Цирконий тотығың қаңқасының қалындығы


Slide 1

Тақырыбы: ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ СЫҒЫМДАЛҒАН КЕРАМИКА. БАҚША ЖҮЙЕСІ/ӨЗІ, СЕRЕС (ФРЕЗИРЛЕНГЕН КЕРАМ

Қазақстан-Ресей Медициналык Университеті

Орындаған:Надирова тексерген:Сатбек Мысырович

Slide 2

Автоматты жоспарлау мен тіс протездерін дайындау техникасы.

Бүкіл әлемде автоматты жоспарлау жүйесін, яғни CAD (Computer-Aided Design) сөзі қолданылады, ал автоматты өңдіру жүйесінде - CAM (Computer-Aided Manufacturing) сөзі ретінде қолданылады.

CAD компьютерлік технологиясын қолдана отырып түрліше объектілерді моделдеудің геометриялық аймағын анықтайды, ал CAM термині өңдіру технологиясында геометриялық есептерді шешу автоматизациясын білдіреді. Бұл аспаптың қозғалысының траекториясын өлшеу болып табылады.

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Технология екі бағытта дамыды.

Біріншісі - жеке CAD/CAM жүйелер. Рестоврацияны бір реттік дәргігерге көрінгенде жасауға мүмкіндік бар, кейде стоматология кабинетінде және пациенттің көзінше (CEREC 3, Sirona Dental Systems GmbH, Germany) . Бұндай жүйелердің негізгі артықшылығы, ол әртүрлі конструкцияны орындап жасаудағы оперативтілік.

Бір қабатты толық керамикалы сауытты дайындау үшін тісті егеуден бастап, сауытты бекітуге дейін CEREC 3 жүйесі арқасында 1-1, 5 сағат кетер еді.

Slide 7 Slide 8

CAD/CAM екінші бағыты - бұл орталықтанған жүйелер.

Оған тапсырма арқылы конструкциялардың кең ассортиментін дайындайтын бір өңдіруші жоғары технологиялық орталық пен одан алыстаған перифериялық жұмыс станциялар (РroCERA, Nobel Biocare, Sweden) жатады.

Slide 9

Барлық жаңа заманғы стоматологиялық CAD/CAM жүйелердің жұмыс істеу принциптері:

1. Арнайы құрылғылар көмегімен протез беткейінің рельефтері туралы мәліметтерді жинау және сол жиналған мағлұматтарды компьютерлік өңдеуге информационды сандық форматқа пішімдеу.

2. Компьютердің көмегімен және дәрігердің қалауын ескере отырып, болашақ протездің конструкциясының мүсінің құру.

3. Конструкциялы материалдардан сандық программалы баскаруы бар жиналған мәліметтер негізінде тіс протезін дайындау.

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14

Цирконидан тіс сауыттарын дайындау үшін CAD/CAM EVEREST технологиясы

Дәрігер алған қалып бойынша мүсін құйылады. Болашақ сауыттын компьютерлік мүсінін алу үшін құйылған мүсінді лазермен сканирлейді.

Slide 15

Сауытты дайындау екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде компьютерлі фрезді станокта цирконий тотығының бүтін бөлігінен сауыттын қаңқасы жасалады, қаңқаның түсі тістің түсіне қарап таңдалады.

Екінші кезеңде сауыт қаңқасы керамикалық массадан кесіліп жасалынады.

Slide 16

Толық автоматизация арқасында көпдеген қателіктердін алдын алуға мүмкіншілік бар. Өйткені жүйе микронды ауытқуларды да тіркейді. Осылайша, сауыттың жоғары сапасына қол жеткізіледі, бұл эстетика жағынан жақсы көрсеткішті қамтамасыз етіп, қызылиек аймағында қабынуды болдырмайды.

Slide 17

Цирконий тотығын қолдана отырып тістерді протездеудегі эстетикалық артықшылықтар:

Цирконий тотығынан жасалған сауыттың қаңқасы ақ түсті және табиғи мөлдірлікке ие.

Алғаш рет түсті таңдау тек керамикалық жабынның дәрежесінде емес, сонымен қатар қаңқа дірежесінде де таңдалады. Бұл металдың көрінуін болдырмайды.

Протезді қаптау үшін жоғары төзімді, жарық өткізетін, жартылай мөлдір және кең көлемді түстік сипатарға ие керамика Noritake (Япониялық түрі) қолданылады. Бұл табиғи тістен айнымайтын сауыт жасауға мүмкіндік береді.

Slide 18

Цирконий тотығы гипоаллергенді материал болып табылады және биосәйкестік жағынан басқалардан асып түседі.

Slide 19

Тіс импланты

Табиғи тіс сиякты көрінеді және кызмет атқарады. • Жұлынған тіс орнында сүйек тіндерінің атрофиясын тоқтатады. • Табиғи тістемді және шайнау қызметтерін қалпына келтіреді. • Бет пішінінің жастық өзгерісін болырмайды (салбыраған ұрт, ерін секілді) • Аралық тістерді қауіпті жағдайға қоймайды • Толық тістің болмауында алынбайтын протез жүйесін жасауға болады.

Slide 20

Циркони тотығының артықшылықтары

Цирконий тотығың қаңқасының қалындығы - 0. 4 мм. Бұл тісті аз егеуге мүмкіндік береді, ал сауыттың өзі металды керамикалық сауыттан әлдеқайда жеңіл.

Металмен салыстырғанда цирконий оксиді уақыт өте келе деформацияға ұшырамайды.

Цирконий тотығынығ төзімділігі металдікінен жоғары. Сондықтан бұл сауыттардың қызмет ету мерзімі де жоғарылайды.

Жоғары төзімділік тек жеке металсыз сауыттарға ғана тән емес, сонымен қатар көпіртәрізді протездерге тән. Және бұндай сауыттарды импланттарға керамикалық аббаттарменттермен (аттачменттер) бірге орнатады.

Slide 21

4D имплантология - тіс имплантациясының жаңа концепциясы, имплантаттарды сүйек тінінің дәрежесі 3 мм болса да сүйектік пластинасыз жасауға болады.

4D имплантологиянын негізгі артықшылықтары:

- Тіс және тіс қатарларының жедел бекітілуі.

- Сүйек тіндерін өсіруді және сүйектік транспланттаттарды жасауды қажет етпейді.

- Периодонттық немесе периапикальді себептермен жұлынған тістің орнына тез арада импланттатты қоюға болады.

Slide 22

- Резорбцияға төзімді табиғи сүйекті қолдану.

- Пациенттің табиғи тісін қолдануды болдырмайды.

- Имплантаттар сүйектін қан айналу жүйесінің әлсіреуін болдырмайды.


Ұқсас жұмыстар
Ауаның құрамында оттек
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері
АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ
КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР, БҰЙЫМДАР
Шыны өндірісінде бейорганикалық, полимерлы қосылыстарды қолдану. Клинкердің берілген минералогиялық құрамы бойынша шикізат қоспасын есептеу
ҚОЛДЫ ХЛОРГЕКСИДИН ЕРІТІНДІСІМЕН ӨҢДЕУ
Жібектің стерилизациясы
БЕТ СҮЙЕКТЕРІ ЖАҚСҮЙЕ
Қанқалық тіндер жасқа байланысты өзгерістері
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz