МАЙЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ
Презентация қосу
«Базанова атындаҒы физиология, морфология жане
биохимия кафедрасы»
Өт қышқылдарының және липаза
ферментінің майларды қорытудағы
рөлі.Майлардың қорытылуы мен
сіңу процесінің бұзылуы
ОРЫНДАҒАН:БӘКІР БАЛАУСА
ВМ-309
ТЕКСЕРГЕН:САЛХАНОВА СӘУЛЕ
МАЙЛАР
Майлар ол біздің ағзамыздағы маңызды
компоненттердің бірі болып табылады.
Липидтер ағзада келесі қызметтерді атқарады:
Құрылымдық жасуша мембранасының құрамына
кіреді.
Реттеушілік, кейбір липидтер витаминдердің және
гормондардың алғызаттары немесе витаминді
еріткіштер және жүйке импульстерінің берілуіне
қатысады.
Тасымалдаушылық липопротеиндер, май
қышқылдарының альбуминдермен комплексі.
Термореттеушілік, ағзаның жылу изоляциялау
қызметіне қатысады.
Энергетикалық – энергияның және энергия
жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың шығу көзі.
Липидтерді класқа
бөлу
Химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде липидтер екі класқа бөлінеді:
Майлар немесе бейтарап майлар- қарапайым липидтер деп саналады, мұндай липидтерге
триглицеридтер (Триацилглицериндер) жатады.
Май тәріздес заттар немесе липоидтар- күрделі липидтер. Мұндай липидтерге
фосфолипидтер, балауыз, сфинголипидтер, стеролдар және стеридтер жатады.
Мал организмдегі тері майы шелінде, шалбырда, шашырқайда, қойдың құйрығында,
түйеннің өркешінде орналасады. Өсімдік организмдегі май тұқымында (дәнінде),
сабағында тамырында болады. Азықтық майдың көп бөлігін мақта, күнбағыз дәнегінен, соя
мен жүгері дәнінен алады.Сол сияқты сүттен және мал етіненде май алынды.
Мал мүшелерімен тканьдеріндегі липид мөлшері әр түрлі. Мысалы, бұлшық етте 2%
шамасындай май, 0,5% фосфолипидтер, 0,1% стеролдар бар. Майлы тканьдерде
(шарбыда, тері асты шелінде) майдың мөлшері 50% және одан да көбірек.
МАЙЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ
Липидтердің қорытылуы – бұл панкреаттық липаза ферменті
әсерінен майлардың гидролиздену процесі. Ересек адамдарда
майлардың қорытылуы тек ішекте келесі схема бойынша
өтеді: «өттің бөлінуі
майлардың эмульгирленуі
панкреаттық липазаның әсері». Бұл ферменттің әсері үшін
келесі жағдайлар қажет: бейтарапқа жақын рН мәні, колипаза
белогы. Колипаза панкреаттық липазамен бірге, ұйқы безінде
синтезделіп, секреттеледі. Қажетті рН мәні (асқазаннан
түскен қышқылдың құрамы) ұйқы безінен бөлінетін
бикарбонатпен бейтараптанады.
Липидтердің ыдырауы 12 елі ішекте өтеді. Ол ұйқы безі
сөлінен түсетін липаза және өт құрамындағы коньюгирленген
өт қышқылдары қатысуымен атқарылады.
ЛИПАЗАЛА
Р
Липазалар — гидролазалар қатарына жататын
ферменттер тобы.[1]
Триглицеридтегі күрделі эфир гидролизінде
катализатор болып, оларды майлы қышқыл мен
глицеринге дейін ыдыратады. Малдарда,
өсімдіктерде және микроорганизмдерде табылған.
Тек қана алдымен өт қышқылдары әсерінен өткен
майлармен байланысады. Қан плазмасында
белокпен байланысқан триглицеридтерге әсер
ететін липопротеидлипаза бар.
Липидтердің қарында қорытылуы
Майдың қорытылуы қарында басталады. Бірақ онда толық жіктеліп
қорытылып бітпейді. Қарынның қозғала алатын ерекшелігіне
байланысты, майдан қою эмульсия түзіледі. Бұл құбылыс
ферменттердің әсерін жеңілтетеді. Қарындағы қоректердің ішінде
липаза бар. Бірақ оның қасиеттері ұйқы безі липазасынан өзгеше,
ұйқы безі липазасының ең қолайлы рН деңгейі 6-7 болса, қарын
липазасы рН көрсеткіші 3,5 болғанда активті. Бұл липаза көбінесе
көміртегі атомдарының тізбегі ұзын емес, орташа болатын май
қышқылдар эфирлерін гидролиздейді. Бұл кезде босап шыққан
май қышқылдары тікелей қарын арқылы сіңіеді. Жаңа туған
сүтқоректілерде липаза ерекшк қызмет атқарады. Өйткені сүтте
төменгі молекулалық май қышқылдарының триглицеридтер
болады.
Майлардың ішекте қорытылуы.
Майлардың негізгі қорытылуы 12 елі ішекте өтеді, оған әсер етуші ұйқы безінің
липаза ферменті. Мұнда қоректік заттар жиынтығы өттің, ұйқы безі солінің және ішек
секреттерінің әсеріне ұшырайды. Липидтердің қорытылуында және олардың
гидролизі өнімдерінің сіңуінде өт қышқылдары маңызды рол атқарады.
Өт қышқылдары өтпен бірге өт қалтасыфнан шығады. Торт түрлі өт қышқылы
белгілі. Олар: холь қышқылы, хенодеоксихоль қышқылы, дезоксихоль қышқылы,
литохоль қышқылы. Бұл қышқылдар өт құрамында тиісінше 50,30,15,5%
мөлшерінде кездеседі. Бұлар пептидтік байланыс арқылы глицинмен немесе
тауринмен байланысқан. Соның әсерінен осы қышқылдар ас қорытушы барлық
ферменттерге төзімді келеді. Мұндай комплексті байланысу өт қышқылдарының
ерігіштігін жақсартады. Өт қышқылдарының байланыспаған тұздары рН көрсеткіші
7-ден төмен кезде тұнбаға шөгеді. Өт қышқылдарының глицинмен немесе
тауринмен қосылған комплекстері натрий тұздары түрінде кездеседі.
Майды эмульсияға айналдыру.
Майлар гидрофобты, сулы ортада ерімейді. Май қышқылдарының ерігіш амфипатиялық
қасиеті бар. Өт қышқылдары сырттай активті заттар. Өйткені олардың стероидтық жағы
гидрофорбты, ал полярлы «басы» (қышқылдық топ бар жері) гидрофильді болып келеді. Өт
қышқылдарының гидрофобты жағы май түйірікшіктерімен өзара әрекеттеседі, ал олардың
гидрофильдік тобы сулы ортаға қараған жақ бетке жиналып топтасады да, полярлы еріткіш –
сумен түйіседі. Өт қышқылдары, бос май қышқылдары мен моноглицеридтердің қатысында
май түйіршіктері сыртна жинақталады да жұқа қабықша түзеді. Осының нәтижесінде екі
эаттың – сумен майдың арасындағы сыртқы керіліс бірден азаяды. Осылайша беттік
керілістің азаюы және ішектің жиырылып- созылуы нәтижесінде үлкен май түйіршіктері
босайды да, бөлшектеніп, ұсақ- ұсақ май түйіршіктеріне айналады. Осылай пайда болған
майдың өте ұсақ бөліктерінің сыртқы қабатында сол беттік активті заттардан құралған жұқа
қабықшасы болады, ол қабықша май бөлшектерін біріктірмейді. Май осылайша
эмульсияланады да суда еритіндей қалыпқа түседі. Эмулбсияланғаннан кейін майдың беттік
аумағы өте ұлғаяды. Эмулсиялану деңгейі жоғары болған сайын және май түйіршіктері
кішірейген сайын оған ферменттің әсер ету оңайлайды. Сөйтіп глицеридтер гидролизінің
жылдамдығы да артады.
Өт
Өт(bіlіs, fel) – адам мен омыртқалы
жануарлардың бауырындағы безді
клеткалардан бөлінетін сарғыш-
қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік
бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның
бөліну жылдамдығы, көлемі әр
түрлі өзгеріп отырады, ол ас
қабылдау мерзіміне сәйкес келеді.
Организмдегі өт бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс
уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың
(электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің
тығызд. – 1,010 – 1,015, рН – 7,4 – 8,0, ақшыл-сары түсті.Өт қапшығы өтінің
құрамындағы негізгі заттардың (өт қышқылы тұздары, пигменттер, холестерин,
майлы қышқылдар, аниондар, катиондар) тығызд. бауыр өтімен салыстырғанда 5 –
10 есе жоғары болады. Қара-қоңыр түсті, қою, тұтқыр болып келеді. Өт түзу қалыпты
бауыр клеткаларының (гепатоциттер) суды, өт қышқылдарын, билирубинді өт
түтікшелеріне бөлуден басталады. Өт ішектегі өт майларының ыдырауына,
бөлшектенуі мен сорылуына қажет. Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады, яғни,
алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі. Ішекке
қапшық өтінің түсуі гормондық заттармен (секретин, холецистокинин) реттеледі,
одан басқа, майлы заттар өт қапшығының жиырылуы мен босаңсуына себепші
болады. Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 – 700 мл өт бөледі.
Жануарлардың, әсіресе, ірі қара малдың өтінен алынған препараттар медицинада
кеңінен қолданылады.
Өт қышқылын организм өте ұтымды жұмсайды. Тәулігіне 50 г
май ыдырағанда 150 г өт қышқылы жұмасалады, ал оның 15
г ғана синтезделеді. Май қышқылдарынан және өт
қышқылдарынан тұратын комплекс ішек түтіктерінің
эпителей клеткаларында қайтадан бастапқы қалпына келеді,
яғни өт қышқылына және май қышқылдарына ыдырайды. Өт
қышқылы вена тамырлары арқылы бауырға, одан өтке өтіп,
жұмсалған өт қышқылының орнын толықтырып отырады.
Ішектің қабырғаларында глицйерин және май қышқылдары
ғана өзгерістерег ғана ұшырайды. Эпителий клеткаларында
триглицеридтердің жеке- жеке компоненттерінен ресинтезі
жүреді. Глицерин АТФ- тың қатысуымен фосфорилденеді,
бұл фосфорилденуді глицерокиназа ферменті катализ деп
аталады.
Өкпеде липаза ферменті болғандықтан майлар
гидролизге ұшырауы мүмкін, сонымен қатар май
қышқылының және кетондық денелердің тотығуына
да мүмкіндік береді. Майлар өепенің мезенхималық
элементтерінде ұсталып қала алады. Сондықтан,
егер мезенхималық элементтер нашар дамыған
болса, өкпенің тыныс алуы күшейіп, қан ағысы
жылдамдаған / мысалы, әншілерде/ артерия қанына
майдың артық мөлшері түсіп, май тканьдерінде
артық қор ретінде жиналуы мүмкін. Қақпақты венаға
түскен нейральды майлар бауырға және шеткейде
орналасқан тканьдерге май қорлары бар жерлерге
жеткізіледі.
Липипдтердің қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылуы
-липемия немесе липидоз
Бауырдың майлы дистрофиясы:
ұсақ және ірі майлы түйірлері бар
гепатоциттер
Миокардтың майлы дистрофиясы
а - майлы түйірлері бар
кардиомиоциттер; б - венулалар;
в - майлы түйірлері жоқ
кардиомиоциттер
Липидоздар (Lipidosis) немесе липемия - липидтік алмасудын бұзылуын
сипаттайтын аурулар тобы. Тұқым қуалайтын липидоздардың себебі көп
жағдайда метаболизмге қатысатын қандайда бір ферменттің генетикалық
ақауынан болады. Мұндай патология жас төлдер (сәбилер) үшін маңызды және
липидоздардың туындау себептерін топтастырсақ, онда
1 топта: ұйқы безінің қызметінің бұзылуы салдарынан липазаның жеткіліксіздігінен
туындайтын аурулар: туа біткен бездің құрылымы жетіспеуі, некроз, фиброз,
гипоплазия, т.б.
2 топта: ішекке өттің түзілуінің бұзылуы салдарынан туындайтын аурулар: туа
біткен өт жолдарының аплазиясы, гепатит, Боткин ауруы, бауыр циррозы, т.б
3 топта: майлардың қорытылуы мен сіңуінің бұзылуы салдарынан асқазан-ішек
қызметінің бұзылады.
4 топта: этиологиясы белгісіз аурулар – сәбилердегі целиакия, ересектердегі
іштің өтуі .
Липидоздарға липидтік және гликолипидтік кешендерді ыдырататын ерекше
түрдегі лизосомальды ферменттердің белсенділігінің төмендеуімен ерекшеленген
тумысынан күрделі аномалиялар жатады. Майлар біртіндеп зақымдалған
органдарға жиналып және оны бүлдіріп, олардың қызметтерін (функцияларын)
төмендетеді.
Қанның липопротеидтері
Қан құрамында липидтер: бейтарап майлар (үшацилглицеридтер), бос май
қышқылдары, фосфатидтер, стеридтер түрінде кездеседі. Қандағы
липидтердің сандық мөлшері жас ерекшелігіне, тамақтануға және әр түрлі
патологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Қандағы липидтердің жиынтық мөлшері 200-800 мг% аралығында өзгеріп
отырады.
Майларға бай азық жегеннен кейін 2-4 сағаттан соң қан құрамындағы
липидтердің жиынтық мөлшерінің артуы (физиологиялық липемия)
байқалады, оны алиментарлы гиперлемия деп атайды.
Патологиялық жағдайда гиперлипемия нефрозда (300-3000 мг%), диабетте
(500-2000 мг%), гликонеогенезде (5000 мг% дейін), эссенциальды
гиперлипемияда (6000-8000 мг%) байқалады. Сонымен қатар,
гиперлипемия жіті гепатитте де байқалады, ал созылмалы гепатитте аз
мөлшерде төмендейді де, бауыр циррозында қалыпты мөлшерден де
төмендеп кетеді.
Фосфолипидтер
Фосфолипидтер - био мембраналардың құрылымдық компоненттері
ретінде қызмет ететін жасуша мембранасы, лизосомалық мембрана,
митохондриалды мембрана, эндоплазмалық ретикулум мембранасы,
Гольджи аппаратының мембранасы және басқалары ретінде қызмет
ететін ең көп липидтер, сонымен қатар олар полярлы гидрофильді бас
және екі емес мембранадан тұратын амфипатикалық молекулалар. -
полярлы, гидрофобты құйрықтар.
Фосфолипид молекуласын салу кезінде бір май қышқылының құйрығы
алынып, оны фосфат тобына ауыстырады. Глицерол молекуласымен
бірге фосфат тобы фосфолипид молекуласының полярлы басын
құрайды. Сонымен қатар, фосфат тобына қосылған қосымша
молекула бар. Бұл холин молекуласы, сериндер тобы немесе
этаноламин молекуласы болуы мүмкін. Демек, осылардың негізінде
фосфолипидтер үш типті: фосфоглицеридтер, фосфор инозиттері
және фосфо сфингосидтері.
Сфинголипидтер
Сфинголипидтер - бұл май қышқылдарының тізбегіне қосылған
сфингозин деп аталатын ұзын тізбекті амин спирті бар
фосфолипидтердің бір түрі. Демек, сфинголипидтердің өзегі -
сфингозин. Сонымен қатар, бұл жүйке тінінде жиі кездесетін липидтер,
олар сигнал берумен және жасушаны танумен байланысты.
Сфингомиелин, гликосфинголипидтер және ганглиозидтер сияқты
сфинголипидтердің үш қосалқы класстары бар. Сфингомиелиндер
жануарлар жасушаларының мембраналарында, әсіресе
нейрондардың миелин қабығында көп кездеседі. Екінші жағынан,
гликосфинголипидтер - бұл мида және жұлында көп кездесетін
конъюгацияланған липидтердің бір түрі. Соңғы түрі, ганглиозидтер -
бұл жүйке ұлпасының ганглион клеткаларында көп кездесетін
сфинголипидтер.
Сфингомиелиндер құрылымы
Сфинголипидтер алмасуының
бұзылуы
Сфинголипидоз – сфинголипидтер
катаболизмін жүзеге асыратын
ферменттердің генетикалық
ақауларының салдарынан
туындайтын аурулар. Ауру қызметі
бұзылатын мүшелерде
сфинголипидтердің жинақталуымен
байқалады.
Сфинголипидоздар лизосомды
ауруларға жатады.
Холестерол алмасуының бұзылуы
Атеросклероз (atherosclerosіs; гр. athrа — ботқа және sklrsіs
— қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің
сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин
сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде
болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер
бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі
қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп,
тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз
денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады.
Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері
қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан
тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде
науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін.
Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі
еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына
соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия),
жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің
негізгі себебі болып есептеледі.
ӨТ ТАСТАРЫНЫҢ ТҮЗІЛУІ
Өтте тас байлану, холелитиаз – адам организмінде зат алмасу, әсіресе май
алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі,
құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады. Өтте
тас байлану көне заманнан белгілі. Бұл ауру туралы деректерді Гиппократ,
Әбу Наср әл-Фараби, ежелгі римдік энциклопедист-ғалым А.К. Цельстің
еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл ауру семіру, қант диабеті, холецистит,
ұйқы безінің қабынуы (холецистопанкреатит) дерттерінің салдарынан болуы
мүмкін, сондай-ақ әр түрлі жұқпалы ауруларды дер кезінде емдемеуден де
болады. Өт қабы мен өт жолында бөгелген өт бауырды қысады, соның
нәтижесінде өттегі холестерин шала ыдырайды. Осыдан өт қабы мен өт жолы
қабынып, ісініп тарылады, өт баяу жүреді, ал оның құрамындағы заттар бірте-
бірте шөгіп тасқа айналады. Өт жолын тас бітегенде адамның денесі
сарғайып, жиі кекіру басталады. Ауруды ультрадыбыспен зерттеу арқылы
анықтайды. Аурудан сақтану үшін тамақты аз-аздан, тәулігіне 5 – 6 рет ішу
керек; рационнан аса майлы тағамдарды шығарған жөн.
АУРУЛАРЫ
ЛЕЙКОДИС-ТРОФИЯ
ТЕЯ-САКС АУРУЫ
ГОШЕ АУРУЫ
ФАБРИ АУРУЫ
ФАРБЕР АУРУЫ
НИМАНА-ПИК АУРУЫ
Қорыта келгенде липидтер мал, адам және өсімдіктердің
барлық тканьдері клеткаларының құрамына кіріп, өте
маңызды қызмет атқарады. Олар қор боып жиналып,
құрамы және мөлшері мал азықтандыруға және
қоңдылығына себепші болады. Липидтер клетка
мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі.
Құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі
химиялық құрамы болады: ондай липидтер жануарды
азықтандыруға және олардың ауруына байланысты
өзгермейді. Липидтер қорғаныс қызметін атқарады,
организмдерді ыстық суықтан, әртүрлі әсерлерден
қорғайды.Липидтерде көптеген витаминдер ериді,
құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары
болады, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі
үшін қажет.Липидтер азық ретінде де маңызы зор. Азықтық
майдың көп бөлігін біз өсімдіктердің, мал организмінен
аламыз.
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz