ҒҰА орбита элементтері


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: ҒҰА орбита элементтері

Семей

2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘН БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Геодезия және құрылыс кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Ғарыштық ұшу аппараты

Орбита элементтері

Орбитаның типтері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Құрылған ҒҰА сан алуандығы олар арқылы шешілетін ғылыми-зерттеу және практикалық міндеттердің үлкен шеңберімен байланысты. Олар жіктелетін белгілер техникалық талаптарды, сипаттамалар мен оларды алуды бірегейлестіруге мүмкіндік береді.

ҒҰА мынадай негізгі түрлерге бөлінеді:

- Жердің жасанды жер серіктері (ЖЖС) ;

- экипажы бар ғарыштық ұшырылатын кемелер (бір рет және көп рет пайдаланылатын) ;

- орбиталық станциялар;

- автоматты ғаламшар аралық станциялар мен жер серіктері.

Slide 4

Ғарыштық ұшу аппараты

Көзделген мақсатта аппаратура жұмысының бағдарламасын жасау үшін ҒҰА-ны ұшыруға оның қозғалысының заңдылығын білу қажет. ЖҚЗ-ның таңдалған әдісі, техникалық талаптары (түсіріс ауқымы, жеделдік, қармау алаңы және т. б. ) орбита параметрлерін, ҒҰА-ның жұмыс істеу уақытын, оның орбитадағы қозғалу мүмкіндігін анықтайтын негізгі факторлар болып табылады.

ҒҰА ұшуының траекториясы үш құрамдас бөлікке бөлінеді. Орбитаға шығару учаскесі кеңістіктің берілген нүктесіне ҒҰА шығаруға арналған. ҒҰА шығару учаскесінде зымырантасығыштың көмегімен белгілі бір жылдамдықты алған соң, оның орбитадағы көлбеу бұрышы беріледі.

ҒҰА қозғалысы траекториясының екінші бөлігі жұмыс жүргізілетін, атап айтқанда ЖҚЗ бойынша орбиталық ұшу учаскесі. Осы учаскеде ҒҰА қозғалысына аспан денелерінің тарту күші, атмосфера қарсылығы, магнит өрісі және уақыт өте орбита параметрлерін өзгертетін басқа да ауытқымалы факторлар әсер етеді.

ҒҰА қозғалыс траекториясының үшінші учаскесі - бұл атмосфераның тығыз қабатына кіру, төмендеу және қону учаскесі. ҒҰА қонуы қарастырылмаған жағдайда, ол атмосфераның қалың қабаттарында жанады немесе әлемдік мұхиттың белгіленген аймақтарында батырылады.

Slide 5

Орбита элементтері

ҒҰА орбиталық ұшуының траекториясы орбита . Кеңістікте ҒҰА жағдайын түпкілікті анықтайтын параметрлер орбита элементтері деп аталады. Оларға кеңістіктегі орбита жазықтығының жағдайын, оның пішінін, көлемін сипаттайтын элементтер және орбитадағы ҒҰА жағдайын анықтайтын элементтер жатады

PN және PS нүктелері - әлемнің солтүстік және оңтүстік полюстері. Үлкен шеңбер (NS) - бұл аспан экваторы. () нүктесі - бұл аспан сферасындағы көктемгі теңелу нүктесінің кескіні, (О) нүктесі - бұл жағдайда орбита фокустарының бірімен түйісетін аспан сферасының орталығы.

Slide 6

Орбитаның типтері

Slide 7

Көлбеу бұрышының мәні бойынша орбиталар экваторлық, полярлық (полюстік), көлбеулік болып бөлінеді.

Slide 8

Қорытындылай келе, көзделген мақсатта аппаратура жұмысының бағдарламасын жасау үшін ҒҰА-ны ұшыруға оның қозғалысының заңдылығын білуіміз қажет. ҒҰА ұшу уақытында масса орталығындағы реттеу (маневрлеу), қозғалысты басқару және масса орталығы төңірегіндегі қозғалысты басқаруы жүзеге асырылады.

ҒҰА орбита элементтері ҒҰА-ны ұшыруға оның қозғалысының заңдылығын білу қажет. ЖҚЗ-ның таңдалған әдісі, техникалық талаптары (түсіріс ауқымы, жеделдік, қармау алаңы және т. б. ) орбита параметрлерін, ҒҰА-ның жұмыс істеу уақытын, оның орбитадағы қозғалу мүмкіндігін анықтайтын негізгі факторлар болып табылады.

Қорытынды

Slide 9

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Рысбеков Қ. Б. Аэроғарыштық түсіріс әдістері

Киенко Ю. Введение в космическое природоведение и картографирование М. 1994

Кронберг П. Дистанционное изучение Земли. М. Мир, 1988

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ҒАРЫШТЫҚ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ҰШЫРУ
Міндеттері - Жерді қашықтықтан зондтау
Жасанды серіктердің қозғалысы
Сутегі атомына
Жердің ядросы туралы түсінік
Қашықтықтан зерделеу мәліметтері бойынша Орталық Азия территорясының мұздану серпінін бақылау
Мұрын аумағына операция жасау
Планеталардың қозғалысы
Ғарыштың зерттеулерғарышта заттық құрамы
Жердің біркелкі емес айналуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz