САЯСИ КӨШБАСШЫ - ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ
Презентация қосу
САЯСИ КӨШБАСШЫ-
ДІНМҰХАМЕД
ҚОНАЕВ
Тобы: ТБ 19-11
Орындаған:
Сәрсенбекқызы А.
Тексерген:
Қамырова Г.
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер
порталы
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда
Верный (қазіргі Алматы)
қаласында, қызметкердің
отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет
Жұмабайұлы 1886 жылы
туған. Алматы облысында
ауылшаруашылық, сауда
мекемелерінде жұмыскер
болып істеген.
Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты
болған. Анасы, Зәуре Баирқызы 1888 жылы Шелек
(бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі
Алматы облысы) туған, үй шаруасында бала
тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті
бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан
Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты
Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға
жібереді.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—
1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері,
Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,
техника ғылымдарының докторы.
Еңбек жолдары
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен
инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары
Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне
жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі,
цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның
директоры болды.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын
күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен
көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің
орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-
мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі –
Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін
атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде
Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР
Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп
сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев
республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді.
Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің
негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның
басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің
бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды.
Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы
орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан
Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда
республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері
үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Игі істері мен
жетістіктері
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып
сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің
бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын
басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956
жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі.
Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің
Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше
болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік
басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты
болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын,
ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел
басқарған жылдары кең байтақ
қазақ жерінде 68 жұмысшылар
кентімен 43 қала пайда болды.
Оның ішінде, өнеркәсіп
орталығы болып саналған
Рудный, Екібастұз, Шевченко
(қазіргі Ақтау), Никольский,
Степногорск, Теміртау,
Жаңатас, Кентау, Арқалық
қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды
дамып, тың және тыңайған
жерлер игерілді. Кеңшарлар
мен ұжымшарлар салынды.
Мал саны көбейіп, ауыл
шаруашылығының өнімдері
жыл сайын артып отырды.
Марапаттары
Үш мәрте
Социалистік Еңбек
Ері (1972, 1976,
1982)
8 Ленин ордені
Еңбек Қызыл Ту
ордені
Медальдар
Мақалалары мен
кітаптары
1978 жылы – «Кеңестік
Қазақстан», «Таңдамалы
сөздері мен мақалалары»
1992 жылы – «О моём
времени»
1994 жылы - «От Сталина
до Горбачёва»
1994 жылы - «Ақиқаттан
аттауға болмайды»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz