Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары



Тақырыбы:Ауруханалардың ішкі жоспарлану ерекшеліктері
Орындаған: Тажихан С. Е
Тобы:Фр20Б
Қабылдаған:Темірбай А. Е

Жоспар:
Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері
Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында) .
Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.
Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері:
Қабылдау бөлімі;
Стационардың мамандандырылған палаталық бөлімі;
Емдеу-диагностикалық бөлімдері;
Зертхана;
Патологиялық-анатомиялық бөлім;
Ас блогы;
Дезкамерасы бар кір жуатын бөлім;
Орталық стерильдеу бөлімі;
Дәріхана;
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі және қосалқы бөлімдер.

Қабылдау бөлімі
Қабылдау бөлімшесі- тіркеуге, қабылдауға, алғашқы тексеруге, антропометрияға, түскен науқастарды санитарлық-гигиеналық өңдеуге әзірлеуге және білікті (шұғыл) медициналық көмек көрсетуге арналған маңызды консультативті-емдік-диагностикалық бөлімше.
Қабылдау бөлімінің құрамында күту, тіркеу, анықтама, кезекші дәрігердің кабинеті, қарау бөлмесі, рентген кабинеті, зертхана, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретханалар болады.

Емдеу-диагностикалық бөлімі
Емдеу-диагностикалық бөлімдеріне функционалдық диагностика, операциялық блок, анестезиология және реанимация бөлімі, рентген-диагностикалық бөлімі, қалпына келтіріп емдеу немесе реабилитация (физиотерапевтік) бөлімі кіреді.

Стационардың мамандандырылған палаталық бөлімі
Палаталық бөлімінде науқастардың сырқатының түрін анықтау, емдеу және күтім жасау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, палата бөлімдерін келесі түрлерге бөледі:
Үлкен адамдарға арналған, жұқпалы емес аурулардың (оның ішінде психиатриялық та) ;
Аурулары жұқпалы емес балаларға арналған;
Жұқпалы ауруларға арналған;
Радиологиялық;

Жұқпалы аурулар бөлімінде тек жұқпалы аурулары бар адамдар, ал, радиологиялық бөлімде - сырқаттарын емдеуде иондағыш сәулелер қолданылатын науқастар емделеді.
Жұқпалы емес аурулар бөлімдері әр түрлі мамандандырылған бөлімдерге бөлінеді:
терапевтік,
хирургиялық,
акушерлік,
гинекологиялық,
балалар бөлімдеріне. Мүңдай бөлімдердің әр біреуінің өзі жеке мамандық салаларына бөлінуі мүмкін. Мысалы, хирургиялық бөлімдердін ішінен нейрохирургия, кеуде және іш хирургиясы, травматология және басқада бөлімдерге бөлінуі мүмкін.

Стационардың негізгі функционалдық элементі болып табылатын палата бөлімі, әдетте, 60 төсекке есептелді және палата секцияларынан тұрады. Төсек саны аз (30) бөлімдер де, болуы мүмкін.
Палаталық секция деп, сырқаттары бір түрдегі25-30науқасты емдеуге арналған палаталардың, емдеу- қосалқы және көмекші бөлмелердің кешенін айтады.

Үлкен адамдарға арналған палаталық секцияларда келесі бөлмелерді бөледі:
1. Ауруларға арналған - палаталар, күндізгі уақытта болатын бөлмелер, холлдар және верандалар;
2. Емдік-қосалқы: меңгерушінің кабинеті, дәрігерлердің кабинеті, ем-шара бөлмесі, жара таңу (хирургиялық бөлімде), кезекші медбике посты, клизма жасау бөлмесі;
3. Шаруашылық: буфет, асхана, аға медбике және шаруашылық бике бөлмесі;
4. Санитарлық жүйе: ванна бөлмесі, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретхана, жуынатын бөлме, ластанған киім-кешек сақтайтын, дәрет ыдыстарын жуатын және стерильдейтін, клеенкаларды жуатын және бөлмелерді жуып-жинайтын заттарды сақтайтын бөлмелер;
5. Палата дәлізі.
Әрбір палата секциясында 60%, 4-төсектік палаталар және - 20%-дан, ауыр сырқаттанған немесе тұрақты түрде күтім қажет ететін науқастарға арналған 1 немесе 2 төсектік палаталар қарастырылады.

Төсектердің ара қашықтығы 0, 8-1 м кем болмауы керек. Сыртқы қабырғадан қашықтығы 0, 9-1 м кем болмауы тиіс.
Кезекші медбикенің қызмет орнын орналастыруда, барлық қызмет көрсету палаталары, дәліз, санитарлық жүйелер және басқа да науқастар баратын бөлмелер көрініп тұратындай жерде болуы керек. Қызмет орнынан палаталарға дейінгі қашықтық 15 м аспауы керек. Қызмет орнында қажетті жабдықтар: стол, шкаф, стерильдеуші, тоңазытқыш, қол жуғыш, телефон, палатадан медбикені шақыруға арналған және медбике мен науқас бір-бірімен сөйлесу (немесе бейнелесіп сөйлесу) аппараттарынан тұратын дабыл блогы болуы керек.

2 немесе одан артық төсектік палаталардың ауданы
Бөлімдер
1 төсекке есептелген ауданы, м2
Үлкен адамдарға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде
7, 5
Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде
6, 5
Аналары күндізгі уақытта болатын балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде
8, 0
Аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде
10, 0
1 төсекке есептелген бокстарда мен жартылай бокстарда
22, 0
2 төсекке есептелген бокстарда мен жартылай бокстарда
2 төсекке - 27
Ортопедиялық-травматологиялық, нейрохирургиялық, қайта қалпына келтіріп емдеу, күйген аурларға арналған, радиологиялық: Үлкен адамдарға және аналары күндізгі уақытта болатын, балаларға арналған палаталарда- Аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған
10, 0 13, 0
Қарқынды-емдеу, операциядан кейінгі палаталар
13, 0
Балаларға арналған жұқпалы емес аурулар бөлімдерінде: аналар үшін орын бөлінбегенде аналары күндізгі уақытта болатын кезде аналары тәулік бойы болатын кезде
6, 0 7, 5 9, 5

Секцияның гигиеналық жағдайы мен науқастарға қызмет көрсету қолайлығы, көбінесе палата дәліздің салыну түріне байланысты. Дәліз құрылысын салудың бірнеше түрлері бар: бір дәліздік (бір жақты, екі жақты тігіс тәрізді), екі дәліздік, периметралдық . Бірдәліздік, біржақты құрылыста барлық бөлмелер дәліздің бір жағында, екінші жағында тек қана терезелер орналасады.
Палаталық бөлімшелердің құрылысын салудың нұсқалары. 1- бір дәлізді, екі жақты; 2 -екі дәлізді; 3 - периметралды квадратты; 4 - периметралды дөңгелек

Жайлы ауа-жылу режимі, сырқаттардың қолайлырақ өтуіне, науқас адамның көңіл-күйінің жақсаруына ықпал етеді. Бірақ, жылдың, тәуліктің әр түрлі мезгілдерінде, әр түрлі жастағы, сырқаттары, жағдайының ауырлығы, әр түрлі науқас адамдарға жайлылық диапазоны бірдей емес. Сондықтан, аурухана микроклиматының параметрлерін осы факторларды ескере отырып, нормалайды.
Қыста және жыл мезгілдерінің өтпелі уақыттарында, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40-60% және ауа қозғалысы 0, 05-0, 15 м/с болған кезде, көпшілік үлкен науқас адамдар үшін, температура 19-22° С аралығында (жоба есебіндегі температура - 20° С) қолайлы болып табылады.
22°С дейінгі, жоғарылау температура, балаларға арналған, әйелдер босанғаннан кейінгі, операциядан кейінгі, реанимация бөлімдеріндегі палаталарда, операция жасайтын бөлмелерде және қарайтын-қабылдайтын бокстарда сақталуы тиіс.
Манипуляциялық бөлмеде, жарақаттанған ауруларға және шала туған балаларға арналған палаталарда ауаның температурасы 25°С болуы қажет, өйткені олардың жылу реттеуші үрдістері жетілмеген, денесінің тез қызуы да, салқындап кетуі де мүмкін.
Ауыр дәрежеде күйген ауруларға арналған палаталарда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55% кезінде 22-25°С температурасы қолайлы болып табылады.
Тиреотоксикозбен ауыратын аурулар, бөлмеде төменірек, 15-18°С температура кезінде жақсырақ сезінеді, ал, гипотиреозбен ауыратын аурулар үшін жоғарырақ температура - 24°С қолайлы.

ЕАМ бөлмелеріндегі температураның және ауа алмасуының нормативтері.
Бөлмелер
t
Еселігі
Табиғи желдету кезіндегі сорып әкету еселігі
Тазалығы бойынша бөлмелердің санаттары
енуі
сорып әкетуі
Үлкендерге арналған палаталар
20
1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс
2
таза
туберкулезбен ауратын -"-
20
-«-«-
2
лас
гипотиреозбен ауыратын -"-
24
-«-«-
2
таза
тиреотоксикозбен ауыратын-"-
15
-«-«-
2
таза
Операциядан кейінгі, реани-мация, операция жасайтын бөлмелер, күйік аурулары, әйелдер босанатын, босанғаннан кейінгі, наркоз беретін, қарқымды емдеу бөлмелері
22
Жобадағы есептеу бойынша, бірақ ауа алмасуы 10 еседен кем емес (бактери-цидтік фильтрлерде тазартылған ауа беріледі. ) .
Рұқсат етілмейді
өте таза, таза
Шала туған, емшек еметін жастағы, жарақаттанған балаларға арналған палаталар
25
1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс
Рұқсат етілмейді
өте таза
Жұқпалы аурулар бөлімшесінің палаталық секциялары
20
1 төсекке есептегенде, сағатына қажетті желдету көлемі төмендегідей қамта-масыз етілуі тиіс
лас
80м3
80м3

Инсоляция үшін терезелері қолайсыз бағытталған жағына қосалқы бөлмелерді орналастырады.
Жарық жақсы түсуі үшін, палаталардың тереңдігі 6 м артық болмауы тиіс, ал тереңдігінің еніне қатынасы 2 -ден артық болмауы керек. (ені 2, 9 м кем емес) ; палатаның биіктігі 3-3, 2 м.
Палаталардағы және науқастар күндізгі уақытта болатын бөлмелердегі жарық коэффициенті 1:6-1:7, дәрігерлер кабинетінде және ем-шара бөлмелерінде - 1:5-1:6, операция жасайтын, әйелдер босанатын, жара таңатын бөлмелерде - 1:4-1:5 қатынастарындай болуы тиіс. Табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) 1% кем болмауы керек.

Емдеу-алдын алу мекемелері бөлмелерінің терезелері дүниенің бұрыштарына қарай бағытталуы.
Бөлмелер
Географиялық ендіктер
С. ендіктін 45º-наң оңтүстікке қарай
С. ендіктін 45º-55º аралығында
С. ендіктін 55º-наң солтүстікке қарай
Операция жасайтын, реанимациия, өлікті сойып көретін, әйелдер босанатын
С, СШ, СБ
С, СШ, СБ
С, СШ, СБ, Ш
Туберкулезбен және жұқпалы аурулармен ауыратындардың палаталары
О, ОШ, Ш СШ*, СБ*
О, ОШ, Ш СШ*, СБ*
О, ОШ, ОБ СШ*, СБ*
Қарқынды емдеу, 3 жасқа дейінгі балалар бөлімінің палаталары, балалар бөлі-міндегі ойнайтын бөлмелер
Батысқа бағыттауға, қарқынды емдеу палаталарын батысқа және оңтүстік батысқа қарай бағыттауға рұқсат етілмейді.

Палатадағы жасанды жарық, біркелкі, жұмсақ, көзді шағылыстырмайтын, қолайсыздық туғызбайтын, сонымен қатар, медицина қызметкері өз жұмысын орындау үшін жеткілікті болуы керек.
Ауруханаларды жарықтандырудың ең жақсы көздері, спектрі табиғи жарыққа жақын, люминесценттік шамдар. Олар, ауруларды қарау және кейбір ем-шараларды орындау кезінде өте маңызды түрлі түстердің берілуін бұзбайды, жылу бөлмейді, ауаның химиялық және иондық құрамын өзгертпейді.
Жалпы жарық түсіретін шырақтарды бөлменің төбесіне орналастырады. Сонымен қатар, әр төсектің қасына, еденнен 1, 7 м биіктікте қабырғаға ілетін қосымша шырақтарды пайдаланады. Палаталардағы жасанды жарық деңгейі, люминисценттік шамдарды қолданғанда-100 лк, дәрігерлер кабинетінде - 300 лк болуы тиіс.

Палата бөліміндегі жасанды жарықтың нормалары.
Бөлмелер
Ең аз жарық деңгейі(лк)
Жарықтандыру нормалары орнатылған беттердің жазықтығы мен деңгейі
Люминесцент-тік шамдарды қолдану кезінде
Қыздыру шамдарын қолдану кезінде
Дәрігерлер кабинеті
300
150
Еденнен 0, 8 м биіктіктегі көлденең жазықтықта
Палаталар
100
30
Ем-шара кабинеттері, бокстар, кезекші медбике посты
150
75
»
Дәліздер, өтетін жерлер, санитарлық жүйелер
75
30
Еденде

Палаталардың, дәрігерлер кабинеттерінің, холлдардың, вестибюльдердің, асханалардың және басқа да құрғақ режимді бөлмелердің қабырғаларын силикатты сырлармен сырлайды, төбесін әкпен немесе су-эмульсиялық сырлармен ақтайды. Нитросырларды қолдануға тыйым салынады.
Палаталарды сырлауға ашық-жасыл, алтынтүсті-сары, сарғылт, қызғылт-сары, ашық-сұр, немесе басқа ашық түстерді қолданған жөн. Ал, төбесін бояу үшін ақ немесе аспан түсті-көгілдір - суық түстер қолданылады. Палаталардың қабырғаларын терезелердің бағытталуына қарай сырлайды.
Терезелері оңтүстікке бағытталған палаталар үшін, күн сәулесінің жарқылын жұмсартатын, суық (жасылдау, салат түсті, көгілдір, жасылдау-көгілдір) түстер, ал солтүстік румбаларға бағытталған палаталар үшін, оларға түспейтін күн сәулесіне ұқсататын, жылы (сарғыштау, өрік түстес, қызғылт-сары) түстер ұсынылады.
Палаталардың едені жылы болуы керек. Ең жылы болатыны, паркет және майлы сырлармен сырланған ағаш едендер.
Буфетті және асхананы ас үйден тағам жеткізілетін қызметтік баспалдаққа немесе лифтіге жақын орналастырады. Буфет бөлімдерінде бөлек, екі бөлме қарастырылуы керек, біреуі ыдыс-аяқ жууға, екіншісі, тағамдарды ысытуға және таратуға қолданылады. Буфет тағамдарды қыздыруға, таратуға және ыдыс-аяқты жууға, су ысытуға арналған барлық қажетті заттармен және тоңазытқышпен жабдықталады. Асхананы, аурулардың бір мезгілде 50% шамасында тамақтанатындай етіп, 1 науқасқа 1, 2 м2 есебінен ұйымдастырады.
Палата бөлімі элементтерінің бірі - санитарлық жүйе болып табылады, оны палата секциясының шетінде орналастырады. Санитарлық жүйе құрамына жуынатын, ванна, дәретханалар және санитарлық бөлме кіреді. Санитарлық жүйенің бөлмелерінде табиғи жарық болуы керек, едені мен панельдері глазурленген плиткалармен жабылады.

Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында) .
Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) - бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру.

АІИ алдын алу шараларының кешені
Алдын алу жөніндегі шаралар
Шаралардың мазмұны
1. Өзіне тән емес (спецификалық емес) алдын алу
Сәулеттік-жоспарлау
· Секцияларды, палаталарды, операция блоктарын, бөлімдерді оқшаулау · Жүретін жолдарды таза және лас жолдарға бөлу · Аурухана аумағын зоналарға бөлу · Қабылдау бөлімін ұтымды орналастыру · Бөлімдерді ұтымды орналастыру
Санитарлық- эпидемияға қарсы
· Инфекция көздерін, оның ішінде бактерия тасмалдаушыларды да, анықтау · Бактерия тасмалдаушыларды жұмысқа жибермеу және оларды санациялау (тазалау) · Ауруларды оқшаулау · Ауаны, заттың беттерін, саймандарды және басқаларды дезинфекциялау және стерильдеу · Қызметкер мен аурулардың гигиеналық тәртіпті сақтауы · Стационардың санитарлық жағдайы мен режимін, ауруханаішілік ортаның бактериялармен ластануын бақылау. · Қызметкер мен аурулар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
Санитарлық- тех-ық
· Желдету
Медицина қызмет-кері мен ауру (науқас) адамдардың инфекцияға специфи-калық емес резис-тенттілігін арттыру
· Шынықтыру, тыныс алу гимнастикасын жасау, қосымша дәрумендер беру, УК-сәулеге түсіру және т. б.
2. Өзіне тән (спецификалық) алдын алу
Иммундау
· Пассивті (антибиотиктер қолдану, гамма-глобулин, анатоксин және басқалар енгізу) · Активті (вакцина егу)

Егер жұқпалы аурулар бөлімі, жалпы соматикалық аурухананың құрамында болса, онда оны учаскенің түкпір жағында, бөлек ғимаратта, басқа корпустардан 30 м кем емес қашықтықта орналастырады және дуалмен қоршайды. Жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына өз алдына бөлек, көлік кіріп-шығатын жол қарастырылады. Жұқпалы аурулар ауруханасының немесе бөлімінің аумағында, бір-бірінен егілген бұталармен және ағаштармен оқшауланған таза және лас зоналарға бөледі.
Жұқпалы аурулар ауруханаларының және жұқпалы аурулар бөлімдерінің ерекшеліктері, қабылдау бөлімі мен палата бөлімдерінің өзіне тән жоспарлануы. Жұқпалы аурулар ауруханаларының, жалпы соматикалық саладағы ауруханалардан айырмашылығы, қабылдау бөлімі қарайтын -қабылдайтын бокс тұрінде жасалған. Қарайтын -қабылдайтын бокстар, екі есігі бар, сыртқы және ішкі, бөлмелер кешенінен (кіретін тамбур, палата, ваннасы бар санитарлық жүйе, шлюз) тұрады. Науқас боксқа сырттан, араларында тамбуры бар 2 есік арқылы кіреді. Медицина қызметкері боксқа палата дәлізінен шлюз арқылы кіреді. Шлюз, бұл қызметкер жұмыс киімін ауыстыратын, қолын жуып, дезинфекциялайтын, шағын бөлме. Шлюзде науқасқа тамақ беретін терезе, қолжуғыш, халаттар ілетін ілгіштер болады. Осындай жоспарлау шараларымен, бокстағы науқастарды бөлімде жатқан аурулардан максималды оңашалауға жағдай жасалады. Жоғарыда жазылған толық боксты, оны бірінші рет ұсынған Петербург инженеры Е. Ф. Мельцердің атымен, Мельцер боксы деп де атайды.

Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.
Хирургиялық бөлім. Қазіргі кездегі көп профильді ауруханалардағы хирургиялық төсек саны, жалпы төсек орнының 25 - 45% құрайды. Хирургиялық бөлім палата бөлімінен және операциялық блоктан тұрады.
Палаталық бөлімшенің жоспарлануы мен құрамы басқа да жоғарыда аталған бөлімдердей. Қосымша, тек қана таңу-байлау бөлмесі кіреді және бір және екі төсектік палаталар саны 20% азаяды. Бірақ, хирургиялық бөлімшелерді жобалауда және орналастыруда, бөлімшенің жұмысын жақсартуда және АІИ болдырмауда мына талаптар сақталуы қажет:
1. Операциялық блок және емдеу -диагностикалық бөлімше бір-біріне жақын және олайлы байланыста болуын;
2. Операциядан кейінгі «таза» және «іріңді» сырқаты бар науқастардың қарым-қатынасы болмауын;
3. Науқастардың операциядан кейінгі болу жағдайларын дұрыс ұйымдастыру;
4. Жеткілікті түрде таңу-байлау бөлмелері мен процедуралық кабинеттер болуын.
Барлық хирургиялық бөлімдер таза және іріңді болып екіге бөлінеді. Іріңді бөлімдердң іріңді-септикалық(іріңді ісік, бітеу жара, іріңді плеврит т. б. ) үдерістері бар науқастарды емдейді. Инфекция таралуының алдын алу мақсатында, мұндай бөлімдерді бөлек ғимараттарда, сырт жақта немесе жоғарғы қабаттарда орналастырады. Іріңді науқастарға операцияны бөлек блоктарда жасайды. Таза бөлімдер төмеңгі қабатта орналасады.

Операциялық блоктың құрамына операция жасайтын, операция жасайтын бөлменің алдындағы, наркоз беретін, стерильдейтін, аппараттық бөлмелер, жедел анализдерді жасауға арналған зертхана, құрал-жабдықтық, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерінің кабинеттері және т. б. кіреді.
Бұл бөлмелердің тазалық дәрежесі бойынша, бір бірінен айырмашылығы бар, сондықтан оперблоктарды жоспарлауда оларды бірнеше зоналарға бөліп, топтастырады. Бірінші - стерильді зонаға, операция жасайтын және стерильдейтін бөлмелер жатады. Екінші зонаға - қатаң тәртіптегі (өте таза), операциялық бөлмемен тікелей байланыста болатын: операциялық бөлменің алдындағы, наркоз беретін және операциядан кейінгі барлық бөлмелер кіреді. Үшінші - шектелген тәртіптегі (таза) зонаға -қанды және тасымалданатын аспаптарды сақтауға, хаттама жазуға арналған бөлмелер, хирургқа және медбикелерге арналған бөлмелер, жедел анализдер жасайтын зертхана, санитарлық өткізгіштің «таза» зонасы жатады. Төртінші - жалпы ауруханалық тәртіп зонасы, бұған санитарлық өткізгіштің лас зонасы және т. б. кіреді. Операциялық блокты зоналарға бөлудің мақсаты, аурухана ішілік инфекцияның даму қауіпін және осыған байланысты операциядан кейінгі асқынуларды төмендету болып табылады.

Операциялық бөлмелердің қабырғалары тегіс, бұрыштары дөңгелектенген болуы керек. Қабырғаларды төбесіне дейін глазурленген плиткамен немесе басқа да, ылғалға төзімді, жеңіл жуылатын, дезинфекциялаушы заттармен өңдеуге шыдамды материалдармен жабады. Төбесін майлы сырмен сырлайды, ал еденін, трапқа қарай еңістеу етіп, плиткалардан жасайды. Едендер ұшқын шығармайтын, антистатикалық болуы керек. Операция жасайтын бөлменің есіктері тығыз жабылуы қажет.
Операциялық бөлмелерді терезелерсіз немесе терезелерімен жасайды. Терезелерінің болмауы шудан, шаңнан қорғануды қамтамасыз етеді, бірақ, қызметкердің үнемі тек жасанды жарық бар бөлмелерде болуы, оларда қажу дамуын күшейтеді және ахуалын төмендетеді. Операция жасайтын бөлмелердің терезелерін солтүстікке, солтүстік-шығысқа, солтүстік-батысқа бағыттайды, бұл, тікелей түсетін күн сәулесінің әсерінен көрмей қалуды, операция жасау кезінде медициналық құрал-саймандардан күн сәулесінің шағылысуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, микрофлораның дамуына мүмкіндік тұғызатын және микроклимат жағдайын нашарлататын, операциялық бөлменің артық қызуын болдырмауға жағдай жасайды. Жарық коэффициенті операция жасайтын бөлмелерде 1:4- 1:5 қатынасындай болуы тиіс, табиғи жарықтану коэффициенті (ТЖК) -1, 5% кем болмауы керек.
Хирург пен медицина қызметкерінің көруімен байланысты, жұмысының ерекшеліктері операция жасайтын бөлмелердегі жасанды жарықты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жоғарылатады. Біріншіден, жарықтандырудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс және операция алаңының үстінде, сонымен бірге, жараның түбінде көлеңке мүлде болмауы керек. Екіншіден, шырақ жараны және хирургтың басын қыздыратын қарқынды жылу бөлмеуі және көру аймағында тікелей және шағылысқан жалтылдауды бермеуі керек. Үшіншіден, жарық спектрі күндізгі жарыққа жақын болуы және түрлі түстерді қабылдау бұрмаланбауы тиіс.
Осыған байланысты, операциялық бөлмелерде жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастырады. Жалпы жарықтандыруға люминесценттік және қыздыру шамдарын қолданады. Люминесценттік шамдармен жалпы жарықтандыру 400 лк кем болмауы керек, бұл операциялық медбике жұмысына (инелер, тігуге арналған материалдар, құрал-саймандармен манипуляциялар жүргізуде) және науқастың терісінің, шырышты қабаттарының түрі мен көз қарашығының реакциясын бақылайтын анестезиологтың жұмысына жеткілікті болып табылады. Операциялық көру алаңын локальды жарықтандыруға арнайы көлеңкетүсірмейтін, асып қоятын немесе жылжымалы шырақтарды қолданады.
Көлеңкетүсірмейтін шамдар беретін жарықтын деңгейі 1-3 лк дейін жетеді. Жараның тереңдігі үлкен және операция жасайтын беттің шағылысу коэффициенті неғұрлым аз болса, соғұрлым жарықтану деңгейі жоғары болуы тиіс. Хирургтардың көзінің қажуын азайту үшін, ақ маталарға қарағанда, шағылысу коэффициенті төменірек, көгілдір-жасыл, көгілдір ақық-жасыл түсті халаттарды және ақ жаймаларды пайдаланады. Нәтижесінде, операция алаңы мен қоршаған нысандардың арасындағы кереғарлық (контраст) төмендейді, сондықтан, көзді жарадан айналасындағы фонға аударғанда, көздің тор қабықшасының элементтерінің қажуы азаяды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz