Таспа құрттар



СӨЖ
Орындағандар: Жансерикова Гүлжайна
Кочерова Раушан
Тексерген: Батаева Д. С.

Таспа құрттар

Сабақтың жоспары:

Таспа құрт
Таспа құрт

Классификациясы
Патшалық- Көпклеткалылар(Metazoa)
Тип-Жалпақ құрттар(Рlatodes)
Клас-Таспа құрттар класы(Cestoda)
Отряд-Таспа құрттар (pseudophyllidea
Өкілі-Таспа құрт
(Diphyllobothrium latum)

Таспа Құрттардың құрылысы мен физиологиясы
Денесі барынша созылыңқы, арқа-құрсақ бағытында жалпайып келген, лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15 м-ге дейін. Денесі проглоттидтер деп аталатын жеке буындардан тұрады, ал проглоттидтердің тізбегі стробила дейді. Бөлшектенбеген мойыны және бip катар буындар саны 2-4-тен бірнеше мыңға жетеді. Буындардың, немесе проглоттидтердің пішіні мойынынан қашықтаған сайын езгере береді. Алдыңғы буындары қысқа, гермафродитті немесе пісіп жетілмеген буындар деп аталады, артқы жағындағы буындары ұзынырақ, жалпактау - пісіп жетілген.
Басы немесе сколеті домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді.

Таспа құрттардың құрылысы мен физиологиясы
Базальды мембранасының астында бұлшықет талшықтарының шумағынан құралған тepi-бұлшықет қабы жатады. Оның ішінде сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттер қабаты, сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вентральды) бұлшықеттеріде орналасқан. Құрттар бұлшықеттерін жиырып қозғалады.
Tacna құрттардың тepi жабындысында көптеген кірпікшелі өсінділері бар. Кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар деп аталады, өте ұсақ, тек электронды микроскоп арқылы көрінеді, құрттың қорсктенуінде маңызды қызмст атқарады.

Таспа құрттардың көрінісі

Таспа құрт құрылысы
1-бұлшық ет қабаты, 2-паренхима, 3-ішкі сақиналы қабат, 4-дорсо вентральды бұлшықеттері, 5-зәр шығару мүшесінің бүйірлік жүйесі, 6-бүйірлік нерв магистралі, 7-жыныс мүшелерінің бөліктері

Таспа құрттың ас қорыту жүйесі
Tacna құрттардың тағы бip ерекшелігі - ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Иесінің ортаңғы ішегіндe паразиттік тіршілік етуіне байланысты, қорытылған қоректік сұйық заттың ішінде батып жатады. Осы қорытылған қоректік затты паразиттер сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының бетінде орналасқан көптеген кірпікшелi өсінділер - микротрихиялар арқылы сіңіреді.

Таспа құрттардың Нерв жүйесі
Нерв жүйесі сезім мүшелері нашар дамыған. Орталық жүйке жүйесі жұп ми түйінінен тұрады. Бұл екі түйін бас бөлімінде орналасып, өзінен артқа карай бірнеше жұп нерв бағаналарын таратады. Бағаналар өзара көлденең байланысып, ортогонды нерв жуйесін кұрайды. Ерекше дамыған eкі бағана дененің бүйірінен өтіп, өзінен көптеген тармақтарды бөледі олар езара тұтасып тepi асты нерв қабатын түзеді.
Сезім мүшелері денесінің беткі жағында сезу клеткалары түрінде шашырап таралған. Көп мөлшерде олар бас бөлімінде (сколексте) кездеседі.

Таспа құрттардың Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесі - протонсфридиялы. Денесінің бүйірі жағынан ұзына бойына созылған eкі негізгі зәр шығару түтіктері өтеді.
Зәр шығару жүйесіндегі бүйірлі түтіктерден дене ішіне (паренхимаға) қарай көптеген түтікшелер тарап, олар бос ұшында жұлдыз тәрізді “кірпікше жалынды” терминальды клеткалармен аяқталады. Терминальды кпетклар аркылы жиналған несеп заттар түтікшелерге өтіп, негізгі түтіктер арқылы сыртқа шығарылады.

Қан айналым және тыныс алу жүйесі
Қан айналым және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады.

Таспа құрттардың көбеюі
Жыныс жүйесі қос жынысты. Жыныс жүйесінің құрылысына тоқталсақ, жыныс мүшесінің кішкене басы, қысқа мойны және буындардан құралған ұзын 10-20 м-ге жуық денесі болады. Kөnipшiк пішінді аталық бездері паренхиманың арасында шашырап орналасқан. Аталық бездерінің тұқым шығару түтiктepi бipiгin ортақ аталық жолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп шағылыс мүшесіне айналып, буынның бүйір бөлігіндегі жыныс клоакасына еніп жатады. Аналық мүшеci тарамдалған екі аналық бездерден құралып, аналық жолы арқылы оотипке ашылады. Оотипке екінші жағынан сарыуыз безі де ашылады. Оотиптен eкi канал шығады. Бipeyi қынап, аталық жолымен қатар созылып жыныс клоакасына ашылады, eкіншісі буынның алдыңғы бөлігіне бағытталып тұйық бітетін жатын. Жумыртқа клеткалары аналық безінен оотипке түсіп, осы жерден қынап арқылы келетін сперматозоидтармен қосылып ұрықтанады да, сарыуыз және қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға өтеді.

Таспа құрттардың дамуы
Аналық және аталық ұрықтанғаннан кейін, саруыз бен қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға да өтеді де дамудың бірінші сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны өте көп болады, сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша гермафродитті буын “nicin жетілген” буынға айналады. Денесінің соңғры жағындағы nicin жетілген буындар үзіліn, иесінің ішегінен сыртқа шығарылады.
Черви жұмыртқасы
Аралық иесі
Личинка жұмыртқасының жарылуы
Тұрақты иесі
Ересек таспа құрт

Таспа құрттардың дамуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz