Зертханалық жануарлар
Презентация қосу
№ 6 тәжірибелік сабақ
Лабораториялық жануарлар және
олардың сипаттамасы.
Лабораториялық жануарларды
зақымдау тәсілдері
Орындаған: Шәбден Еркебұлан
Бәкір Балауса
Тексерген:Нұрғожаева Г.
Зертханалық жануарлар
Зертханалық жануарлар - биологияда,
медицинада, ветеринарияда және ауыл
шаруашылығында ғылыми жұмыстарды
жүргізу мақсатында пайдаланылатын
жануарлар.
Зертханалық жануарларға жүргізілетін ғылыми тәжірибелер мақсаты мен
міндеттеріне қарай таңдалып алынады. Зерттеу жұмысының тиімді де жақсы
нәтиже беруі үшін таңдап алған түрдің тек биологиялық ерекшеліктері ғана
емес, олардың мінез-құлықтары да ескеріліп, жануарлардың өніп-өсуіне және
тіршілігіне қолайлы жағдай жасалуы қажетТәжірибелік мақсатта, негізінен,
арнайы шығарылған инбредті (жақын туыс дарабастарды шағылыстырудан
шығарылған) және таза тұқымды зертханалық жануарлар, сондай-ақ
гнотобиоттар (микробсыз жануарлар) пайдаланылады. Зертханалық
жануарларды виварияларда (тәжірибе жүргізілетін жануарларды арнайы
ұстайтын орын) ұстайды.
Зертханалық жануарлардың қатарына
мамандардың ғылыми ізденістеріне
қажетті жануарлардың барлық тобы
(қарапайымдардан сүтқоректілерге дейін)
жатады: тәжірибе, негізінен,
омыртқалылардан – бақа, тышқан (бұлар
зертханалық жануарлардың 70%-ын
құрайды), егеуқұйрық, ит, мысық, қоян,
маймыл, сонымен қатар тасбақалар мен
құстарға да, ал омыртқасыздардан –
дрозофила шыбыны, кене, құрттарға, т.б.
жүргізіледі.
Зертханалық жануарларды виварийде
ұстайды
Виварий, хайуанхана - ғылыми мақсатта және
биологиялық сынамалар үшін зертханалық
жануарларды ұстайтын және өсіретін бөлме.
Тышқандар (лат. Mus) - ұсақ кеміргіштер тұқымдасы.
Дене ұзындығы 12,5 см дейін, құйрығы, 10,5 см жетеді.
Ақ тышқандар-бір қатар инфекциялық аурулардың
тасымалдаушылары болып саналады. Туляремия, оба
қоздырғышын, гельминт, кепе, т.б. паразиттерді
таратады. Зертханалық жануарлары болып
табылады.Кей жағдайда генетикалық тәжірибелер
жасауға пайдаланады.
Торда 1еркек 5-6 ұрғашыдан орналастырылады.Осы
жерде тышқандардың шағылысуы ,көбеюі
өтеді.Жыныстық жетілген тышқандардың салмағы
ұрғашысінікі-18-19г, еркегінікі-19-22г
болады.Тышқанның буаздығы 18-25 күнге
созылады,туылған кезде салмағы 1,5г болады.
Тышқандарды 25-30күндік кезінде енесінен
айырып,торларға 20-25 бастан орналастыдады.Бұл
кезде жас тышқандардың салмағы 8-10г-ға жетеді.
Қояндар (лат. Leporidae) – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8
туысқа бөлінетін 50 түрі бар.
Қояндардың тірідеі салмағы 4,5-6,0 кг, дене ұзындығы 57 см,
кеуде орамы 36 см.Қоян, басқаларымен салыстырғанда, өте
өсімтал мал. Қоян 1 жылда 2 рет көжектеп, 6-10 дейін көжек
туады. Әр туғанда 3-5–ке дейі көжек табады. Олар 4-5
айлығында шағылысады.
Қояндардың маңызды биологиялық ерекшеліктеріне
ерте физиологиялық жетілуі, тез жетілуі, қысқа
репродуктивті кезеңі, жоғары өсімталдығы және
тағы басқалар жатады.
Қоян-эксперименталды зерттеулер жүргізу кезінде
қолданылатын зертханалық жануарлардың ең көп
таралған түрлерінің бірі.
Теңіз шошқалары (Cavia) - шошқа тәрізді
тұқымдасына жататын кеміруші сүтқоректілер.
Дене ұзындығы 35 см-ге дейін; құйрығы
сыртынан байқалмайды, артқы аяқтары үш
саусақты. Оңтүстік Американың ашық далалық
аймақтарында таралған. Жеке дара, кейде топ
құрып өмір сүреді. Ін қазады немесе басқа
жануар індерін иеленеді. Белсенділігі түнде
байқалады. Жыныстық жетілуі 55- 70 күн.
Буаздылығы 60-70 күнге созылады. 1-4 ұрпақ
береді. Жыл бойы көбейеді. 8 жыл өмір сүреді.
Зертханалық жануар. Көптенген жаңа түрлері
шығарылған терісінін бояумен, құрылымы
әртүрлі.
Жануарларды зақымдау
тәсілдері
Құрсақ қуысы арқылы –жануарды
шалқасынан
ұстап,басынбекіткеннен кейін
шприцтің инесін қарынның
төменгі 3/1 бөлігіне, ақ сызықтан
сәл ауытқыған жерге салады.
Мөлшері 0,1-0,2 мл аспау керек.
Күре тамырға –зерттеліп отырған
материалды үй
қояндарынақұлақтың шеткі
тамырына, тышқандар мен
егеуқұйрықтардың құйрық вена қан
тамырына енгізеді. Зақымдау
алдында ол жерді ксилолмен
немесе жылы суға батырылған
мақтамен сүртеді, ол қан
тамырының қанға толып, оңай
табылуына себепші болады.
Бұлшық ет арқылы зақымдау –материалды
жамбастың ішкіжағындағы бұлшық етке енгізеді.
Мөлшері тышқандар үшін 0,5 мл, теңіз шошқасы
үшін 3-5 мл, үй қояндарына 5-8 мл.
Интрацеребральды зақымдау –материалды миға
енгізу.
Интраназальды зақымдау –мұрын қуысы арқылы
зақымдау.
Скарификация –жануардың терісін скальпельмен
тіліп жіберіп,зерттеліп отырған бактерия өсіндісін
сол жерге үйкейді.
Тері арқылы зақымдау –теріні сол қолдың
саусақтарыменжинақтап тұрып, инені терінің ішіне
енгізеді. Егер дұрыс салынған болса тері томпайып
шығады.
Тері асты арқылы зақымдау –саусақтармен теріні
керіп тұрып,пайда болған «қалташыққа» инені
салып, шприцтің ішіндегі енгізеді.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz