ХИМИЯЛЫҚ ШИКІЗАТ ӨНДІРІСІ


Slide 1

Химия өнеркәсібінің салалары және химиялық шикізат өндірісі

Орындаған:Құрманбай Аяжан Қанатқызы

Тексерген:Нургазина Айжаркын Султанбековна

Slide 2

Жоспар

1 Химия өнеркәсібі дегеніміз не?

2 Химия және мұнай-химия өнеркәсібі

3 Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы

4 Химия өндірісінің географиясы

5 Химия өнеркәсібінде қолданылатын энергия түрлері

6 Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Химия өнеркәсібі - ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.

Slide 4

Химия және мұнай-химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібіне жататын салалар:

Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар:

Кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т. б. )

Негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)

Жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т. б. өндіру)

Химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика

Синтетикалық каучук

Негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру

Резина-асбест өнеркәсібі жатады.

Slide 5

Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы

Slide 6

Еліміздің негізгі химиясын «төрт таған» - кукірт қышқылы, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндірісі құрайды.

Күкірт қышқылы химия өнеркәсібінде басқа қышқылдар, химиялық қосылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісінде, металлургияда кеннен уранды бөліп алу үшін қажет. Бұл өте белсенді, Қауіпті, аз тасымалданатын зат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар қажет) . Сондықтан, оның өндірісі тұтынушыларға жакын орналасады. Сонымен бірге шикізат және экологиялык факторларда (күкірт газын ұстап қалу) маңызды.

Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің, құрамында болады.

Химия өндірісінің географиясы

Slide 7

Күкірт қышқылын шығарады:

Slide 8

Бірінші жағдайда негізгісі - шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде - тұтыну факторы.

Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен колданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Негізгі шикізат - хром кені.

Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты - Қазақстанда жалғыз.

Slide 9

Фосфор - тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны көп электр қуатын жұмсап, фосфориттен алады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді.

Ауыл шаруашылығына әр түрлі фосфор, азот, калий және кешенді минералдық тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит пен күкірт қышқылынан алады. Бұл - материалды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады.

Алынған ұнға күкірт қышқылын қосу арқылы суперфосфат тыңайтқышы алынады. Ұнның бір бөлігін күкірт емес, фосфор қышқылымен өңдейді. Құрамында «фосфордың қос үлесі» болғандықтан, ондай тыңайтқыш құндырақ болып келеді (қос суперфосфат) . Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін азот пен сутегі қажет. Азотты ауадан алуға болады. Ал сутегін алу көзі - табиғи немесе кокс газы. Ондай өндірістер Ақтау мен Теміртауда бар.

Slide 10

Көптеген кәсіпорындар полимерлік материалдарды өңдейді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда (сумен жабдықтайтын полиэтилен құбырлары), Алматы мен Астанада құрылған. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталытары - Саран (металлургия үшін конвейер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін шина жасау) .

Химия-фармацевтика өнеркәсібі елімізде колданылатын дәрілердің 3/5 береді. Ірі кәсіпорындар Алматы, Қаскелең, Семей және Қарағандыда жұмыс істейді.

Химия өнеркәсібі - экологиялық жағынан ең «лас» салалардың бірі. Онымен Шымкент, Тараз, Ақтау мен Теміртау, Павлодардағы ауаның, судың, топырақтың ластануы тікелей байланысты. Теміртаудағы Нұра өзені мен Павлодардағы жер асты суларының сынаппен ластануы орасан үлкен қауіпті әзірге жасырып тұр. Оны залалсыздандыру үшін күрделі де қымбат жұмыстар жүргізілуде.

Slide 11

Қостанайда химиялық талшықтар зауыты ұшақ салондарын қаптайтын, жанбайтын талшық шығарады.

Slide 12

Көптеген кәсіпорындар полимерлік материалдарды өңдейді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда (сумен жабдықтайтын полиэтилен құбырлары), Алматы мен Астанада құрылған. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталытары - Саран (металлургия үшін конвейер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін шина жасау) .


Ұқсас жұмыстар
Шойын өндірісі
Химиялық өнеркәсіп шикізаты
Уыт өсірудің морфологиялық және физико-биохимиялық процесстері
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
Шыны және шыны өндірісінің технологиясы
Полимерлер өндірісі
Химия өнеркәсібі салаларына жалпы топтастыру
Қара бидай ұны
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЗАУЫТЫ
Строительные материалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz