Аммиак және оның қосылыстары: физика-химиялық қасиеттері, туындылары мен қолданылуы


Slide 1

Аммиак және оның қосылыстарына жалпы сипаттама

Орындаған: ВМ-309

Бәкір Балауса

Тексерген:Жыльгелдиева А. А.

Slide 2

аммиак

Аммиа́к - NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ.

Аммиак ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл. Аммиактың суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем (0 °C кезінде) немесе 700 көлем (20 °C кезінде) NH3 ериді. Тоңазытқыш техникада R717 деген атауға ие, мұндағы R - Refrigerant (хладагент), 7 - хладагент типі (бейорганикалық қосылыс), 17 - молекулалық массасы.

Slide 3

қасиеттері

Физикалық қасиеттері

Аммиак - түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш газ. Балқу температурасы -77, 8°С, қайнау температурасы -33, 4°С.

Аммиак суда өте ерімтал, 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3·H2O түзеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мусәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады.

Химиялық қасиеттері

Аммиактың сумен әрекеттесуі.

Аммиак суда ерігенде, темендегі тепе-теңдік іске асады:

Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді.

Аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.

Slide 4

әсері

Физиологиялық әсері

Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс.

Қыздырудың әсері

Аммоний тұздарын қыздырғанда, олардың айырылуы кұрамына қарай әртүрлі өтеді. Мысалы:

Ерекшелігі - бөлінген аммиак NH3 қайтадан хлорсутекпен әрекеттесіп, сынауықтың суык қабырғасында аммоний хлоридінің майда ақ кристалдарын түзеді (16-сурет) . Аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырса, аммиак газы бөлінеді. Газ шығып жатқан түтіктің аузына ылғал қызыл лакмус қағазын ұстаса, ол лезде көгереді. Аммиак газын өткір иісінен де байқауға болады. Бұл әрекеттесу аммоний тұзын анықтауға сапалық реакция болып табылады.

Slide 5

қолданылуы

Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады. Аммиак төменгі қысымда (0, 7-0, 8 мПа) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады.

Аммоний нитраты мен аммоний сульфаты, аммоний гидро- фосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді: дәнекерлеуге, гальвани элементін даярлауға, ал аммоний гидрокарбонаты: кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Аммоний нитраты NH4NO3 мен алюминий және көмірдің коспасынан аммонал деп аталатын копарылғыш зат жасалынады.

Аммиак - өткір иісті, тұншықтырғыш газ. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Одан тыңайтқыштар - нитраттар, азот қышқылы, қопарылғыш заттар алынады.

Аммоний тұздарының барлығы суда жақсы ериді. Оларды қыздырғанда, аммиак бөле ыдырайды. Аммоний тұздары азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар өндіруге, қопарылғыш заттар жасауға қолданылады.

Slide 6

туындылары

Аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.

Мысалы, екі шыны таяқшаны алып, біріншісін - аммиак суына, екіншісін - концентрациялы тұз қыішқылына батырып, екі таяқшаны бір-біріне жақындатса, ақ түтін пайда болады.

Ол - аммоний хлоридінің өте ұсақ кристалдары. Реакция тендеуі:

Аммиак басқа да күшті қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.

Slide 7

аммоний

Аммоний, NH4+ - аммиактың судағы ерітіндісінде түзілетін атомдар тобы; бір зарядты катион. Тұрақсыз, қыздырғанда аммиакқа және суға ыдырайды. Мүсәтір спиртінің (NH4OH) және А. тұздарының құрамына кіреді.

Slide 8

Аммоний қосылыстары

Аммоний қосылыстары - құрамына аммоний тобы NH4 енетін хим. заттар. Олардың көпшілігі тұздарға жатады және аниондары бойынша аталады. Негізгілері - аммоний карбонаттары, аммоний нитраты, аммоний сульфаты, аммоний фосфаттары болып табылады. Аммоний карбонаттары - көмір қышқылының аммоний тұздары. Құрамына қарай бикарбонат немесе гидрокарбонат, карбонат және карбаминат болып жіктеледі. Карбонат аммиак ерітіндісіне көмірқышқыл газын жіберу арқылы алынады. Ол 20 °С дейін қыздырғанда ыдырап, аммиак және бикарбонат түзеді. Аммонийдің басқа тұздарын алу үшін, шарап ашытқанда фермент әсерін күшейту үшін пайдаланылады. Аммоний нитраты - аммонийдің азот қышқылды тұзы, түссіз кристалды зат, 169, 5 °С дейін қыздырғанда балқиды, одан жоғары темп-рада су және азотоксидін түзеп отырып айырылады. Суда ерігенде жылуды сіңіреді. Тыңайтқыш есебінде және қопарғыш заттар алуда қолданылады. Аммоний сульфаты - күкірт қышқылды аммоний тұзы. Суда еритін кристалды зат. Күкірт қышқылына аммиакты жіберу арқылы немесе гипсті аммиак және көмір қышқылымен әрекеттестіріп алады. Аммоний сульфаты - азот тыңайтқыштарының бірі. Аммоний фосфаттары - аммонийдің фосфор қышқылды тұздары. Олар фосфор қышқылы аммиакпен әрекеттескенде түзіледі. Аммоний фосфаттары құрамында азоты және фосфоры бар күрделі тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Slide 9

Аммоний тұздары

Аммоний тұздары - құрамында аммоний ионы NH4+ және қышқыл калдықтары болатын қатты кристалды, күрделі заттар. Мысалы, NH4Cl, (NH4) 2SO4, NH4NO3, т. б. Бұл тұздардағы аммоний ионы NH4+ қосылыста бір валентті металл орнына жүреді. Бұл тұздардың бәрі суда жақсы ериді.

Slide 10

Аммоний тұздарының сыртқы түрі және физикалық қасиеттері сәйкес сілтілік металдардың тұзына ұқсас. Сонымен бірге аммоний тұздарының бірқатар өзгеше қасиеттері де бар. Аммоний катионының NH4+ сілтілік металдардың катионынан ерекшелігі құрылымы күрделі және белгілі жағдайда ыдырайды. Мысалы, аммоний хлоридін қыздырғанда ол бірден буланады, бірақ бұл NH4Cl молекуласының ұшқыштығының салдарынан емес, тұздың қайтымды айырылуының нәтижесінде жүреді. NH4+ катионы металл ионы сияқты бір валенттік көрсетеді. Аммоний тұздары кристаллдық заттар, суда жақсы ериді және судағы ерітінділерінде иондарға толық диссоциацияланады: NH4Cl= NH4+ + Cl- Аммоний ионына сапалық реакция.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Аммиак және оның қосылыстары: молекулалық құрылым, алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Фосфор және оның қосылыстары: құрылымы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Хром және оның қосылыстары: физика-химиялық қасиеттері, таралуы мен биологиялық маңызы
Фосфор және оның қосылыстары: физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы мен қолданылуы
Кальций (Ca): атомдық құрылымы, физика-химиялық қасиеттері, қосылыстары және қолданылуы
Темір және оның қосылыстары: құрылымы, қасиеттері, таралуы мен қолданылуы
Азоттың қосылыстары және аммиак: сабақ жоспары
Аминдер: құрылымы, физика-химиялық қасиеттері, алу әдістері мен қолданылуы
Альдегидтер мен олардың туындылары және көмірсутектер: құрылымы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Пиримидин және оның туындылары: химиялық қасиеттері мен биологиялық-фармакологиялық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz