Көбіне күн сәулесінің жетіспеушілігінде мешел ауруы


Slide 1

“ Қарағанды Медицина Университеті”

Нутрициология және гигиена кафедрасы

Балалар мен жасөспірімдерде ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігінің алдын -алу.

Орындаған:Игебекова М. Д. 6074ЖТД

Тексерген; м. ғ доценті Талиева Г. Н

Қарағанды 2019ж

Slide 2

Жоспар

Күн сәулесінің пайдасы?

Күн сәулесінің зияны

Көбіне күн сәулесінің жетіспеушілігінде мешел ауруы

Этиалогиясы, патогенезі.

Классификациясы

Клиникасы

Диагностикасы

Емі, алдын алу

Slide 3

Күн сәулесінің ағзаға пайдасы.

Күн сәулесінің жас балалардың денсаулығына тигізер пайдасы мол, ал кейде зияны да бар. Оны көпшілік күнделікті тұрмыста көріп те жүр. Мәселен, жас балалар жаз кезінде көбіне далада ойнайды, оның денесінің өсіп жетілуі де тез болады. Жазғытұрым туған бала мешелмен ауырмайды дедік. Мұның бәрі күн сәулесінің пайдасын дәлелдейді. Баланың бойы да жаз айларында көбірек өседі.

Slide 4

Ал күн сәулесінің зияны - баланың ағзасына күн өтуі. Балаға қатты күн өтсе ауруға шалдығады. Мынандай жағдайды айта кеткен жөн болар деп есептеймін. Күн сәулесі жер бетіне жеткенде, үшке бөлінеді: жылылық сәулесі, көзге көрінетін ақ сәуле және көзге көрінбейтін ультра - күлгін сәуле. Бұлардың проценттік қатынасы жыл мезгіліне, тәулік уақытына, географиялық орнына қарай өзгеріп отырады. Қарашадан бастап ақпан айына дейін біздің Қазақстанда ультра - күлгін сәуле жоққа жақын. Наурыз айынан бастап ол сәуле молая береді де, маусым, шілде айларында көбею шегіне жетеді. Одан кейін керісінше азаяды. Тәулік ішінде сағат 10 - нан бастап сағат 13 - ке дейін көп болады да, 15 сағаттан бастап азаяды.

Slide 5

Ультра - күлгін сәуле баланың денсаулығын күшейтіп, шынықтырады. Сол сәуленің нәтижесінде өсіп келе жатқан баланың денесіне өте қажетті фосфор мен кальций минералдары сіңеді. Ал бұл минералдар - бала сүйегінің негізгі құрамы. Бұлар жетпеген жағдайда олардан мешел аурыу пайда болады.

Жас баланы күннің көзіне сағат 10 - 12 - нің аралығында шығару керек. Далаға шығаруды алғашқыда сәуірден қыркүйектің аяғына дейінгі аралықта күн сайын 5 минуттан қосып отыру керек, ал қазаннан наурыздың аяғына дейінгі аралықта күн сайын 2 минуттан ұзарту жөн. Күнбе - күн осындай мөлшерде көбейте отырып, 2 - 3 сағатқа жеткізу керек.

Күн сәулесінің пайдасы. Д дәруменінің тағы бірегей қасиеті ол - адамның ұзақ өмір сүруіне әсер етеді. Бұл дәруменнің мөлшері шамадан төмен болуынан адам мезгілінен бұрын өмірден кететіндер көп екені анықталған.

Slide 6

Күн сәулесі демікпе (астма) дертімен ауыратын адамдар үшін де пайдалы.

Күн сәулесі кейір тері ауруларына да пайдалы. Теміреткі, қышыма сияқты ауру түрлерінің қоздырғыштары күн сәулесіне төзімсіз болып келеді.

Күн сәулесінің әсерінен көңіл - күй көтеріліп жүйке жүйесінің қызметі жақсарады. Күн сәулесінің әсерінен ағзада серотинин мен эндрофин бөліне бастайды. Эндрофин - қуаныш пен бақыт гормоны деп аталады. Зерттеулерге қарағанда оңтүстікке қарағанда солтүстіктің адамдары депрессияға көп шалдығады екен, бұл күн сәулесінің әсері болуы ықтимал. Күн көзінің тапшылығы жүйкенің әлсіреуі мен ақыл - ойдың төмендеуіне әкеледі. Сондай - ақ Серотонин қуаныш гормоны аталады, ол жыныстық ынталандыру мен қанның ұюын қалыпты ұстау және аллергия болдырмауға қатысады.

Slide 7

Рахит

Рахит - жалпы ағза ауруы болып табылады. Ең негізгі белгісі болып ауру кезінде сүйектердің өзгерісі болуы. Бұл ауру балаларда екі жасқа дейін көп кездеседі. Көбінесе күзде, қыста туылған балалар жиі ауырады. Жасөспірім шағында аурудың салдарынан бойының өсуіне әсер етеді. Рахиттің әсерінен кальцийдің, фосфордың, магнидің ағзаға сіңірілуі бәсеңдейді. Сонымен қатар имунитеттің төмендеуі, асқазанның ас қорытылуы бұзылып, іш қату, өт жолдарының, 12 ішектің дискенезиясына және остеопороз, остемаляция, остеопения көбінесе омыртқаның қисаюына, тістердің бұзылуына, қан аздыққа әкеледі.

Slide 8

Этиологиясы

1 Рахит дамуының жағдайлары:

теріде холекальциферол түзілісінің бұзылуы

бауырмен бүйректе Р, Са алмасуының бұзылысы

тағаммен Д витаминің аз түсуі

2 Рахиттің дамуына әкелетін қосымша себептер:

Балалардың туылу мерзімі (көбінесе күз және қыс айлары)

Шала туылуы;

Салмағы үлкен болып туылуы (4 кг жоғары) ;

Алғашқы 3-айында жас нәрестенің салмағының өте көп қосуы;

Ерте қосымша тамақтандыру;

Таза ауада жеткілікті серуендемеу;

Жеткіліксіз қозғалыс (қатты орауы) ;

Перинатальды энцефалотапия бас мидағы үшінші қарыншаның зақымдануы;

Тері бүйрек бауыр аурулары, мальабсорбция синдромы;

Жиі (ЖРВИ) Жедел Респираторлы Вирустық Инфекция;

Жиі тырысуға қарсы дәрілерді қабылдау;

Slide 9

Патогенез

Д витаминiң жетіспеуі қанда иондалғаан кальций мөлшерінің төмендеуіне әкеліп, ішек қабырғасынан кальцийдің өтуін қамтамасыз ететін, кальций байланыстырушы белоктің түзілуі төмендейді. Организмде Д витамині азайғанда, кальцийдің қанға сорылуыда азайады.

Slide 10

Жиі рахитпен өте жас аналардан туылған және 35 жастан асқан аналардан туылған балаларда кездеседі.

Slide 11 Slide 12

Рахит классификациясы

Негізгі кезеңдері:

Бірінші кезең - бастапқы кезең.

Екінші кезең - қызған кезең.

Үшінші - айығу немесе жазылу кезеңі.

Slide 13

Бастапқы кезең 1 айда немесе 2-3 айынан бастап, бастапқы белгілер пайда болады. Себепсіз тершеңдік. Шаршағыштық Бала басын жастыққа үйкей береді, сол себепті, желке түбінің шашы түсе бастайды. Бірте - бірте үлкен еңбектің шеті жұмсарып, үлкейеді

Екінші кезең Бұл кезең сүйек өзгерісімен білінеді. Үлкен еңбегі үлкейіп, бассүйек аралығындағы тігісі жұмсарады, маңдайы томпаяды, желке сүйегі квадрат тәрізді болады, бала басын ұстай алмайды.

Үшінші кезең Кеуде қуысы бірте - бірте бөшке немесе құс төсі тәрізді болады. Қабырғалары жұмсарып, бұлшықет тонусы төмендеп, ішке тартылып, Гаррисон сайы п. б. Кеуде қуысының төменгі аппертурасы кеңиді. Төс жақтан қысылады. Білезік сүйектері жұмсарып, қисық өсіп, тері астында томпайып тұрады. Оны мешелдік білезік деп атайды. Бұлшықет тонусы төмендеп, іші томпаяды. Оны «бақа іші» деп атайды. Бала кеш отырады, кеш жүреді. Тістері қисық болады. Аяқтары қисық өсіп, Х немесе О тәрізді болады. Баланың физикалық және психикалық дамуы төмендеп, зат алмасу процесі бұзылады.

Slide 14

Клиникасы. 4 кезеңі бар:

1. бастапқы кезең- вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістері мен сипатталады. 2-3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босаң болады, бас сүйек жігі яғни желке жұмсарады (краниотабес) . Бас сүйектің жұмсатығы қара құстың ( желке сүйегінің) жалпаюына әкеледі. Бұл кезде вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыс тершеңдік, сәби жастыққа басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық, үрей, қорқу, ұйықтап жатқанда селк ете түсу сияқты өзгерістермен байқалады. Қандағы негіздік фосфатаза белсенділігінің жоғарлап, зәрде аммиак, амин қышқылдары мен фосфор көбейіп, ол ащы иісті болады.

Slide 15

2. Дер кезеңі- сүйек жүйесінде анық талатын өзгерістерімен сипатталады.

а/ Бас сүйектері жағынан-сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі, үлкен еңбектің уақтынан кеш жабылуы, тістерінің кеш шығуы байқалады

б/ Кеуде сүйектері жағынан-5-8 қабырғаларында « мешелдік таспих» пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көк еттің бекітілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Осылайша Гаррисон сайы - мешелдік патогномоникалық белгілерінің бірі көрініс табады. Баланың төсі «құс төс» немесе «етікші төс» болып өзгереді.

в/ Аяғы «Х» немесе «О» тәріздес болып өзгереді, жамбасы қушық болады, табаны жалпақ «түйе табан» болып келеді, түтікше сүйектердің өзгеруі -білек және балтыр сүйектерінің бас жағының « мешелдік білезік», саусақ буындарының жалпаюы « інжу жіптер» білінеді.

г/ Бұлшық еттердің күші төмендеп сіңірлері әлсізденеді. Құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) сәбидің іші үлкейеді «құрбақа іші», оның уақытында басын ұстауы, отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді. Бала отырғанда бәкіше бүктеліп қалады.

Slide 16

3. Айығу (Реконвалесценция) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, сәбидің сүйегі қатайып, тістері шығады, тұру және жүруі қалпына келеді.

4. Қалдық өзгерістер кезеңінде рахит процесі аяқталып, бұлшық ет гипотониясы, анемия т. б өзгерістердің мүлдем жойылуы не олардың азайып, кейбіреулерінің тек ізі қалуы мүмкін . Сүйек өзгерістері өмірлік қалады.

Slide 17 Slide 18

Рахит диагностикасы

Рахитті анықтау үшін рентгенологиялық және биохимилық зерттеу әдістерін қолданады. Ең ерте байқалатын зертханалық белгі - остеобласт ферменті сілтілік фосфатазаның белсенділігінің жоғарылауы және фосфор концентрациясының төмендеуі. Рахиттың алғашқы рентгенологиялық симптомы диафиз бен эпифиз арақашықтығының ұлғаюы болып табылады. Ол метафиздің өсуі, ұзын сүйекте өсінді пайда болуы, остеопороз әсерінен өзгеріске ұшырайды. Ары қарай остеопороз ұлғаяды, метафизарлы зона көлемі өседі, әктену аймағы төмпек түрден горизонталдыға ауысады, сүйек тіні бұзылады. Аурудың асқынуы кезінде ұзын сүйектер мен “жасыл бұтақ” типі бойынша қабырғалар сынығы болуы мүмкін. Реконвалесценция кезеңінде метафизде кальций фосфаты жіңішке тығыз сызық түрінде қорға жиналады. Рахиттың рецидивті ағымында осындай бірнеше әктену сызықтары пайда болады.

Slide 19 Slide 20

Емі.


Ұқсас жұмыстар
Балалардағы мешел ауруының өту ағымы
Алициклды витаминдер қатары
Д’’ ДӘРУМЕНІ
Төлдердің рахит ауруларында тағайындалатын диеталық аурулар
Витаминдердің жіктелуі
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Дәрумендер туралы жалпы түсінік
Ағзаның ауыстырылмайтын заттары
Витаминдер классификациясы
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz