ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Презентация қосу
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ
ЖАҢҒЫРУ
СТУДЕНТ: САДАКБАЕВА ДИАНА
ГРУППА: ЭКО-201
ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн
санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын
қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін
өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға
сіңіруіміз керек.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше,
замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына
айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын
құдіретімен маңызды. Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін
үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен
ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір
қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақ
стандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім.
1.БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі
бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге
мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың
аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса
сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы.
Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім,
қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары
болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның
табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік
қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ
стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты
қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік
сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты
факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті
алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және
конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар -
ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ
ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
2. ПРАГМАТИЗМ
Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны
үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу,
ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол
бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі - орынсыз
сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен
қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті
көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын
ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр
нәрсені ұтымды пайдалану - мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл -
заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір
межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі,
елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.
Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес
идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз
емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы - коммунизм, фашизм және
либерализм біздің көз алдымызда күйреді. Бүгінде радикалды идеологиялар
ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз
тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа
жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола
алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият
ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың
ұраны болуға жарайды.
3. ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің
көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз
бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,
ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру
ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.
Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым - бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ
стандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі - ұлттық код, ұлттық
мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі - алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің
кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
4. БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің
маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың
тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан
басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды,
зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.
Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас
себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық
уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік
сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа
атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда
кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана
табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет
шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына
қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім
терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім
әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен
биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЕМЕС,
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл - әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға
ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ. Өткен ХХ
ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып
келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден,
ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден,
қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына
айналды. Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды. ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.
Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын
осыған жатқызуға болады. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл - ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді. Біз
тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі
өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа - эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне
көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы
әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде
мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі
құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін
өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық
күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау - қоғамның да,
саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.
6. САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында
қалуынан туындайды. Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы
ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет
етпейтіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері - неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да
тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп
жатыр ма? Бұл - бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Бірақ, мәселе
бұған да тіреліп тұрған жоқ. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді .Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының
өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа
технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс,
тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава -
Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі -
қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл - табыстың кілті, әрі ашық зерденің
басты көрсеткіштерінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса,
әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып
жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың
байыбына барып, түсіне де алмай қалады.
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза
іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа
жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға
сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді
күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен
өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете
түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс -
біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер
тарихтың шаңына көміліп қала береді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz