Жасуша компоненттері


Slide 1

Жасуша органоидтары

Орындаған: Пернебай Талшын

Slide 2

Жоспар:

Цитоплазма

Эндоплазмалық тор

Митохондриялар

Рибосомалар

Гольджи аппараты

Лизосома

Клетка орталығы

Пероксисомалар

Сферосомалар

Микротүтікшелер

Пластидтер

Вакуольдер

Қосындылар

Slide 3

Цитоплазма

Цитоплазма - жасушаның ядродан басқа барлық ішкі құрылымдық бөлігі. Ол жасушаның метаболизмі жүретін жұмысшы аппараты. Мұнда негізгі метаболизмдік процестер - белок синтезі, гликолиз, жасушадағы қозғалыстар мен оның жіктелуі жүреді. Цитоплазманың жіктелуі мен оның жеке компоненттерінің мамандануы ядроның бақылауымен іс жүзіне асырылады. Цитоплазманың маманданған құрылымдарына миофибриллалар, нейрофибриллалар мен тонофибриллалар жатады.

Slide 4

Эукариоттық жасушалардың цитоплазмасы гиалоплазмадан, мембраналы және мембраналы емес компоненттерден тұрады.

Гиалоплазма (грекше hyalinos-мөлдір) цитоплазманың ішкі тұрақты ортасы, күрделі коллоидты жүйе. Ядро мен органоидтарды байланыстыратын және цитоплазманың коллоидтық қасиеттерін (қозғалысын iске асыратын тұтқырлығын) қамтамасыз ететін жасуша ішілік процестерді іске асыратын ішкі орта. АТФ молекуласының орналасатын ең маңызды жері және зат алмасу процесінде пайда болған гликоген, май тамшылары, пигменттер де орналасады.

Slide 5

Жасуша компоненттері

Мембраналы

Мембраналы емес

Вакуольді жүйелер:

Гольджи аппараты

эндопоазмалық тор

лизосомалар

пероксисомалар

сферосомалар

өсімдіктер вакуольдері

Мембраналы органоидтар:

пластидтер

митохондриялар

жасуша орталығы (центриоль)

рибосомалар

микротүтікшелер

микрофиламенттер

Slide 6

Жасуша компоненттері

Арнайы қызмет атқаратындар

Жалпы қызмет атқаратындар

жасушалардың белгілі бір типтеріне ғана тән: бұлшық ет жасушасының жиырылғыштығын қамтамасыз ететiн миофибрилдерге, тыныс алу жолдарын астарлап жатқан эпителий кiрпiкшелерiне, ащы iшек бүрлерiне және т. б.

барлық жасушаларға тән, оларға эндоплазмалық тор (ЭПТ), пластидтер, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар, Гольджи аппараты, жасуша орталығы және микротүтiкшелер жатады.

Slide 7

Эндоплазмалық тор

Ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекелердден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген органелла. Ядро қабықшасын сыртқы мембранамен біртұтас етіп байланыстыратын ірі қуыстар мен каналдар, түтікшелер түзетін мембраналы жүйе. Мембранасының қалыңдығы 7 нм. ЭПТ жасушада тасымалдаушы рөл атқарып, қажетті заттардың жасуша ішіне енуін және органоидтардың бір-бірімен байланысуын қамтамасыз етеді.

Slide 8 Slide 9

ЭПТ екі түрі бар:

Түйіршікті (гранулалы)

Түйіршіксіз (агранулалы)

Жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады

Қабырғаларында рибосомалар болмайды

Slide 10

Түйіршіксіз ЭПТ

Бір-бірімен байланысқан түтікшелерден тұрады.

Қызметі:

Липидтер мен стероидты гормондар және қанның құрамындағы липопротеидтер синтезделеді.

Дәрілер мен улы заттарды детоксикациялайды.

Гликогенді синтездейді

Кальцийді жинап, сақтайды.

Slide 11

Түйіршікті ЭПТ

Басты қызметі - мембранаға бекінген рибосомаларда белок синтезінің жүзеге асырылуы. Без және жүйке жасушаларында көп. ЭПТ мембранасында рибосомалардың көп болуы синтетикалық процестің қарқынды жүретінін көрсетеді. Клеткадағы потологиялық жағдайда ЭПТ-мен байланысқан рибосомалардың саны күрт азаяды. Түйіршікті ЭПТ жасушалық мембраналарды өңдеуге қатысады. Мұны жасушалық мембраналар “фабрикасы” деп атайды. Себебі, Гольджи аппаратының, ЭПТ-дың, плазмалық мембрананың мембраналары осында түзіледі.

Slide 12

Митохондриялар

Сопақша және таяқша пiшiндi қос мембраналы органоидтар. Сыртқы мембранасы тегiс, ал iшкiсi көптеген қатпарлар - кристалар түзедi. Жасушаның қызметiнiң қарқындылығына байланысты митохондриялар саны (150-ден 1500-ге дейiн) ауытқып отырады. Митохондрияның матриксiнде ферменттер, рибосомалар, ДНҚ, РНҚ болады. Қызметi АТФ-тi синтездеу, жасушаның тыныс алу және энергетикалық орталығы болып табылады. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі.

Slide 13 Slide 14

Рибосома

Мебраналық құрылымы жоқ дөңгелік пішінді, мөлшерi 20-30 нм, кіші және үлкен бірліктен тұратын органоидтар. Рибосомалар р-РНҚ мен ақуыздан тұрады. Кiшi бiрлiгi р-РНҚ-ның бір молекуласынан және түрлі ақуыздардың 33 молекуласынан түзіледі. Ал үлкен бірлігі р-РНҚ - ның 40-қа жуық ақуыздардан тұрады. Рибосоманың екі жүлгесі болады, оның біреуіне полипептидтік тізбек тізбектеледі, ал екіншісіне м-РНҚ байланысады. м-РНҚ-ның бір молекуласы бірнеше рибосомалрды біріктіріп, полисомалар түзеді.

Slide 15 Slide 16

Гольджи аппараты

Бірінің үстіне бірі жанаса орналасқан дискі тәрізді ірі қуыстардан (цистерналардан) тұрады. Ол қуыстардан жан-жаққа ұштарында көпіршіктері бар түтікшелер тарайды.

Қызметі:

Синтез және ыдырау өнімдері, жасушаға түсетін және жасушадан шығарылатын заттар жинақтау.

Лизосома түзу

Секрет түзу және бөліп шығару

Slide 17 Slide 18

Лизосома

Дөңгелек пішінді, ең ұсақ, бір қабатты мембраналы органоид, диаметрі 0, 4-0, 5 мкм. Олардың жасушадағы саны жасушаның тіршілік әрекетінің қарқындылығына байланысты. Астың қорытылуын және жасушаның физиологиялық жойылуын қамтамасыз етеді, қорғаныштық қызмет атқарады. Лизосомаларды 1955 жылы биохимик Де Дюв ашқан. Осы органелланың құрамында 50-ге тарта түрлі гидролиттік ферменттер (протеазалар, липазалар, фосфолипазалар, нуклеазалар, гликозидазалар, фосфатазалар, оның ішінде қышқылды фосфотаза т. б. ) бар.

Slide 19 Slide 20

Клетка орталығы (центриоль)

Мембраналық құрылымы жоқ екі центриольдан тұратын ультрамикроскопиялық органелла. Жануарлар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің жасушаларының бөлінуіне қатысады.

Центриольдің диаметрі 0, 1-0, 5 мкм, ұзындығы 0, 3-0, 6 мкм цилиндр тәрізді денешік, қабырғасы бір-біріне параллель орналасқан микротүтікшелердің 9 триплетінен тұрады. Әртүрлі жасушалардағы түтікшелердің саны тұрақты. Центриольдің микротүтікшелер жүйесінің формуласы 9+0 немесе (9х3) + 0.

Slide 21 Slide 22

Пероксисомалар (микроденешіктер)

Бір мембраналы вакуольдер, мөлшері шамамен 0, 3 - 1, 5 мкм, гранулалық матриксінің ортасында нуклеоид орналасқан, бірақ бактериялардың нуклеоидтарына сәйкес келмейді. Пероксисомадағы нуклеоидтың құрамында көптеген ферменттер бар. Пероксисомалар қарапайымдыларда, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда (ашытқылар), жоғары сатыдағы өсімдіктердің эмбриональді ұлпаларында, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың бауыр және бүйрек жасушаларында кездеседі.

Slide 23 Slide 24

Сферосомалар


Ұқсас жұмыстар
Биологиялық мембрананың өткізгіштік механаимі. Иондық каналдар және тасымалдаушылардың құрылысы мен функциясы. Электрогенез механизмі
Өсімдіктер географиясы
Жасуша ұғымы
Жасуша мембранасы
ЖАСУШАНЫҢ ЕСКІРУ МЕН ӨЛУІ
Кребс циклі
Адам тіндерінің маңызды липидтері
Хромосомалардың Денверлік номенклатурасы
Жасушалық цикл туралы түсінік
Омыртқалылардың гранулоциттері және моноциттері, макрофагтардың таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz