Ақпараттық жүйелер


Slide 1

Тақырыбы:«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы

Орындаған:Әбдірей Л., Балғабаева Ж.

Қабылдаған:Курмангалиева Н.

Slide 2

Ақпараттандыру дегеніміз не?

Ақпараттандыру, информатика (франц. іnformatіon - информация және automatіgue - автоматика сөздерінен шыққан, яғни ақпаратты автоматика) - ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әр түрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.

Slide 3

Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгия ғалымы П. Отле ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру ешқандай ақпараттануға елеулі өзгеріс енгізе алмады.

Slide 4

Электронды есептеу машинасының пайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да Ақпараттану дербес пән ретінде 50-жылдардың басында қалыптасты.

Ал Ақпараттану Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанынан ғылыми-технологиялық ақпарат және техника, экономика ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары: ғылыми-технологиялық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау.

Slide 5

Ақпараттандыру

Объектісі

Субъектісі

электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстармен электрондық қызметтер көрсету

Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар

Slide 6

Ақпараттық жүйе-бұл төмендегі міндетті элементтерді қамтитын барлық ақпараттық-құжаттық ағындарды басқару процесінде іске қосылған тұтас мекемелер инфрақұрылымы:

-Ақпараттық модель-АЖ әрекет ету ережелері мен алгоритмдердің жиынтығы (құжат формалары, анықтамалар құрылымы, т. б. ) ;

-Ақпараттық модельдің даму регламенті мен оған өзгерістер енгізу енгізу ережелері;

-Ақпараттық модельдің қалыптасуы мен дамуына жауап беретін кадрлық ресурстар (даму департаменті, тартылатын кеңесшілер) ;

-Бағдарламалық кешен;

-Бағдарламалық кешенге өзгерістер енгізу регламенті;

-Пайдалану талаптарына жауап беретін ақпаратты-техникалық база;

-Пайдалану ережелері;

Slide 7

Ақпараттық жүйе мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінеді.

1. Мемлекеттік ақпараттық ресурстарға мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылатын (қолдау көрсетілетін), Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен есепке алынуға және қорғалуға тиіс ақпараттық ресурстары жатады.

2. Мемлекеттік емес ақпараттық ресурстарға жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық ресурстары жатады.

Slide 8

Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы:

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР (1-4-бап)

2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ (5-15-бап)

3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ (16-20-бап)

http://adilet. zan. kz/kaz/docs/Z15418

Slide 9

2-БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

4-тарау. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» (21-31-бап)

5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР (32-36-бап)

6-тарау. Ақпараттық жүйелер. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі (37-44-бап)

7-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ (45-47-бап)

8-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ СЫНАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУ (48-52-бап)

9-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ (53-56-бап)

3-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

10-тарау. ҚҰЖАТТАРҒА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КЕЛІСУ (57-60-бап)

11-тарау. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫН ДАМЫТУ (61-62-бап)

12-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ (63-63-бап)

13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР (64-67-бап)

Slide 10

Ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді қорғаудың мақсаттары:

Тұлғаның, мемлекеттің және қоғамны ақпараттық қауіпсіздігі;

Ақпараттық ресурстардың сыртқа кетуін, ұрлануын, жоғалуын, бұрмалануын, қолдан жасалуын болдырмау;

Оларға рұқсатсыз қол жеткізуді, пайдалануды және таратуды, зиян, залал келтіруді болдырмау;

Ақпараттық ресурстарда бар жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтердің құпиялығын сақтау;

Slide 11

Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

автоматтандыру - ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, өзгертуді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі;

ақпараттандырудың сервистік моделі - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құруға немесе дамытуға, сондай-ақ оларды көрсетуге негізделген, мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандырудағы орталықтандырылған тәсілді іске асыру

ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;

цифрлық сауаттылық - адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіптік қызметінде пайдалана білуі;

Slide 12

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері:

Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын ақпараттық технологиялар дамуының қазіргі заманғы әлемдік деңгейін ескере отырып қалыптастыру мен дамыту, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары болып табылады.

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай принциптерге негізделген:

1) ақпараттық қызметтер көрсету рыногының еркін дамуы;

2) ақпараттандыру саласындағы ұлттық қауіпсіздік мүдделерін, жасырын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;

3) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарды сапалы және тиімді ақпараттық қамтамасыз ету;

4) ақпараттық ресурстарды еркін және тең құқылы алу, тарату және пайдалану жағдайларын жасау.

Slide 13

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) ақпараттық қызметтер көрсету рыногын қалыптастыру үшін жағдайлар қамтамасыз етуге;


Ұқсас жұмыстар
МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Автоматтандырылған ақпараттық
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе бір жүйелер масштабта процессті бірнеше қамтитын ұйымдар
МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелер
Интеллектуалды ақпараттық жүйелерді құру негіздері
Зияткерлік ақпараттық жүйе
Ақпараттық жүйелер құрылымы
Ақпараттық жүйе түсінігі
Ақпараттық - аналитикалық жүйенің компоненттері және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz