Ғылым философиясы




Презентация қосу
Ғылым концепциясы:
ғылым философиясы мен методологиясына
қатысты негізгі ыңғайлар.

Орындаған: Унгаров Шынгысхан
Қабылдаған: Таирова Бағила
Ғылым философиясы

Ғылым методологиясы

Ғылым философиясы мен методология-
сының Қазақстандық мектебі
Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің
жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылым философиясының негізгі идеялары мен
принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған
тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші
жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды.

Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең
қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып
келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл
халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды.

Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып,
ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық логика шеңберінде болуы керек,
ал ғылыми ұғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді.
Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың
техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің
кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын
жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту
істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды.

Осындай қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде түрлі ғылым салаларын зерттеуге бағытталған бір қатар
жаңа пәндер туды: ғылымтану (науковедение), ғылым экономикасы мен социологиясы, ғылым тарихы және
ғылыми зерттеу психологиясы сондай ғылымдар қатарына жатады. Бұл ғылымдардың ішінде жетекші орын
алатын ғылым философиясы болды.

Егер ғылым тарихы деструкциялық, яғни тек баяндаушы ғылым ретінде түрлі ғылымдардың түрлі
тарихи кезендерде ашқан жаңалықтарын ретіне қарай баяндап берумен айналысса, ғылым
философиясының басты міндеті ғылыми таным процесін, оның заңдылықтарын зерттеу болып
табылады.
Ғылым философиясының негізгі пәні:

қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді
өндірудің, ақиқаттығын тексеріп, негіздеудің жалпы
заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) : Методология адамның теориялық және тәжірибелік
қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты
талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен
заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп,
таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық
мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.

Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары
мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды.

Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия
принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең
негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконныңэмпиризміне қарсы қойған
рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды.
Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты
методологиятеориялық ойлаудың негізіне айналды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым
ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып,
табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды.

XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың
методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант
“Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология
идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан
кейінГ.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму
принципі етіп алғысы келмеді.

ХX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі
өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына,
білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді.
Методологияның 3 деңгейі бар:

1. Философиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім,таным
мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

2. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу,
құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді
зерттейді.

3. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында
қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне
қатынасында қарастырады.
Қазақстандағы қазіргі философияның алдында жаңа әлеуметтік және саяси шындықтың
күрделі мағынасын ашу, өтпелі кезеңнің қайшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, тәуелсіз
Қазақстанның өркениетті елу ел қатарына кіруінің мәдени-тарихи алғышарттарын байыптау
сияқты қиын да күрделі міндеттер тұр. Жаңа философиялық білім беру, ғылыми-техникалық,
ұлттық және мәдени саясатты қалыптастыру мәселелері сананың азаматтық қоғам мен
нарықтық экономиканың құндылықтарына бағдар ұстануын қажет етеді.

Қазақстанда Ш.Уәлихановтың қоғамдық прогресс философиясы, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің музыкалық
эстетикасы, Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту философиясы мен Абай Құнанбаевтың адам философиясы дүниеге
келді. Ал XІX ғасырдағы қазақ философиясының ұлы ойшылдарына Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Шоқаев және басқалар жатады. Олар тәуелсіздік пен
егемендікті ту етіп, ұлттық идеяны іске асыруға тырысты. Ал кеңес өкіметі кезінде ұлттық философияға жол
ашылмай, негізінен, бізге жат еуропалық маркстік-лениндік философия үстемдік етті.

Кеңестік дәуірден кейінгі уақытта қазақ және түркі философиясы арасындағы байланысты
тереңдету мәселесі өзекті бола түсуде. Сонымен қатар XX ғасырда кең дами бастаған жаңа
философиялық ойлау типтерін игеру маңызды болып отыр.
Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі – халықараралық
ауқымда танылған отандық философия зерттеу бағыты. Бұл философия мектеп өкілдеріні-
Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, К.Рахматуллин, М.С.Орынбеков, М.Сәбитов. Олар ғылымда кез
келген қозғалыс пен дамудың қайнар бастауы әрі тіршілік ету шарты – диалектика. Қарама-
қарсылықтарға сүйенетін ғылыми ойлаудың жасампаздық әдебін қалыптастыру идеясын
негіздеді. Бұған қоса тұтастықты өздігінен қозғалу және қажетті ішкі байланыстылық
арқауларын қарастыру арқылы ақиқатқа жетудің маңызды принциптерін талдады.

1974 ж. қазіргі заманғы ғыл. танымның логикалық-методол. проблемаларын жүйелі түрде
зерттеу қолға алынып, Қазақстан Ғылым Академиясының Философия институтында (қазіргі
Филос. және саясаттану ин-ты) жаратылыстанудың филос. мәселелері бөлімі ашылды. Ол 1996
ж. ғылым мен техника философиясы бөлімі болып қайта құрылды. Осы кезден бастап
республикада Ғ.ф.м.м.қ.м. қалыптасты. Осы мектептің ғылыми деңгейінің көтерілуіне
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғалымдары да үлес қосты.
1-КЕЗЕҢ (1960–70) - тұтастай алғанда ғылыми танымның логикалық-методологикалық проблемаларын
Ғылым
диалектика тұрғысынан талдаумен философиясы
байланысты менФилософтардың
болды. методологиясыныңосы кезеңдегі еңбектерінде ХХ ғ. 2-
жартысындағы ғылымның қазақстандық мектебінің қалыптасу
логикалық-гносеологиялық тарихын
аспектілері шартты
мен проблемалары қарастырылды.
түрде
Қазақстан философтарының бұл бағыттағы 3 кезеңге бөлуге болады:
ғылыми-зерттеулері Ресей, Польша, Германия, Венгрия, Болгария,
т.б. елдердің беделді ғылыми басылымдарында жарық көріп, олар ғылым философиясы мен
методологиясын өркендету ісіне серпін берді
20 ғ-дың 90-жылдарынан қазіргі заманғы талаптарға сай 3-кезеңі өрістеді.Бұл кезең ғылым мен техниканы
таза марксшілдік талдау шеңберінен шығып, жаратылыстың және дүниетанымдық проблемаларын зерделей
зерттеумен ерекшеленеді.
ХХ ғ. 80-жылдарынан Отандық
2-кезең философиялық
басталды. мектеп бұлқызметтің
Ол пәндік-практикалық кезеңде субъекті
пәндік-практикалық, әлеуметтік-
ұғымын алдыңғы шепке
мәдени
шығарып, қызметтің
ғылыми идеологиялық
теориялардыңқасаңдықтан арылған
әлеуметтік-мәдени принциптеріне
өлшемдеріне сүйеніп, тарихи-философиялықтарихи-
мүдделілікті арттыруымен ерекшеленеді.
мәдени мол мұраларды
Осы кезеңдегі қомақтыпайдалана
мәселе –отырып,
«Ғылымиәлеуметтік
танымныңжәнежәне
жеке әлеуметтік
тұлғалық болмысты
қызметтіңтанудың аса маңызды
логикасы ретіндегі
диалектикалық-логикалық
материалистік диалектика»принциптерін қорытты.
жетекші орынға шығып, әлеуметтік-мәдени ауқымда байыпталды. Мұның өзі
көптеген тың идеялар мен материалдарды ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Бұл бағытта
қазақстандық философтардың іргелі еңбегі саналатын төрт томдық «Диалектикалық логиканың» 4-кітабы:
1.«Осы заманғы жаратылыстанудың методологиясы ретіндегі диалектикалық логика» 1985ж. Ә.Нысанбаев,
Р.Кубанов,
2.; «Осы заманғы ғылымның әлеуметтік және этикалық проблемалары», 1988;
3. Ұжымдық еңбектер: «Ғылымның категориялық аппаратының генезисі», 1990;
4. «Ғылымның логикалық-гносеологиялық талдауы», 1990; т.б.) жарық көрді.
Жабайхан Мүбәрәкүлы Әбділдин — қоғам және мемлекеттік ірі
қайраткер тұлға, ғалым. философия ғылымдарының докторы,
профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым
академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым
қайраткері (1992). ҚР тұңғыш парезидентінің мемлекеттік бейбітшілік
және рухани келісім сыйлығының иегері (1994). Қазақстандағы
диалектикалық логика мектебінің негізін салушы.

Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған.
Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы
тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына
сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логико-методологиялық рөлін айқындады. Оның
басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге
арналған ұжымдық монографияларларжарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық
логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектаның логикалық функциясы анық
дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының
методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы,
40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.
Әбдімәлік Нысанбайұлы Нысанбаев – ғалым, философия ғылымдарының
докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым
академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері
(1994). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1984), ҚР тұңығыш
президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының
(1998) иегері.

Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен
методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеум. және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану
мәселелеріне арналды. Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын
дайындады. Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның
ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде
жарық көрген.

«Теория құрудың диалектикалық-логикалық принциптері» атты еңбегі 1974 жылы Қазақстан ғылым
академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы 1-дәрежелі сыйлыққа ие болды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Философия ғылымның ғылымы немесе Философия - ғылымның патшайымы
Араб мұсылман философиясы
Конфуций философиясы
Ғылым философиясының негізгі мәселел
Логика ғылымы
Мәдениет саласындағы ғылымның функциялары
Философия - барлық нәрсе туралы білім
Жалпы қазақ философиясы туралы тусінік жəне шығу тарихы
Қазіргі заман қазақ философиясы
АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер