Тұлғаның қалыптасуы



Педагогика - тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және қозғаушы күштері
Орындаған: Құсаинова Назерке
Тексерген: Адасканова Жадыра

Негізгі сұрақтар:
Педагогика - тәрбие туралы ғылым
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қозғаушы күштері

Педагогика - тәрбие туралы ғылым
Педагогика пәні, адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдардың бірінен саналады.
Педагогика пәні - адамның адамды тәрбиелеуі; педагогика пәні-тәрбиелік іс-әрекет; педагогика пәні-арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала. Ең негізгісі педагогика - тәрбие туралы ғылым.
Педагогика - тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекшк заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке тұлғаның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу.
Педагогика - жас ұрпақ пен ересектерге жан - жақты тәрбие, білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым.

Білім беру
Білім беру - бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Қазіргі атом, космос халық шаруашылығының автоматтандыру дәуіріде білім беру ғылыми - техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.

Оқыту
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушыны мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Тұлғаның қалыптасуы
Тұлғаның қалыптасуы - барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т. б. ) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі.
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи нақтылы жағдайында, оны оқыту мен тәрбиелеуде қалыптасады. Психология тарихын бүл мэселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.
Биогенетикалық бағытта жеке тұлғаның дамуы биологиялы тұқым қуалау факторымен анықталады.
Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады.

Тұлғаның дамуы
Тұлғаның дамуы - адамның ағзасындағы сандық және сапалық өлшемдердің өзгеру процесі.
Тұлға дамуының қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар. Ол іс-әрекеттер мен қарым-қатынастарда, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттіліктен туындайды.
Ішкі қарама-қайшылық- жеке тұлғаның ойы қоршаған ортамен, табиғатпен байланыспағанда туындайтын қарама-қайшылық;
Сыртқы қарама-қайшылық - қоршаған ортаның талап-тілектері мен заңдарына, тәртібіне, қағидаларына жеке тұлғаның іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылық;
Жалпы қарама-қайшылық- жеке тұлғаның ойы, талап-тілектері, іс-әрекетінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қағидалар мен заңдар, рухани дүние мен материалдық жағдай арасындағы қарама-қайшылық.

Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Педагогикада және психологияда тұлға және оның дамуы проблемасы бойынша үш бағыт болды: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz