Менеджменттегі жоспарлау


Slide 1

Менеджменттегі жоспарлау

Slide 2

Мақсаты: Басқарудың жоспарлау қызметінің мазмұнын ашу, жоспарлау түрлері мен кезеңдерін анықтау және негізгі принциптерін жіктеу

Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері

Стратегиялық жоспарлау мәні

Тактикалық жоспарлау мәні

Slide 3

Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады.

Slide 4

Жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді.

Біздің қазіргі бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?

Болашақта біз қандай болуымыз керек?

Осы жолда нендей кедергілер орын алған?

Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?

Slide 5

Жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерді атап өтуге болады.

Slide 6

Жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмандегідей міндеттерді атап өтуге болады:

1. Нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;

2. қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;

3. басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқының реттеу;

4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;

5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.

Slide 7

Жоспарлау принциптерін қарастырайық:

Әлеуметтік бағыттылығы;

Жоспарлау обьектісін саралау;

Адекваттылығы:

Келісімділігі;

Нұсқаулығы;

Тепе-теңдігі;

Экономикалық негізделуі;

Жоспарлау жүйесін автоматтандыру;

Кері байланысты қамтамасыз ету.

Slide 8 Slide 9

Стратегиялық жоспарлау

Ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылдаған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртық ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекетттері орындалады.

Slide 10

Тактикалық жоспарлау

Стратегиялық мақсаттарды ұтымды орындау үшін ұйым мүмкіндіктері, ресурстары қалай бөлінуі, ұйымдастырылуы керек екендігін білдіреді. Тактикалық жоспарлау қысқа және орта кезеңдерді қамтиды, яғни орта және төменгі деңгейдегі басқару буындарының іс - әрекет жағдайларын.

Тактика - ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.

Slide 11

Тактикалық жоспарлау - ұйымның дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқа мерзімге есептелінген, егжей-тегжейлі тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактиканың сипатты белгілері:

Стратегиның дамуында әзірленуі;

Орта буындағы басшылықтың қабылдауы;

Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі;

Нәтижені бағалау тез уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына қарай жүргізілуі.


Ұқсас жұмыстар
Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Тайм менеджмент
Педагогикалық менеджмент ұстанымдары
Баскару алгоритмі
Ақпараттың оперативтілігі
Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
Басқарудағы жүйелік тәсіл. Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері
Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету. Менеджменттегі коммуникация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz