақтығы
Аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және
көлемі
2.Қазақстанда қолданылатын өндiрiс шығындарын есепке
алу әдiстерi және өзiндiк құнның калькуляциялары
Тапсырыстық әдіс
Қарапайым Процестік әдіс
әдіс КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
ӘДІСТЕР
Нормативтік әдіс
Процесстік әдіс – үздіксіз үрдісті қамтитын өндіріс. Бұндай
өндірістердегі өнімнің шығарылымының дәстүрлі нұсқасы өндірістің жаппай
типінде қолданылады, ол төрт негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
1. ұзақ емес өндірістік кезең;
2. өнімнің шектеулі номенклатурасы;
3. барлық өнімнің бір сипаттамасының болуы;
4. шалафабрикаттар мен аяқталмаған өндірістің мүлдем болмауы немесе
мардымсыз үлесі.
Бұндай салалардың мысалы ретінде өндіруші (мұнай-газ, көмір және
т.б.), көлік және энергетика болады. Шығындар есебінің көлемі мен
калькуляцияобъектісі ретінде дайын өнім саналады.
3.Халықаралық тәжiрибеде қолданылатын өндiрiс
шығындарын есепке алу әдiстерi және өзiндiк құнның
калькуляциялары
Шетелдік
әдістер
“Абзорпшн- “Стандарт- “Директ- “Таргет-
костинг” костинг” костинг” костинг”
Елімізде соңғы жылдары кәсіпорындардың есеп саясатында шетелдік
тәжірибедегі өндірістік шығындарын есепке алу әдістері мен өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялаудың жаңа тәсілдері кең ауқымда қолданылып жатыр.
Әрбір калькуляциялау әдісінің өзіндік ерекшелігі мен тиімділігіне байланысты,
кәсіпорынның қызмет көрсету саласына байланысты қолайлысын есеп
саясатына енгізеді. Қай әдісті қолдану жөнінде шешімді бас бухгалтер мен
кәсіпорын басшысы қабылдайды.
“СТАНДАРТ-
КОСТИНГ”
ӘДІСІ.
“ДИРЕКТ-КОСТИНГ” ӘДІСІ
НОРМАТИВТІК
ӘДІС
4.ТАПСЫРЫСТЫҚ ӘДІС.
Тапсырыстық әдіс - өзінің атауын өндірістегі калькуляциялау объектісі өндірілген
өнімдерге, істелінген жұмыстары мен қызмет тапсырысына байланысты болды. Ережеге
сәйкес әрбір тапсырыс бөлек тапсырыс иесі, тұтынушы, мердігер болу қажет. Әдіс тек қана
арнайы шарттар қолдануы мүмкін,осыдан негізгі материалдар, негізгі өндіріс
жұмысшылардың еңбекақысы мен одан аударымдар және басқа да шығыстардың белгілі бір
өнім, қызмет немесе жұмысты көп не аз мөлшерде жеңіл идентификациялау болып
табылады.
Тапсырыстық калкуляция әдісінің
ерекшеліктері:
Барлық шығарылған
шығындар туралы
Уақыт аралығындағы
мәләметтер Тек бір ғана шотты
емес, аяқталмаған
шоғырландырып және жүргізу, “аяқталмаған
әрбір партия бойынша
оларды жеке жұмыс өндіріс” шотында
шығындарды
түрлері мен дайын көрсетіледі.
шоғырландыру;
өнім партияларына
жатқызу;
Тапсырыстық әдіс қолданылады:
Бірлік немесе кішігірім сериалы өнімді өндіру немесе жұмыстын орындалуы ең маңыздысы
өндірістегі өнім түрінің ерекше болуы не басқа тапсырыстардың мәнді болуы талап етілсе;
Қиын немесе ірі өнімді өндіруде;
Өндірістегі ұзақ мерзімді технологиялық циклде;
Үлкен көлемде әр түрлі өнім өндіруге, оның көп бөлігі қайталанбайтын және үлкен көлемде
бөлек тапсырыстар бойынша шығарылғанда;
Технологиялық маманданған жұмыс орындары мен белгілі операциялардың тұрақты
бекітілуін қамтамасыздандыра алмауы мен жұмыс орындарын бөлшектегенде;
Ережеге сәйкес әмбебап құрал-жабдықтар мен биінулерді қолдануда;
Жинақталған және дәлелденген операцияның үлесі үлкен көлеміне байланысты болуда;
Жұмысшылар арасында жан жақты жоғарғы маманданған жұмысшылардың бар болуында;
Ұзақ мерзімді өнімді өндіру;
Тапсырыстің жүзеге асырылуын үшін комплекстік бөлшектен басқа екі
технологиялық операцияларды жинақтау және сынау қажет.
Тапсырыстың өзіндік құны құралады:
Тапсырыстықа кіретін бөлшектер өзіндік құны;
Екі технологияның операцияларын жүзеге асыру шығыны;
Берілген тапсырысқа жанама үстеме шығындарды есептеу;
Кәсіпорынның есепке алу саясатында жанама жалпы шаруашылық шығындар өнімнің
өзіндік құнына кірістірілмейтіндігі анықталады.
Тапсырыстық әдiсте қолданылатын 3 саланы айта кетуге болады:
•арнайы және жеке тапсырыс бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпорындар. Шығындар
есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi әрбiр тапсырыс болып табылады.
•тауарлар партиясының өндiрiсi. Шығындар есебiнiң объектiсi мен
калькуляциялаудың объектiсi өндiрiстiк наряд болады, ол өзiне өнiмнiң белгiлi
бiрлiктерiнен тұрады.
•контракт бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпорындар. Шығындар есебiнiң объектiсi мен
калькуляциялаудың объектiсi әрбiр контракт болады.
Тапсырыстық калькуляция келесiдей принциптер есебiн және шығындар
жиынтығын қарастырады.
Бiрiншi принцип. Барлық тiкелей шығындар әрбiр тапсырыс, өндiрiстiк наряд немесе
контракт бойынша есепке алынады.
Екiншi принцип. Қалған барлық шығындар туындау жерi бойынша және
қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес калькуляция бiрлiгiнiң өзiндiк құнына
енгiзiледi.
Тапсырыстық калькуляциялаудың орталық элементi және
негiзгi есеп регистрi тапсырыс карточкасы болады.
Әрбiр тапсырысқа жеке карточка ашылады.Әрбiр тапсырысқа код берiледi.
Ол код тапсырыстың шығыдар есебi карточкасына, сондай-ақ материалдар
шығысы, еңбек ақысы және т.б. шығындар бойынша барлық бухгалтерлiк
құжаттарына қойылады.
Тәжiрибеде калькуляциялау мақсаты үшiн:
бiрiншден, негiзгi өндiрiс шоты қолданылады. Аналитикалық шоттар саны
кәсiпорында орналастырылған тапсырыстар санымен сәйкес болуы қажет;.
екiншiден, аналитикалық есептiң регистрi ретiнде әрбiр тапсырыс
бойынша журнал ашылады.
Тапсырыс карточкасын толтыру үшiн төмендiгiдей негiзгi құжаттар
қолданылады:
материалдарды босатуға талаптар;
жұмыс талоны (наряд)
Тапсырыс есебiнiң карточкасы
Тапсырыс N_________________
Қорлар үшiн Сатып алушы ____________________
Өнiм _______________________ жұмыстың Жұмыстың аяқталу
басталу мерзiмi ________ мерзiмi ____________
А цехы
Негiзгi материалдар өндiрiстiң негiзгi еңбек ақысы Жалпы өндiрiстiк
( тiкелей қатысты) шығындар
Мерзiмi құжат түрi Сомасы мерзiмi құжат түрi Сомасы мерзiмi Сомасы
(талаптамаN) (наряд)
Б цехы
Негiзгi материалдар өндiрiстiң негiзгi еңбек ақысы Жалпы өндiрiстiк
( тiкелей қатысты) шығындар
Мерзiмi құжат түрi Сомасы мерзiмi құжат түрi сомасы мерзiмi Сомасы
(талаптамаN) (наряд)
Барлық шығындар
А цехы Б цехы Барлығы
Негiзгi материалдар … … …
өндiрiстiк жұмысшылардың негiзгi еңбек ақысы … … …
Жалпы өндiрiстiк шығындар … … …
Барлығы … … …
Тапсырыстын өзіндік құнын калькуляциялау.
Тапсырыс калькуляциялау ведомості
Құрылым шығыны
Құрушы бөлімдер Өзіндік құн бірлігі Бірлік саны Барлығы
Бөлшек 1
Бөлшек 2
Бөлшек 3
Барлығы
Операция Шығын бабы Шығын көлемі Барлығы
Операция 1
Операция 2
Барлығы
Үстеме шығындар
Бап Шығын көлемі
Барлығы
Жалпы түрде жанама шығындар схемасы келісіде: Шығынды тарату объектісін таңдайды;
Тартылған шығындар базасын таңданады – көрсеткіш түрі, оны қолдануы шығындар
таратуын жүргізуге болады;
Трату коэффициенті таратылған жанама шығыннның көлемін таңдалған тарату
базасының көлеміне шегергені есептеледі.
Әрбір объектіге келетін жанама шығынның көлемін таратылған шығынның көлеміне
тарату базасына сәйкес келетін берілген объектіге көбейту арқылы анықтауға болады;
Осы схеманы мысалда қарастырайық:
Мысалы, жалпы өндірістік шығындар белгілі кезеңінде есептелген,
өндірілген өнімді тарату қажет, яғни жанама шығындар үстеме шығыстар,
өндірілген өнімге тарату әдісін жүргізу қажет. Тарату базасы – негізгі өндіріс
жұмысшыларының еңбекақының шығындары болып табылады.
Жалпы өндірістік шығынның көлемі 39 250 теңге. Негізгі өндіріс
жұмысшыларының еңбекақы – 40 000теңге. Трату ставкасын табу қажет.
Тарату ставка = Жалпы өндірістік шығын / Еңбекақы=39 250/40 000=0,9812
Жалпы өндірістік шығынды тарату ставкасы негізінде өнімнің белгілі түріне
есептеулер жүргізіледі.
Тура шығынның бірлігі:
Негізгі шикізат пен материалдар -400теңге
Негізгі өндіріс жұмысшылардың еңбекақы -800теңге
Онда өнімге үстеме шығындарды тарату:
Негізгі өндіріс жұмысшылардың еңбекақысын * жұмыс ставкасына =
800*0,9812=785теңге
Осыдан, бірлік А өнімнің (тура және үстеме шығын соммасы) өндірістік
өзіндік құны құралады: 400+800+785=1985теңге
Мысалда қарапайым бір сатылы тарату қарастырылған.
4. Контракт бойынша өзiндiк құнның калькуляциясы
Контракт бойынша өзiндiк құнның калькуляциясы – бұл өндiрiсi әдетте көп
уақытты талап ететiн салыстырмалы үлкен өнiм бiрлiктерiнде қолданылатын
тапсырыстық калькуляциялау жүйесi болып табылады. Мысалы мұндай өндiрiске
құрылыс, iрi машина құрылысы, су құрылысы және тағы басқа.
Бұл кәсiпорындар бiр жалпы сипаттары:
жұмыстың орындалу мерзiмi бiрнеше айларды немесе жылдарды құрайды;
әдетте, орындаушының ғимаратында емес жұмыс құрылыс объектi орналасу
жерiнде орындалады.
Әрбiр контракт шығындар есебi объектiсi мен калькуляциялаудың жеке бiрлiгi
ретiнде қарастырылады. Бас кiтапта әрбiр контрактқа жеке шот ашылады.
Контракт бойынша жұмысты жүзеге асырудың төмендегiдей ерекшелiктерi бар:
өндiрiстiк жабдықтар және субподряд бойынша тiкелей шығындарының болуы;
эксперттiң немесе архитектордың қорытындысына (инспектордың
сертификатымен) сәйкес тапсырыс берушiлерден аралық төлемдерiн алу мүмкiндiгi.
өндiрiстегi кемшiлiктердi (дефектердi) жою кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн
қабылданған жұмыс құнының белгiлi бiр бөлiгiн тапсырыс берушi тарапынан
ұсталып қалу мүмкiндiгi.
Әрбiр контракт шотында шығындарды есепке алудың принциптерi
келесiдей:
1) контракт бойынша барлық тiкелей шығындар – негiзгi материалдар және
негiзгi өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы- дебеттеледi. Сонымен қатар
контракт бойынша еңбек ақы қатарына қосылатындар:
жоспарды және құжаттарды қарастыру бойынша офис жұмыстары
құрылыстық участоктағы жұмысшылардың еңбек ақысы.
2) Белгiлi бiр контракт үшiн арнайы сатып алынған өндiрiстiк жабдықтар және
құрылғылар сатып алу өзiндiк құны бойынша дебеттеледi. Егерде өндiрiстiк
жабдықтар бiр контракттан екiншi контрактқа ауысатын болса, онда алғашқы
контракт кредиттелiп келесi контракт дебеттеленедi.
3) Субподяд (мердiгерлердiң) жұмыстары тiкелей шығындар ретiнде
қарастырылып, контракттың шотында дебеттеледi;
4) үстеме шығындар қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес бөлiп
таратылады және контракт шотының дебетiнде есепке алынады;
5) контрактының бағасы контракт шотының кредитiне жазылады.
Сонымен әрбiр контракт шоты табыс және зиян шоты көрiнiсiне ұқсас келедi.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық
жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын
табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы
сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе
материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің
ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе
төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың
көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару
қабілетімен жүзеге асыра алады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің
өзіндікқұны болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай
нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс
тиімділігін анықтайды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. https://malimetter.kz/kalkulyaciyalau-tusinigi-turleri-zhane-kalkulyaciyalyk-
birlikteri/
2. https://prezi.com/00u-sp8h0ob_/presentation/
3. https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fppt-
4. https://studfile.net/preview/5331575/page:3/
5. https://stud.kz/prezentatsiya/id/16115#&gid=1&pid=1
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz