Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні




Презентация қосу
№2 САБАҚ «ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА
ТАРИХИ ШОЛУ»

" Кәсіпкер әрдайым өзгерісті іздейді, оған реакция
жасайды және оны мүмкіндік ретінде пайдаланады "
– Питер Друкер
Сабақ мақсаты:
• Экономикадағы кәсіпкерліктің мәнін түсіну;

• Микроэкономика мен макроэкономика
арасындағы айырмашылықты түсіну;

• Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің
тарихын талдай білу;
Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні
Біз сіздермен өткен тақырыптарда кәсіпкерлік —
тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын
игілік терді өндіру немесе бөлу екенін айтып өттік.
Одан бөлек, кәсіпкерлік — өндіріс немесе сауда ғана
емес, ең бастысы ол жаңа кәсіпорындар жаңа жұмыс
орындарын құрады. Сондықтан көптеген елдің
өкіметтері кәсіпкерлікті қолдауға, жаңа кәсіпкерлерге
көмек көрсетуге тырысады: түсімге салынатын
салықтың мөлшерін азайтады, шағын және орта
бизнесті дамытуға тиімді несиелер ұсынады, ақпараттық
және қаржылық қолдау көрсетеді.
Сонымен, кәсіпкерліктің жолында нендей кедергілер бар?
Неліктен кейбір елдерде кәсіпкерлік шарықтап дамиды, ал
басқа елдерде олай емес?
Ең алдымен, кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдау, болашаққа
деген сенімділік қажет.
Кәсіпкерлер өз құқықтарының қорғалатынына сенімді болмаса,
олар жаңа кәсіпорын ашуға құлшынбайды, себебі оны құру көп
әрі қажырлы еңбекті қажет етеді

«Мемлекетте жемқорлық етек жайса, кәсіпкерлік
дамымайды, керісінше, құлдырай бастайды.»
Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні
Сіз кәсіпкер бола аласыз ба, жоқ па, — оны экономика деген
кеңістікте әрекет ету арқылы білуге болады.
Экономиканың басты сұрақтары
Ең алдымен, «экономика » ұғымы не білдіретінін қарастырайық.
«Экономика» сөзінің авторы — біздің заманымыздан бұрыңғы ІV ғасырда
өмір сүрген, ежелгі грек жазушысы, тарихшы Ксенофонт. Бұл ұғымды
Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Бұл ұғым әлі күнге дейін маңызын
жоймады.
Экономика — игіліктер өндірісі, оның бөлінуі, тұтынылуы туралы
ғылым, яғни экономика шектелген ресурстары бар қоғамда
адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін не, қалай
және кім үшін өндіру қажет деген мәселелерді қарастырады.
Экономиканың басты сұрақтары:

Басты сұрақтар:
«Не?»: не өндіру қажет?
«Қалай жасау қажет?»
Оны кім сатып алады?
Макроэкономика мен микроэкономика
Экономиканың жеке тұлғалары туралы, айталық, «заманауи кәсіпкер » деген
— кім, оны не ынталандырады, ол тұтынушылардың мәселелерін қалай
шешеді?» т.с.с. мәселелер микроэкономиканың зерттеу нысанына жатады.
Микроэкономика жеке фирмалар мен тұтынушылар арасында экономика қалай
және неліктен қызмет ететінін зерттейді.

Микроэкономика түрлері:
отбасы экономикасы;
аймақ экономикасы;
фирма экономикасы;
нарық экономикасы.
Макроэкономика мен микроэкономика

Экономиканың мәнін, барлық экономикалық үдеріс пен
құбылыстар арасындағы өзара байланысты біртұтас жүйе
ретінде қарастырсақ, макроэкономика тұрғысынан
талдаймыз.
Макроэкономика мәселені кең ауқымда қарастырады.
Ол экономикалық жүйенің, оның секторларының
қызметін жалпы сипаттайды.
Экономика теориясының екі бөлімі де өте маңызды
Оның зерттеу нысаны:
1. Ақша жүйесі мен инфляция (елдегі ақша айналымы, ұлттық
валютаның басқа елдің валютасына шаққандағы құны, нақты бір ақшаға
қанша тауар сатып алынатыны, қанша қызмет көрсетілетіні);
2. Жұмыссыздық (елдегі еңбек етуге қабілетті, еңбек етуге дайын, бірақ
жұмыс таба алмай жүрген халықтың саны);
3. Сыртқы сауда (елдің басқа мемлекеттермен, нақты қандай елдермен
қандай бағада немен сауда жасай алатыны);
4. Экономикалық өсім (белгілі бір уақытта елдегі өндірілген тауар мен
қызмет құны қаншалық өскені).
“АТАМЕКЕН” ҚР ҰКП
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР
1-тапсырма
Қай мысалдар микроэкономикаға, қайсысы
макроэкономикаға жататынын анықтаңыз:
• 2018 жылғы маусымда Қазақстандағы
жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды;
• Өткен жылы компаниядан 8 адам
босатылды;
• Павлодар облысында картоптың шығымы
төмендеуіне байланысты бір килограмм
картоптың құны 120 теңгеге дейін өсті;
• Тұтыну тауарларының бағасы бір жылда
15,9% өсті;
• АҚШ долларының теңгеге қатысты
бағамының
өзгеруіне байланысты жаңа автокөлік сату
40,4%-ға азайды;
• Apple компаниясы iPhone — 6S, iPhone SE
және iPhone-7 өнімдерінің арзандағанын
хабарлады.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму
тарихы
Қазақстандағы кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан бастау алады.
Қазақстан ежелден үлкен аумақты иемденген, ол жерлерден бүкіл әлемдік
сауда жолы — Ұлы жібек жолы өткен болатын. Сондықтан оның
аумағында ішкі не сыртқы сауда дамумен қатар қызмет жүйесі, көлік
логистикасы дамыған.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму
тарихының кезеңдері:
Ұлы жібек жолы уақыты;
Орта ғасырлар;
Кеңес Одағы уақыты;
90-шы жылдар;
Дамудың қазіргі кезеңі.
Орта ғасырлар
Қазақтар ежелден мал бағып, жер игеріп, кен қазып, мыс, темір, күміс, алтын балқытқан. Ұлы
жібек жолы қол өнердің, мәдениеттің дамуына, сауда қатынасына ықпал етті. «Не өндірілді?»
деген сұраққа келер болсақ, мал шаруашылық өнімдері (ет, сүт өнімдері, жүн, тері, былғары
өнімдері, кілемдер, киіз және т.с.с) шығарылғанын айтуға болады. «Қалай?» деген сұраққа келсек,
мал, егін шаруашылығы, металлургиямен айналысқанын байқаймыз. Көшпелі-жайылымдық мал
шаруашылығында тері, сүйек, жүн, мамықты шикізат көзі ретінде пайдаланған. Қазақ
шеберлерінің бұйымдары Азияға ғана емес, одан тыс жерлерге де тарай бастады. «Кім үшін
өндірілді?» деген сұраққа келсек, ең алдымен, өнімді жергілікті халық тұтынды, сонымен қатар
сауданың дамуына байланысты Қытай мен Ресейге, басқа да шет мемлекеттерге тасымалданып, ол
жерлерде де пайдалана бастады
Кеңес Одағы

Республикада ХХ ғасырдың 30-жылдарының соңында индустрия ландыру үдерісі
басталды, бұл Қазақстанға КСРО-ның ең ірі өнеркәсіптік өңірлерінің біріне
айналуға мүмкіндік берді. Одан әрі Кеңес Одағының экономикасы жоспарлы
экономикаға көшті, «Не?», «Қалай?» және «Кім үшін?» деген сұрақтар мемлекет
тарапынан реттелетін. Кәсіпкерлік (бизнес) алып-сатарлық ретінде танылып, заң
бойынша қудаланды. Уақыт өте келе Қазақстан шикізат өнімдерін, яғни дәнді
дақылдарды өндіріп, қорғаныс, өнеркәсіп қажеті үшін КСРО-ны қорғасын, мырыш,
титан, магний, қалайы, фосфор, хром, күміс және молибденмен қамтамасыз етті.
Дамудың қазіргі кезеңі
Президентіміз шағын және орта бизнесті қолдап, дамытуға ерекше мән беріп отыр.
Қазіргі уақытта берік экономикалық негіздер қалыптасты. Экономиканың «Не
өндіру керек?» деген сұрағына жауап берейік. Негізінен бұған бәсекеге қабілетті
ауылшаруашылық өнімдері (астық, бақша, майлы және басқа да дақылдар,
малшаруашылық өнімдері), көмірсутекті шикізат өндірісі (мұнай, газ өндіру) және
пайдалы қазбалар өндірісі (қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі) жатады.
Жаһандану, постиндустриялық қоғамды қалыптастыруға бағытталған үдерістердің
әсері ерекше.
«Кім үшін өндіру қажет?» деген сұраққа келер болсақ, қазіргі заманда бизнес
халыққа — тұтынушыларға, бизнес - құрылымдар мен мемлекетке бағытталған:
B2B(ағылшын тіліндегі «Business to Business» тіркесінің қысқарған түрі) —
«бизнеске арналған бизнес »: отандық және шетелдік фирмаларға арналған
өндіріс;
В2С (ағылшын тіліндегі «Business to Customer» тіркесінің қысқарған түрі) —
«клиент үшін бизнес», яғни тұтынушы немесе жеке тұлғаға арналған бизнес:
халыққа арналған тауарлар өндіріп, сату, қызмет көрсету;
В2G(ағылшын тіліндегі «Business to Goverment» тіркесінің қысқарған түрі) —
«мемлекет үшін бизнес »: кәсіпкерлер мен фирмалардың мемлекеттік сатып
алуға қатысуы.
Республиканың болашақ дамуы
Енді таяу аралықта Қазақстанда кәсіпкерлік қалай дамитынын қарастырайық.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында
азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, елдің экономикалық өсуінің тұрақты
етуге, шағын бизнесті қолдап, дамытуға ерекше мән беріледі.

«Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық
бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын
және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030
жылға қарай кем дегенде екі есе өсуі тиіс»
Тапсырма
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің
негізгі экономикалық мәселелер призмасы арқылы
дамуын қарастырып, «Не?» «Қалай?» және «Кім
үшін?» орта ғасырларда, КСРО дәуірінде және
өтпелі кезеңде Қазақстан территориясында не
өндірілгендігін талдап көріңіз.
“АТАМЕКЕН” ҚР ҰКП

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Кәсіпкерліктің мәні
Фармациядағы шаруашылық субъектілерге банктік қызмет көрсету
Инновациялық қызметтен табыс алу
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының болашағы мен мәселелері
Кә сіпкерліктің даму эвалюциясы
Кәсіпкерліктің функциялары
Кәсіпкерл
Кәсіпкерліктің жіктелуі
Бәсеке туралы
Пәндер