Сан бұлшықеті



Орындаған: Сламбек Елдар Жандарұлы Қабылдаған:Какетаева Индира Зиябековна
Сан бұлшықеті

Сан бұлшықеттері, mm. femoris, орналасуына қарай алдыңғы, артқы және медиалды топтарға бөлінеді. Атқаратын қызметіне қарай: алдыңғы - бүіуші; артқы-жазушы; медиалды - ішке тартушы бұлшықеттерге бөлінеді.
Алдыңғы немесе бүгуші бұлшықеттерге:
1) Тігінші бұлшықеті, m. sartorius,
2) санның терт басты бұлшықеті, m. guadriceps femoris -,
3) тізе буынының бұлшықеті, m. articularis genus жатады.


Санның алдыңғы топ бұлшықеттері
1. Тігінші бұлшықеті, m. sartorius, адам денесінің бұлшықеттерінің ішіндегі ең ұзын «таспа» тәрізді бұлшықеті болып саналады. Ол мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қырқасынан, spina iliaca anterior superior басталып, төмен бағытта бұрала асықты жіліктің медиалды айдаршығының артқы жағынан орап өтеді. Осы тұста бұл бұлшықеттің сіңірі, нәзік бұлшықет, т. gracilis пен жартылай сіңірлі бұлшықеттің, m. sem itendinosus сіңірі мен өзара айқасып, «қаздың» аяқшасы, pes anserina тәрізді фиброзды дәнекер тканды құрап, асықты жіліктің бұдырына, tuberositas tibiae барын бекиді.
Қызметі. сан мен сирақты бүгіп қоймай, сәл алшақтатып, санды сыртқа қарай бұрау.
Нервтендірілуі: сан нерві, п. fem oralis (LVILIV) арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: санның оралма латералды артериясы, a. circum flexa femoris lateralis мен сан артериясының бұлшықеттік бұтақтары, rr. musculares a fem oralis арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

2. Санның төрт басты бұлшықеті, m. quadriceps femoris. Бұл бұлшықеттің әрбір дербес бастарының басталар сүйектік нүктелері бар. Бастары өзара бірігіп, бұлшықеттің қарыншасын, одан әрі сіңіршелерін құрап, тізе тобығын қоршап барып, асықты жіліктің бұдырына, tuberiositas tibiae барып бекиді.
а) Санның тікбұлшықеті, m . rectus femoris. Ол санның төрт басты бұлш ықетінің ішіндегі ең ұзыны. Бұлшықеттер талшықтары жұқалау және жалпақтау келген сіңіршелері арқылы: мықын сүйегінің алдыңғы және төменгі қылқанынан, spinailiaca anterior infегіог және жамбас ойысының, fossa acetabuli жоғарғы саласынан басталып, төмен бағытта әтіп, бұл бұлшықеттің қалған үш басының сіңіршесіне ұласып, одан әрі тізе тобығын үш жағынан орап өтіп, тізе тобығының байламы, lig. patella құрап, асықты жіліктің бұдырына, tuberiositas tibiae барып бекиді.

ә) Санның жалпақ медиальды бұлшықеті, m. vastusm edialis. Жалпақтау келіп ортан жіліктің медиалды қапталында орналасқан. Бұлшықет талшықтары ортанжіліктің ұршық аралық сызықшасынан, linea intertrochanterica\ ортан жіліктің бұдырлы сызықш асының медиалды ернінен, labium mediale lineae asperae және сан бұлшықеттерінің бұлшықет аралық медиалдыктабақшасынан, septum inter-m uscularis m edialis басталып, төмен бағытта өтіп, тізе тобығын сүйемелдеуші апоневрозды медиалды табақшаны, retinaculum patellae mediale қүрайды.
б) Санның жалпақ латералды бұлшықеті, m. vastus lateralis, санның терт басты бұлшықетінің ішіндегі ең көрнектісі. Бұл бұлшықеттің жоғарғы бөлігі санның жалпақ сіңірін керуші бұлшықеті, in. tensor fasciae latae мен төменгі алдыңғы беті санныңтік бұлшықетімен беттесіп орналасқан. Бұлшықет талшықтары: ортан жіліктің үлкен ұршығынан және ортан жіліктің бұдырлы сызықш асыныңлатералды ернінен, labiumlaterale Jinеае asperae басталып, төмен бағыттаөтіп, санның терт басты бұлш ықеттерінің сіңіршесін құрап қоймай, тізе тобығының бекемдеуші латералды табақшаны, retinaculum patella lateralis құрайды.

в) Санның жалпақ аралық бұлшықеті, т. vastus interm edius, ол санның алдыңғы бетінде, санның жалпақ медиалды бұлшықеті мен латералды бұлшықеттердің аралығында орналасқан. Ол ортан жіліктің алдыңғы бетінен, ұршық аралық сызықшадан, linea intertrochanterica басталып, төмен бағытта өтіп, санның терт басты бұлшықетінің жалпы сіңіршесін құрауға қатысады.
Сонымен санның төрт басты бұлшықеттерінің сіңіршелері өзара айқасып, тізе тобығын үш жағынан орай өтіп, оның бекемдеуші медиалды, латералды табақшаны, retinaculum patellaris medialis etlateralis қүрап, асықты жіліктің бұдырына, tuberositas tibiae барып бекиді. Бұл бұлшықеттің сіңірш есінің алдыңғы және артқы бетінде бірнеше шағын келген синовиалды қалталар орналасқан.

1. Терт басты бұлшықет сіңірінің алдыңғы бетінде: тобықтың теріастылық қалтасы, bursa subcutanae prepattellaris; тобықүстілік қалта, bursa suprapatellaris орналасқан.
2. Терт басты бұлшықет сіңірінің астында: теренде орналасқан тобық астылық қалта, bursa infrapatellaris profunda тобы қтық байламның асықты жіліктің бұдырына бекитін жерінде, теріастылық тобықтың астында орналасқан қалта, bursa subcutanae infrapatellaris орналасқан.
Қызметі: санның тік бұлшықеті: жамбас буыны мен тізе буынын жазса, қалған медиалды, латералды және аралық басы тізе буынында сирақты жазады.
Нервтендірілуі: сан нерві, п. fem oralis (Ц, -Цу) арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: сан артериясы, a. femoralis мен санның терен, артериясы, а. propunda femoris арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

3. Тізе буынының бұлшықеті, т. articularis genus. Сыртқы пішіні жалпақтау келіп, 4-5 бұлшықеттік будалардан құралған бұлшықет. Ол, санның төрт басты бұлшықетінің аралық бұлшықеті мен ортаңғы жілік сүйегінің дистальдық бөлігінің аралығында орналасқан. Бұлшықет талшықтары ортан жіліктің дисталді бөлігінің алдыңғы бетінен басталып, төмен қарай бағытталып, тізе буынының қапшығына барып бекиді.
Қызметі: тізе буынының қапшығын тартып керу.
Нервтендірілуі: сан нерві, п. fem oralis (LinL[v) арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: санның оралма латералды артериясы, a. circum flexa femoris lateralis, мен санның терең артериясының теренделген бұтақтары, rr. perforantes a. profundae fem oris apқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Санның медиалдық топ бұлшықеттері
1. Санның нәзік бұлшықеті, m. gracilis, ұзындау және қалыңдығы біркелкі болып, терініңастында беткей орналасқан. Ол шат сүйегінің алдыңғы бетінен басталып, төмен бағытта бағыт алып, ұзындау келген сіңіршеге ұласады. Ұзындау және жіңішкелеу келген сіңіршесі ортан жіліктің медиалды айдаршығының артқы жағынан алға қарай орай өтіп, асықты жіліктің бұдырына, tuberiositas tibiae барып бекиді. Сонымен қатар, бұл бұлшықеттің сіңірі, асықты жіліктің бұдырына бекитін тұста тігінші бұлшықетпен, жартылай сіңірлі бұлшықеттің сіңірлері мен өзара айқасып, «қаздың» беткей аяқшасын, p e s anserina superficialis құрайды . Осы жерде, сіңіршенің астында «қаз» аяқшасының қалтасы, bursa anserina орналасқан.
Қызметі: санды ішке тартып, сирақты бүгіп, аяқты сыртқа қарай бұрады.
Нервтендірілуі: жапқыш нервтің алдыңғы бұтақтары, rr. Obtигаtorii (Ц, -L[v) арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: сыртқы шат аралык, жапқыш және санның терең артериялары, аа. pudenda externa, obturatoria, profunda femoris арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

2. Ішке тартқышmұзын бұлшықеттер, m. adductor longus. Сыртқы пішіні үшбүрыш тәрізденіп келген жұқа бұлшықет. Ол қысқалау келген сіңіршелері арқылы, шаг сүйегі төмпешігінің төменгі бөлігінен басталған. Бұлшықеттік талшықтары жайылып, төмен қарай бағыт алып, ортанжіліктің бұдырлы сызықшасының ортаңғы бөлігінің медиальды ерініне, labium mediale lineae asperae барып бекиді.
Қызметі: санды ішке қарай тартып, иіп, сыртқа қарай бұрады.
Нервтендірілуі: жапқыш нервтің алдыңғы бұтақтары, п. obturatorii арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамгамасызетілуі: жлыиі, сыртқы шат аралық, санның терең артериялары, аа. obturatoria, pudenda externa, profunda femoris арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

3. Ішке тартқыш қысқа бүлшықет, m. adductor brevis. Сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізденіп, ішке тартқыш ұзын бұлшықеггің астында орналасқан. Бұлшықет талшықтары шат сүйегінің томенгі бұтағының алдыңғы бетінен басталып, төмен және сыртқа бағытталып, жалпайып, ортанжіліктің бұдырлы сызықшасының медиальды ернінің жоғарғы бөлігіне барып бекиді. Қызметі: санды ішке қарай тартып, иіп, сыртқа қарай бұру. Нервтендірілуі: жапқыш нервтің алдыңғы бұтағы, п. obturatorius (Ln-LIV) арқылы нервтендіріледі. Қанмен қамтамасыз егілуі: жапқыш артерия, a. obturatoria мен санның тереңдеген артериясы, аа. perforantes арқылы қандандырылады.

4. Санды ішке таргқыш үлкен бүлшық еті, m. adductor magnus ішке тартқыш бұлшқеттердің ішіндегі ең көлемді және қалыңдау келген бұлшықет. Олсанның ішке тартқыш бұлшықетгердің астында орналасқан. Бұлшықетталшықтары қысқалау және қалыңдау келген сіңірше- /vep арқылы шат сүйегінің төменгі бұтағы мен шонданай сүйегінің төменгі бұтағыңан басталады. Бұлшықет талшықтары төмен бағытта өтіп, проксимальды, ортаңғы және дисталды бөліктерге бөлінеді.
Проксимальды, ортаңғы бұлшықетталшықтары горизонталді және қиғаш бағытта өтіп, ортан жіліктің бұдырлы сызықшасының медиальды ерніне барып бекісе, дисталді бұлшықет талшықтары ұзынша келген сіңіршелері арқылы ортан жіліктің медиальды айдаршық үстілік бұдырына барып бекиді.
Қызметі: санды ішке тартып, сыртқа қарай бұрау.
Нервтендірілуі: жапқыш нервтің артқы бұтақтары, nп. obturatorii және шонданай нервінің бұтақтары, п. ischiadicus (L] V-LV) арқылы нервтеңдіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі жапқыш артерия мен санның тереңделген артериялардың бұтақтарыарқылы, аа. obturatoria etperforantesарқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

5. Қырқалы бұлшықеті, m. pectineus, сыртқы пішіні жалпақтау және төртбұрышты тәрізді орналасқан. Бұл бұлшықеттің латералды қапталы белмықын бұлшықетімен, т. iliopsoas, медиалды беті ішке тартқыш ұзын бұлшықетпен, т. adductor longus шектелген. Бұлшықет талшықтары шат сүйегінің жоғарғы қырқасынан, pecten ossis pubis басталып, төмен бағытта өтіп, ортан жіліктің қырқалы сызықшасына, Ііпеае pectineae барып бекиді.
Қызметі: санды иіп және ішке қарай тартып, аздап сыртқа қарай бұрады.
Нервтендірілуі: жапқыш нерві, п. obturatorius (Ln-Lm), кейбір кезде сан нервінің бұтақтары, п. femoralisарқылы нервтендіріледі.
Қанменқамтамасыз етілуі: жа п қ ы ш, сыртқы шат аралық және санның терең артериялары арқылы, аа. obturatoria, pudenda externa, profunda femoris қанмен қамтамасыз етіледі.

Санның артқы топ бұлшық еттері
1. Жартылай сіңірлі бұлшықет m. semitendinosus. Ол санның артқы бетінің медиалды қапталында орналасып ұзын және жіңішкелеу болып келген. Сыртқы беті санның екі басты бұлшықетімен жанасып орналасса, ішкі қапталы санның жартылай сіңірлі бұлшықетімен беттесіп орналасқан. Бұл бұлшықеттің жоғарғы бөлігін бөксенің үлкен бұлшықеті, m. gluteus maximus жауып орналасқан. Бұл бұлшықеттің бұлшықетгік талшықтары шонданай сүйегінің бұдырынан, tuber ischiadicum басталып, төмен бағытта өтіп, ортанжіліктің ортаңғы бөлігінің тұсында ұзын сіңіршеге ұласады. ¥зындау жіңішкелеу келген сіңіршесі ортан жіліктің медиалды айдаршығының артынан алға қарай орай өтіп, тігінші бұлшықет, т. sartorius, пен нәзік бұлшық еттердің, сіңіршелерімен айқасып, беткей орналасқан «қаз аяқшасын», pes anserina superfieialis құрап, асықты жіліктің бұдырына, tuberositas tibiae бекіп, сирақ бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасынаұласады. Қызметі: санды жазып, сирақты иіп, аздап ішке қарай бұрады. Сонымен қатар тұлганы тік ұстауға қатысады. ІІервтендірілуі: асықты жіліктік нервінің п. Tibialis бұтақтары арқылы нервтендіріледі. Қанмен қамтамасыз етілуі: санның терендеген артериялары, аа. perforan/es арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz