КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ


Slide 1

№1 Сабақ: КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ

" Кәсіпкер - бұл өзіндік көзқарасы бар және жаңа нәрсе жасағысы келетін адам "

Дэвид Карп

Slide 2

Құрметті 10 сынып оқушылары !

Осы тоқсанда сізді 16 сабақ күтіп тұр. Онда біз кәсіпкерлікті экономикалық құбылыс ретінде қарастырамыз. Осы тоқсанда сіз:

Кәсіпкерлік ойлау қабілеті дегеніміз не екенін;

Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек екенін;

Кәсіпкердің бизнесмендерден қандай айырмашылығы барын біле аласыздар;

Кәсіпкерліктің пәні, мақсаттары және міндеттерімен танысасыздар;

Жаңа алынған білім призмасы арқылы біздің еліміздегі кәсіпкерліктің даму тарихын қарастырасыз;

Өндіріс үшін қандай ресурстар мен факторлар қажет екенін білесіз;

Сұраныс пен ұсыныс заңына талдау жасауды үйренесіз, тапшылық, артықшылық және нарықтық тепе-теңдік ұғымдарымен танысасыз.

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

«Жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» ұғымдарымен танысу;

Кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсіну.

Slide 4

Кәсіпкерлік ойлау қабілеті дегеніміз не?

Кәсіпкерлік ойлау қабілеті - бұл өз ісін ашқысы келген болашақ кәсіпкердің ғана емес, сонымен бірге қазіргі уақыттағы бәсекеге қабілетті болғысы келетін әрбір азаматтың бойында болуы тиіс және де күнделікті дамытуды талап ететін қасиет

Slide 5

Кәсіпкерлердің және бизнес-көшбасшылардың қарапайым адамдардан қандай айырмашылығы бар?

Кәсіпкерлерге ойлаудың үш ерекше қабілеті тән:

олар белсенді;

жауапкершілігі мол;

нәтижеге жетуге ұмтылады.

Мұндай ойлау қабілеті бар адамдар ешқашан дайын нәрсені күтіп отырмайды, олар кез келген істі алдын ала жоспарлайды, өз ісіне сенімді болады және жоспарлаған ісін жарты жолда тастап кетпейді.

Slide 6

Кәсіпкер

Өз идеясын іске асыру үшін олар жаңа бастамаларды қолға алуға, сондай-ақ іс-әрекетін қатаң қадағалап, кез келген істе жауапкершілік алуға әрдайым дайын тұрады. Егер қиындыққа тап болса, олар бұл жағдай үшін басқа адамдарды немесе жағдаятты кінәламайды, сынамайды және шағымданбайды.

Кәсіпкерлік ойлау қабілеті - бұл XXI ғасырдың қажетті дағдысы болып табылатын өнертапқыштық, яғни өмірде әлі жоқ жаңа нәрселерді ойлап таба алу және іске асыра білу мүмкіндігі.

Slide 7

Кәсіпкерге тән негізгі қасиеттер:

Тез бейімделгіштік - жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндігі.

Ұтқырлық - өмірлік жағдаяттарға тез арада жауап беру қабілеті.

Бірақ бүгінгі күнде осы аталған дағдылар кәсіпкерлер мен жалдамалы жұ мыс шыларға, мұғалімдерге, сарапшыларға, студенттерге барлығына бірдей қажет.

Slide 8

Кәсіпкерлік және бизнес

Кәсіпкерде, бизнесменде адамдар үшін игілік

өндірумен айналысады, яғни олар адамдардың

түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, оларға пайда әкелетін өнім өндіреді.

Олар тұтынушылардың қажеттіліктерін, яғни

олардың өміріндегі қандай да бір жетіспеушілік сезімін қанағаттандыра отырып, нарықтық бағасы мен құндылығы бар нәрселерді өндіреді.

Slide 9

Жеке кәсіпкер дегеніміз кім?

Біз сіздермен кәсіпкерлер мен бизнес көшбасшылардың ойлау қабілеті бойынша қарапайым адамдардан қандай айырмашылығы барын білдік. Енді олардың бір-бірінен қандай ерекшелігі барын анықтап көрейік.

Жеке кәсіпкер - заңды тұлға құрмайақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерліктің негізгі мақсаты тұтынушылардың

қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін игіліктер өндіру нәтижесінде жүйелі

түрде пайда көру болып табылады.

Slide 10

Кәсіпкер дегеніміз кім?

Бизнес әдебиетке шолу жасай отырып, кәсіп кер мен бизнесменге қатысты бірнеше айырмашылықты табуға болады.

Олардың негізгілері мыналар:

Кәсіпкер жаңа идеяларды іске асырады және жаңа тауар жасаумен, қызмет көрсету түрлерін құрумен айналысады,

Бизнесмен болса нарық үшін дәстүрлі тауар немесе қызмет көрсету түрін өндірумен байланысты тәуекелі төмендеу салаларда коммерциялық қызметті жүзеге асырады.

Slide 11

1-тапсырма

Өз елді мекеніңізден шыққан кәсіпкерге мысал келтіріңіз.

Қазақстанда ең беделді кәсіпкер ретінде кімді айтуға болады? Неге олай санайтыңызды түсіндіріңіз. ?

Табысты кәсіпкердің, бизнесменнің ерекше сипаттарын келтіріңіз.

Slide 12

Жоспарлай білу

Кәсіпкер үшін негізгі біліктіліктердің бірі - жұмысын дұрыс жоспарлай алу, яғни алға қойылған мақсатқа жету үшін ресурстарды оңтайлы бөліп орналастыру.

Slide 13

Жоспарлаудың кезеңдері:

Жоспарлау бірнеше кезеңнен тұрады:

Мақсат құру

Әрекеттер бағдарламасын жасау

Іс­қимылдардың нұсқалық бағдарламасы

Қажетті ресурстарды анықтау

Орындаушыларды анықтау

Жазбаша жоба құру

Slide 14

Велосипед

Телефон мен планшет

Машина

Білім

Демалыс

Сіздің мақсаттарыңыз қаншалықты өзгеріп отырады?

Скутер

Notes: С возрастом наши цели меняются и становятся масштабнее. Примерно вот так это происходит на протяжении жизни человека.

Интерактивный вопрос: Как вы думаете, когда вы создадите свою семью, что правильнее - взять ипотеку, снять квартиру или жить с родителями?


Ұқсас жұмыстар
Су моншақпен жұмыс Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде көркемдік қолөнерінің эстетикалық тәрбиелік мәні
экономикалық институттар,меншік және кәсіпкерлік
Бизнес жоспар туралы
Кәсіпорын экономикасы
Кәсіпкерліктің даму тарихы
Кәсіпкерлікті қаржылық қамтамасыз ету
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
Шағын кәсіпкерлік
Цифрландыру динамикалық үдеріс
Мемлекет басшының Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер Жолдауының жүзеге асуының маңызды факторы - цифрлық технология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz