Ақшаның шығу тарихы, символы және материалдық эволюциясы


Slide 1

Ақшаның шығу тарихы

Slide 2

Қызықты мәліметтер

Гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар және ертедегі Русьтер

Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды

Slide 3

Скандинавияда - аң терісі

Slide 4

Қытайда - шай

Slide 5

Аббисинияда - тұз

Slide 6

Орыстың «монета» сөзі Ежелгі Римнен келген. Рим құдайы Юнона Монета лауазымына ие болған, латыншадан аударғанда бұл «алдын ала ескертуші» немесе «кеңесші» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы құдайдың ғибадатханасының жанында металл ақшаларды соғатын шеберханалар болған. Осы шеберханалардың өнімдерін монета деп атай бастаған, ал ағылшын тілінде осы сөзден «money» деген ақшаның жалпы атауы шыққан.

Slide 7

Ежелгі Грецияның мемлекеттерінде қарапайым ақшалар болғанымен, Спартада ақшаның орнына ауыр және ыңғайсыз темір шыбықтарды пайдаланған. Бұл спарталықтардың байлыққа құмар болмауы үшін, сонымен қатар аз ұрлап, пара бермеуі үшін жасалған әрекет. Ал Батыс Африкада бұндай темір шыбықтар 20 ғасырға дейін пайдаланылған және “кисси” деп аталған.

Slide 8

Әлмеге танымал доллардың белгісі ($) америкалық валюта пайда болғанға дейін, тіпті Құрама Штаттарға дейін болған. Бастапқыда ол АҚШ-тың өз тиынын соғып шығарғанға дейін, шекарасында кең қолданыста жүрген мексикалық песоны белгілеу үшін пайдаланылған. Сол кезеңнің құжаттарын зерттеу көрсеткендей, бұл белгі P мен S әріптерінің қосындысынан пайда болған. Ps аббервиатурасы песоны белгілеу үшін пайдаланылған.

Slide 9

Бүгінде Перта (Австралия) ақша сарайы жасаған алтын тиын әлемдегі ең ауыр тиын (монета) болып саналады. Оның салмағы 1 тоннаға тең. Ол 999-шы сынамадан жасалған, диаметрі 80 см, ал қалыңдығы 12 см. Алыптың атаулы құны - 1 миллион доллар, бірақ мамандар алтынды кесектеп сататын болса оны шамамен 55 миллионға сатуға болатынын есептеген.

Slide 10

Исаак Ньютонның есімі көбімізге аңызға айналған алма мен жердің тарту күші заңымен таныс. Алайда оның адамзатқа жасаған тағы бір жаңалығы бар. Ол британ Корольдық теңге сарайының басшысы болып жүргенде тиынның жиегін бұдырлап соғуды ұсынған. Бұл сол кездері үлкен мәселе болған, тиындарды қолдан жасау мен соғуды қиындата түсті.

Slide 11

Әдетте ақша көрсетілген бағаға сай келеді. Бірақ бұл қолданыстан шыққан, жәдігерлік және коллекциялық даналарға қатысты емес. Бүгіндікке «Жалбыр Шаш» деп аталатын, АҚШ-та 1794 жылы соғылған доллар ең қымбат тиын болып саналады. Ол аукционда 7 850 000 долларға сатылған.

Slide 12

Қағаз ақшалар, атына қарамастан шын мәнінде қағазға басылып шығарылмайды. Олар тозуға төзімді, мақта мата мен зығырдан тұратын материалдан жасалған. Бұдан өзге, қазір көптеген елдерде банкноттарды басып шығаруға жаңа материалдарды пайдалануға тәжірибелер жасалып жатыр. Бұл олардың төзімділігін арттыра түспек. Осылайша, Австралия, Қытай, Бразилия, Солтүстік Ирландия, Румыния мен басқа да елдер банкнотты басып шығаруға арнайы жіңішке пластик материалдарды пайдалана бастаған.


Ұқсас жұмыстар
Ақшаның шығу тарихы, түрлері, қызметтері және ақша массасы мен инфляция факторлары
Көшпелілер өркениеті: шығу тегі, эволюциясы және зерттеу тарихы
Ақшаның мәні, пайда болу тарихы және экономикадағы қызметтері
Ауыл шаруашылығы жануарларының шығу тегі, қолға үйретілуі және эволюциясы
Жылқының шығу тегі, эволюциясы және тұқымдарын шығару әдістері
Адамның шығу тегі мен эволюциясы: антропогенез, ғылыми көзқарастар және нәсілтану
Ақшаның пайда болу және даму тарихы: тарихи кезеңдер мен ақша теориялары
Адам эволюциясы мен антропогенез: шығу тегі, жүйелеуі және биологиялық-әлеуметтік факторлар
Микроэкология: микробтық паразитизмнің эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Көшпелілер өркениеті мен мәдениеті: шығу тегі, эволюциясы және Қазақстандағы мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz