Социология ғылымы және оның құрылымы



Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Социология ғылымы және оның құрылымы

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Социология ғылымы
Социологияны зерттеуге үлес қосқан ғалымдар
Cоциологияның құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Социология ғылымының құрылымына қатысты əр түрлі көзқарастар
Социология ғылымы бірыңғай емес, əлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу деңгейлерінің түрліше болуына қарай оның құрамы аса күрделі əрі көп деңгейлі болып келеді.
Социология əлгі құбылыстар мен процестерді жалпы қоғам деңгейінде де, одан шағынырақ әлеуметтік қауымдар мен олардың өзара ықпалдастығы деңгейінде де, жеке адамдар-дың өзара қарым - қатынастары деңгейінде де зерттей береді.

Социология ғылымының қызметі

Әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі социологияның алатын орны
Әлеуметтік пікірлердің даму тарихын қарастыра отырып, біз социологияны ғылым ретінде анықтауға жақындай тустік. Социология жеке дара емес, басқа да əлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады.
Социологияның əлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен және басқа да ғылымдармен арақатынасын, өзара əсерін зерттеу аса маңызды.
Социология мен əлеуметтік философияның арақатынасы социологияның философия ғылымына жатпайтындығына, əлеуметтік философияға қарағанда қоғамның аясы тарлау заңдарын зерттеуіне байланысты. Социология да, əлеуметтік философия да қоғамды тұтастай, жүйе-жүйесімен, оған енетін бірліктердің жәй қосындысы бола бермейтін интегральды құрылым ретінде қарастырады.

Пайда болу тарихы
Социология (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.
Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының - Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі.

Конфуцийшылардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе
Адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді.

Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтсрі ежелгі Грецияда қалыптаса бастады.
Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселссіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын.

Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің мемлекет адамдарынын ортақ келісімінің нәтижесінде пайда болды деген пікірге қарсы болады.
Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралатын болған, содан еңбек бөлінісі пайда болады. Қоғамдық еңбектің бөлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар.

"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды.
Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді.

Конттың 1830-шы жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz