Гипофиз гормондары




Презентация қосу
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Дәрумендер. Ферменттер.
Гормондар. Зат алмасу
ОРЫНДАҒАН: Мұхаметқали А.Д.
ТОБЫ: ПП-901
ТЕКСЕРГЕН: Нұрғалиев Н.Н.
ЖОСПАР:
1. Суда еритін дәрумендердің коферменттік
қасиеттері
2. Ферменттер. Кинетикасы және
ингибирленуі
3. Жыныс бездері және гипофиз гормондары
4. Судың және минералдық заттардың
алмасуы
Дәрумендер
1. Суда еритін дәрумендердің коферменттік қасиеттері
Көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады.
Коферменттер – табиғаты ақуыздық емес төменгі молекулалық
органикалық заттар болып табылады. Олар ферменттің
ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға
тікелей қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы,
парааминобензой қышқылы, фолий қышқыы, биотин, В тобының
дәрумендері мен дәрумен тәрізді заттардың коферменттік
қызметі анықталған.
В1 дәрумені - тиамин. Тиамин кофермент
тиаминопирофосфаттың (ТПФ) құрамына
кіреді, ТПФ дегеніміз 3 ферменттің –
пируватдегидрогеназаның, α-
кетоглутаратдегидрозаның және
транскетолазаның простетиклық тобы. Бұл
ферменттер кетоқышқылдардың
декарбоксильденуіне қатысады.
В2 дәрумені – рибофлавин. Өсу дәрумені.
Рибофлавин дегеніміз ФАД және ФМН
коферменттернінің активті бөлігі болып
табылады. Ол коферменттер
апоферменттермен өзара әрекеттеседі де,
тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш бірнеше
ферменттер – флавиндік дегидрогеназалар
немесе флавопротеидтер түзеді.
РР дәрумені – никотин қышқылы.
Антипеллагралық дәрумен. РР дәруменінің
биологиялық қызметі оның НАД және НАДФ
коферменттердің құрамына кіруімен
байланысты. Бұл коферменттер тиісі
апоферменттермен қосылып күрделі
ферменттер – пиридин дегидрогеназаларын
түзеді. Ол күрделі ферменттер сутегін,
электрондар мен протондарды бөліп шығару
жолымен субстраттың тотығуын
катализдейді.
2. Ферменттер. Кинетикасы және ингибирленуі.
Фермент дегеніміз – белоктық зат, ол организмдегі түрлі
химиялық реакцияларды тездетуші. Ферменттер қарарпайым ж/е
күрделі болып бөлінеді: Қарапайым ферменттер дегеніміз –
қарапайым белоктар, олар гидролиз кезінде амин
қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Қарапайым ферменттер:
рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин, амилаза.

Күрделі ферменттер дегеніміз – күрделі белоктар. Күрделі
ферменттер 2 бөліктен: белоктық ж/е белоктық емес бөліктен
тұрады. Ферменттердің белоктық бөлігі апофермент деп, ал
белоктық емес бөлігі простетикалық топ н/е кофактор деп
аталады.Апофермент кофакторсыз активті болмайды.
Ферменттік реакциялар кинетикасы

o Ферменттік реакциялар кинетикасы деп
реакция жүру жылдамдығын айтады.
o Реакция жылдамдығын белгілі бір уақыт
өлшемінде фермент әсерімен түзілген өнім
бойынша (немесе субстраттың жойылу
мөлшері бойынша) есептейді.
o Л.Михаэлис пен М.Ментен бойынша:
фермент концентрациясы тұрақты кезде
реакция жылдамдығы субстрат
концентрациясына байланысты.
o Реакция жылдамдығы субстрат
концентрациясына пропорционал
болмайды.
3. Жыныс бездері және гипофиз гормондары

o Жыныс бездері – гонадалар (грекше gone – пайда
болу, aden – без) аралас сөлініс бездері болып
есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі –
жыныс жасушаларын (гаметоциттерді) жасау және
шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында
сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық
безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі.
o Жыныс бездерінің негізгі қызметтері – көбею немесе
репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар эндокринді
қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін
ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда
болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді
реттейтін жыныс гормондарын шығарады.
Гипофиз гормондары

• Гипофиз (ми қосалқысы) омыртқалы
жануарлардағы ішкі секрецияның аса
маңызды безі. Гипофиз мидың астында
орналасқан. Ол 3 бөліктен тұрады:
алдыңғы бөлік (аденогипофиз), аралық
бөлік және артқы бөлік (нейрогипофиз).
Гипофиз бөліктері гистологиялық
тұрғыдан ажыратылады, олар әр түрлі
қызмет атқаратын гормондар жасап
шығарады, бұл гормондардың бәрі
белоктық зат. Гипофизде гормон
түзілуге гипоталамус реттеуші маңызды
қызмет атқарады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары
• Аденогипофиз (безді гипофиз) незінен мынадай 6
гормонды бөліп шығарады: өсу гормоны(СТГ), АКТГ,
ТТГ, ГТГ, ЛГ.
• 1) Өсу гормоны н/е соматотропин. Бұл гормон белок,
кейбір жануарлардан таза күйінде бөліп алынған ж/е
СТГ құрамындағы амин қышқылдарының реті
анықталған. Бұл гормон организм денесінің ұлғайып
өсуін қолдайды.
• 2) Адренокортикотропты гормон (АКТГ). Бұл гормон
гипофизден таза күйде бөліп алынған және
синтездік жолмен де алынған. Оның бірінші реттік
құрылымы анықталды. Ол полипептид, 39 амин
қышқылы қалдықтарынан құралған, м. М. 4567.
АКТГ бүйрек үсті безінің қабығында кортикостерон
мен кортизол екеуінің синтезін қолдап, бөлініп
шығуына көмектеседі, сөйтіп углевод емес
қосылыстардан глюкоза түзуге жанама әсері тиеді.
Гипофиздің артқы бөлігінің (нейрогипофиздің) гормондары

o Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз
етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа
шығуына көмектеседі.
o Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те
атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға
қайта сіңуіне әсер етеді. Гиперсекрециясында –
қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне
бірнеше литр несеп бөлінеді).
o
Гипофиздің аралық (ортаңғы) бөлігінің гормондары
• Мұнда меланоцит қолдаушы гормон н/
е меланотропин жасалып шығады.
• МСГ 2 полипептид, олар α–
меланотропин ж/е β-меланотропин деп
аталады. Маймыл, жылқы өгіз,
шошқа, қойдың ж/е түйенің
гипофизінен –меланотропин бөліп
алыған. Оның тізбегі 13 амин
қышқылы қалдығынан құралады ж/е
барлық жануарлар түрінде құрылымы
бірдей болады.
• Адамның β–меланотропинінің
құрамына 22 амин қышқылының
қалдығы кіреді.
4. Судың және минералдық заттардың алмасуы
o Судың алмасуы. Судың физикалық – химиялық қасиеттері оның
алмасуына айтарлықтай әсер етеді. Тканьдер және клеткалар судың экзо
және эндогендік деген екі түрін пайдаланады. Экзогендік су организмге
сырттан азықпен, ішетін сумен түседі. Метаболизм реакциясының
барысында организмнің ішінде түзілетін суды эндогендік су деп атайды.
o Су, бүкіл ас қорыту жолы бойы, оның шырышты қабығымен сіңіріледі. Су
алмасуы жалпы зат алмасуының құрамды бөлігі.
o Тканьдермен клеткаларға суды көбіне альбуминдер мен глоболиндер
тасымалдайды.
o Натрий тұздары, әсіресе хлоридтері, белоктардың суды қосып алуына
мүмкіндік туғызса, ал кальций тұздары керісінше, бұл мүмкіндікті
азайтып, судың организмнен шығуына жағдай жасайды.
o Су алмасуы су балансымен сипатталады. Су балансы деп организмге
қабылданған сумен шығарылған судың қатынасын айтады.
o Су организмнен несеппен 50%, термен, тыныс шығарған ауадағы су
буымен бірге 35% және нәжіспен 15 % шығарылады. Организмге түскен су
одан үздіксіз шығып отыратын судың орнын толықтырып отыруы керек.
o Су алмасуы нейрогуморольдық жолмен, соның ішінде орталық жүйке
жүйесінің әр түрлі бөлімдерімен реттеледі.
o Ет қоректілерге қарағанда өсімдік қоректілерге ауыз суы кемірек керек.
o Су алмасуын реттеуде көптеген ішкі секреция бездері қатысады.
Тироксин, паратгормон, андрогендер, және эстрогендер судың
бүйректермен бөлінуін демейді.
Минералдық заттардың алмасуы
•Минералды элементтер алмасуы дегеніміз сыртқы ортадан ас
қорыту жолдары арқылы организмге еніп, сіңуі, органдар мен
тканьдерде жиналып, алмасуы, содан кейін қайта сыртқа
шығарылуы.
•Минералды заттардың белгілі мөлшері қарында, негізгі массасы –
ащы ішектің шырышты қабығында, ал бірен – сараны тоқ ішекте
сіңіріледі.
•Сіңірілген минералды заттар клеткааралық кеңістік арқылы қан
жарым – жартылай лимфа жүйесінде, ол одан шажырқай арқылы ең
аяғында бауырға және алдыңғы қуыс көктамырға келеді. Содан
кейін бүкіл организмге тарайды да клеткалар мен тканьдер оларды
пайдаланады.
•Зат алмасу процестерінде кальциймен және фосформен тығыз
байланысты элемент.Магний АТФ мен миозиннің,
•р –РНК, т-РНК және и-РНК –ның араларында көпірше қызметін
атқарады.
•Натрий алмасуы организмдегі калиймен тығыз байланысты. Натрий
ас қорыту жолына ас тұзы құрамында түседі. Натрий алмасуы өте
қарқынды жүреді. Мәселен, бір тәуліктің ішінде сүйек пен қанда 30-
40 % алмасады.
•Күкірт. Денедегі көлемі 0,12-0,20%. Ол организмде негізінен күрделі
органикалық қосылыстар құрамында және күкірт құрамды амин
қышқылдарында кездеседі. Олар цистин, цистеин, метионин.
•Темір организмдегі зат алмасу процестерінде маңызы зор бірқатар
Пайдаланылған әдебиеттер:

• Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И.,
Сейтембетова А.Ж., Биологиялық химия
(студенттерге арналған оқулық) –
Алматы, “Эферо” баспаханасы 2014 ж. –
422 бет.
• Ғаламтор желісі

Ұқсас жұмыстар
Гормондар туралы
Асқорыту бездерінің гормондары
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Қалқанша маңы безі
Қалқанша безі гормондары
Ішкі сөлініс бездерінің гормондары
Эндокринді жүйе
Ішкі секрециялық бездер, олардың қызметтік ерекшеліктері
Жыныс бездерінің гормондары
Эйкозанойдтар
Пәндер