Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері




Презентация қосу
Педагогика –
тәрбие туралы
ғылым.

Орындаған:Белдібек Сая
Тексерген: Адасканова
Жадыра
Қарастырылатын мәселелер:

1.Педагогика пәні жайлы ұғым.
2.Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері.

Негізгі тірек ұғымдар: Педагогика, жеке тұлғаның даму,
қалыптасуы, педагогика пәні, педагогиканың ұғымдары
(категориялары), педагогиканың әдіснамасы, ғылыми
педагогиканың зерттеу әдістері.

Пәнаралық байланыс: Философия, әлеуметтану, психология,
саясаттану, мәдениеттану.
• Педагогика гректің “paidagogas” –баланы жетектеуші,
ертіп жүруші сөзінен алынған. Ең алғашқыда бұл сөз
құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы
дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы
ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбиенің негізгі
мақсаты – жинақталған білім мен қоғамдық- тарихи
тәжірибиені жеткіншек ұрпақтарға беру.

• Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі;
педагогика пәні-тәрбиелік іс-әрекет; педагогика пәні-
арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала . Ең негізгісі
педагогика – тәрбие туралы ғылым .
• Педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің
мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекшк
заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке тұлғаның
мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу .
(Т.А. Ильина . Педагогика М. 1984).

• Тәрбиелеу үрдісінде (процесінде) жаңа ұрпақтар
білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге, қоғамдағы
мінез – құлық нормаларын ұғып, өмірге деген
көзқарастардың белгілі жүйесін қалыптастыруға тиіс .
• Тәрбие

Тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және
өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп , жаңа ұрпаққа
қоғамдық- тарихи тәжірбиені беру процесі болып
табылады.
Тәрбие –аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи
тәжірбиені беру процесі.
Тәрбие ұғымы кең мағынада табиғат және
әлеуметтікортаның, мектеп пен ата- ананың , бүкіл
бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін
ықпалы деп түсінуі керек.
• Білім беру– бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген
Иоганн Генрих Песталоцци.

• Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымда
жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны
өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі
әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Қазіргі атом,
космос халық шаруашылығының автоматтандыру дәуіріде білім
беру ғылыми – техникалық үдеудің құдіретті факторы болып
отыр. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім
беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой
өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі
артады.
• Оқыту –білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушыны мен
оқушылардың біріккен іс- әрекеттері, сондықтан да ол екі
жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім
беріп , іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным
міндеттерін жете түсініп , дағдыны игереді және оларды өмірде
қолданады.
• 2.Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері.

• ХIХ ғасырға дейінгі ғылыми ізденістердің пәндік саласын
анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы)
белсенді жүріп жатты. Педагогика да бірте-бірте жалпы
пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас
ерекшеліктері, оқу- тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері
бойынша ерекшілігі бар салалар айқындала түсті.
• Педагогикалық ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика,
жас ерекшілік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика,
кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы,
салалық педагогика, корекциялық педагогика,
салыстырмалы педагогика , жеке пәндер әдіснамасы және
т.б. жатады.

• Жалпы педагогика педагогикалық процесс білім берудің
негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшілік педагогика
(мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы)
анотомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы
топтардың психологиялық ерекшіліктеріне сәйкес
педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін
зерттейді.
• Ұсынылған әдебиеттер 1. Таубаева Ш.Т., Иманбаева
С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика, -Алматы: ОНОН.
2017, -340 б. 2. Cұлтанова Ғ. Педагогика. Оқу құралы, -
Тараз:ТарМПИ, 2014, -300 б. 3. Педагогика: көрнекі
дәрістер жинағы. Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институты, 2008, -298 б.

Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Педагогика - тәрбие және оқыту туралы ғылым
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Теория негізі
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
I тақырыптық блок Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА БІЛІМ
Пәндер