Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері


Slide 1

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері.

Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері

Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы

Қорытынды

Slide 3

Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері

Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым- қатынасы сипаты өзгереді.

Ал 3-4 жасар балалардың бірінші сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады.

Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.

Slide 4

Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері(Бастауыш мектеп жасында )

Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады.

Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі арта түседі.

Slide 5

Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері(жасөспірімдік кезде)

Бірқатар шартты -рефлекс қызметінің өзгеруі жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл қыртыс-қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспірімдер ашуланшақ болып, салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы баяулайды. Жасөспірімдердің жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері оларға айрықша назар аударуды талап етеді. Оқу-тәрбие жұмыстарын осыған сәйкес жүргізу керек.

Slide 6

Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері(1-2тип)

Slide 7

Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері(3-4тип)

Slide 8

Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы

Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке -жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз. Ми қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте, типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павловта: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.

Slide 9

И. П. Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген.

Олар холерик (грек. холе- сары өт),

Сангвиник (сангвине - қан),

Флегматик (флегма - кілегей, шырын),

Меланхолик (мелайне холе - қара өт) .

Slide 10 Slide 11

Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы

Slide 12

Қорытынды

Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен дау дәрежесін айтады.

Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.

Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.


Ұқсас жұмыстар
Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы
СПОРТ ҚЫЗМЕТІ КЕЗІНДЕГІ ОРГАНИЗМ КҮЙІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың өсіп - дамуы барысында қалыптасуы
Балалардың практикалық психологиясы
Арнайы оқу - оқушылардың әдістемелік қамт ерекше білім алу қажеттілікт амасыз ету ерін қанағаттандыру
Жүйке жүйесінің гистогенезі
Спастикалық диплегия
Логопедиялық тексеру
Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты рефлекторлық доға
Баланың өсу заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz