Сынып тақтасы


Slide 1

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

СӨЖ№2

Тақырыбы:Мектеп жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар.

Slide 2

1884 жылы Москва университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны Ф. Ф. Эрисман (1842 - 1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығын қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін дәлелдеді. Оқушылармен бірлесе отырып, ол арнаулы мектеп үйлерінің құрлыстарын және мектеп жанындағы учаскелерді жақсылап жабдықтау керектігінің негізін қалады, класс бөлмесінің; балаларға арналған әр түрлі жиһаздың, оның ішінде мектеп партасының моделін жасады

Slide 3 Slide 4

Мектеп жабдықтары оқушыларының бойы мен жас ерекшеліктеріне сай болуы, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын, олардың қалыпты жұмыс қабілетін сақтауды және оқушылардың партада дұрыс отыруын қамтамасыз ететіндей болуы керек.

Жабдықтар балалар жарақаттанып қалмайтындай қауіпсіз болуы, шеттері үшкір және өткір болмауы керек, ықшамды, тез тазартылатын болуы қажет.

Жабдықтың әрбір түрі сырт көрінісі, құрылысы мен бояуы жағынан мүмкіндігінше көркем жасалған болуы тиіс. Мұндай эстетикалық талаптың балалардың жүйке жүйесі үшін белгілі маңызы бар және көңілдің сергек болуына көмектеседі.

Slide 5

Оқу партасы

Сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Оған қойылатын негізгі талап - оқушының бойына және денесінің пропорциясына сәйкес келуі. Ол оқушы орын алғанда немесе тұрып кеткенде көршілеріне кедергі жасамйтындай, жауап бергенде ол үшін парталар аралық жолға шықпай-ақ, орнына емін-еркін тұра алатындай қолайлы және артық күш жұмсатпайтындай болуы тиіс. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруы, олардың сымбатының бұзылмауы, омыртқа жотасының қисаймауы, сондай-ақ оқушылардың қалыпты көруі бұзылмауы парта құрылысының дұрыс жасалуына және оның элементтерінің оқушылардың дене пропорцияларына, бойына сәйкес келуіне байланысты. Парта өзінің құрылысы жағынан берікте орнықты болуы және сыныпты жинастырғанда оңай жылжитын болуы қажет. Парталар мен орындықтарының сыртқы беті жақсы өңделген, жылу өткізгіштігі төмен, аса берік материалдардан жасалуы керек. Парталар қылқан жапырақты ағаштардан, қандыағаш, қайың, буктан, арнаулы синтетикалық материалдардан, парта бір орынды немесе екі орынды етіп жасалады жасалынады. Оны тазалау үшін қолданылатын құралдарға төзімді болу керек. Оқу жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар конструкциясын алғаш рет Э. Э. Эрисман жасаған.

Slide 6

Сынып тақтасы

Оқу бөлмелері жабдықтарының ажырамас бір бөлігі. Сынып тақтасына қойылатын гигиеанлық талаптар ең алдымен көздің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сынып тақтасының беті тегіс, жарық шағылыспайтындай күңгурт түсті (қара, қоңыр) болу тиіс. Тақтаға жазылған жазулар оқушылар оңай көрінетіндей болуы крек. Оған жазуға ыңғайлы және класс ауасы бор тозаңымен ластанбайтындай немесе бор тозаңы өте аз шығатындай болу қажет. Сынып тақтасы қабырғаға қағылатын және жылжымалы болады. Ол сыныптың алдыңғы қабырғасының ортасына орналастыру қажет. Сынып тақтасының астыңғы жиегіне науасы бар кішкентай жиек жасалынады және бор мен губканы салып қоюға арналады. Сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен есептегендегі деңгейі мектеп оқушыларының бойына сәйкес болуы және тақтадағы жазуды бүкіл сыныптың көруін қамтамасыз етуі тиіс

Slide 7

Мектеп оқулықтары

Мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар олардағы текст пен суреттерді көзбен көріп қабылдау процесін жеңілдетеді, сол арқылы кітапты немесе оқулықты оқыған кездегі көру анализаторының қызметін жеңілдетуді мақсат етеді. Нашар қағазға, атап айтқанда, жұқа жылтыр қағазға, ұсақ шрифтермен немесе анық емес етіп басылған оқулықтардан балалар мен жасөспірімдер тез шаршайды, ол көз ішілік қысымның артуына, көрудің нашарлауына және бас ауруына себепкер болады. Ұқыпсыз қапталған кітаптар оңай тозады және пайдалану басында тез кірлейді.

Slide 8

Оқу жабдықтары

Мектеп дәптері ақ, тығыз, тегіс, жарық өткізбейтін және ұқыпты түрде желімденген, сия жайылып кетпейтін жылтыр емес қағаздан жасалуға тиіс.

Қалам және қарандаш ұзындығы, диаметрі және салмағы мектеп оқушылардың сүйек-ет системасның жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Slide 9

Мектеп оқушыларының партада, оқушылар столына дұрыс отыруға үйретудің ерекше маңызы бар.

Мектеп оқушысы басын алға қарай болар-болмас қана еңкейтіп, тік отырса, көзінен кітапқа немесе дәптерге дейінгі аралық 35 см-дей болса, дұрыс отырған болып саналады. Бұл жағдайда оқушының белі міндетті түрде қосымша сүйенішке тиіп тұруы керек. Оқушының көкірегі мен парта шетінің арасында алақанның еніндей қашықтық қалуы керек. Иықтарды стол қақпағының шетіне параллель етіп ұстаған жөн: шынтақтың екеуі де партаның қақпағында жатуы тиіс. Оқушының аяқтары тік бұрыш жасай немесе біраз доғалдау бұрыш (110-1000) жасай бүгіліп, табандары еденге немесе партаның баспалдығына түгел тиіп отыруы тиіс. Бұлайша отыру ең ыңғайлы, ең аз шаршататын отырыс болып саналады; ол оқушының оқу материалын көзбен дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ омыртқаның қисаю мүмкіндігін болдырмау. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруының бұзылуы ұзаққа созылған, оның үстіне бір сарынды оқу жұмыстарын орындаудың нәтижесінде шаршаған кезде болады. Талығуды жою үшін немесе жұмыс қабілеттілігін ішінара қалпына келтіру үшін жұмыстың түрін өзгерту немесе дене шынықтыру үзілісін өткізу жеткілікті.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Пішімдеу тақтасы
Microsoft office Word Мәтіндік редакторы. Терезе элементтері
Кесте және оларды қою
Кесте қою
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері
Кесте құру жолдары
МУЛЬТЕМЕДИА ЖҮЙЕСІ.КОМПЬЮТЕР ЖӘНЕ ВИДЕО
Флипчарт құралы
Paint редакторының терезесі
Қалам құралын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz