IX-XI ғасырлардағы Батыс корольдігінің қалыптасуы


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Батыс корольдігінің құрылуы

ОРЫНДАҒАН:Қантаева Жұлдызай ҚАБЫЛДАҒАН: ТОБЫ:114-18

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе:

Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы

II. Негізгі бөлім:

a) IX-XI ғасырлардағы Франция

б) IX-XI ғасырлардағы Германия

в) IX-XI ғасырлардағы Италия және Византия

III. Қорытынды:

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Тарихи ғылымда феодализм дәуірінің басы ретінде құл иеленуші батыс Рим империясының құлауы, ал аяғы ретінде ағылшын буржуазиялық ревалюция болып саналады.

Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы экономикада, әлеуметтік және саяси құрылыста маңызды өзгерістермен сипатталады.

Slide 4

Осы өзгерістерге сай феодализм дәуірін бірнеше кезеңдерге бөледі:

Slide 5

IX-XI ғасырлардағы Франция

XI ғасырда Франция бірнеше ірі феодалдық иеліктерге бөлінді.

Нормандия;

Бургундия;

Бретань;

Активания герцогтіктері;

Анжу;

Тулуза;

Шампань т. б. Графтықтар.

Герцогтер мен графтар корольдің бағыныштылары болғанымен, олар іс жүзінде корольге бағынбайды.

Slide 6

Король иелігі домен деп аталды. Ол Париж бен Орлеанның төңірегінде болды. Корольдің иелігі көлемі мен халқының сагы жағынан герцогтер мен графтар иеліктерінен аз болды. ХІІ ғасырдан бастап корольдер әр түрлі жолдармен қз иеліктерінің көлемін ұлғайта түсті. Король өз иелігін басқа жерлерді жаулап алу, тиімді үйлену, мұрагерсіз мырзалардың жерін қосып алу, антын бұзған бағыныштының жерін тартып алу арқылы ұлғайып отырды.

Slide 7

962 жылы Германия королі І Оттон Римді басып алады. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялайды. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді Қасиетті Рим империясы деп аталды. ХІ ғасырда Бургундия корольдігі мен Чехияның біраз жерін қосып алды.

IX-XI ғасырлардағы Германия

Slide 8

Х-ХІ ғасырларда қолөнер кәсібінің ауыл шаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Германияда қалалар пайда болып, өсе бастады. Қалалар қолөнер мен сауда орталығына айналды. Қаланың орталығы сауда-саттық алаңы болып саналды. Алаң маңында қала әкімшілігінің үйі - ратуша салынды. Алаңның бір шетінде шіркеу орналасты.

Германияның қалалары экономикалық жағынан шетел орталықтарымен байланыста болды. Оңтүстік-шығыстағы қалалар Венециямен сауда-саттық жұмыстарын қызу жүргізді. Батыстағы қалалар саудадағы қарым-қатынасын Франция мен Фландрия, ал Солтүстіктегі қалалар Англиямен, Скандинавия және Балтық жағалауы елдерімен сауда-саттық жасады.

Slide 9

ХІ ғасырларда Италия Еуропаның басқа елдері сияқты бытыраңқы елдері болып қала берді. Бірақ бұрынғы қалалаы ұлғайып, жаңа қалалар қатары өсе бастады. Италия қалаларының дамуына кресшілер себеп болды. Яғни, кресшілерді тасудан, оларды азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз ету арқылы Италия қалалары көптеген табыстар тауып отырды.

IX-XI ғасырлардағы Италия

Slide 10

ІХ ғасырдың ортасынан ХІ ғасырдың соңына дейінгі кезең ортағасырлық Византия тарихының келесі кезеңі болды. Оның негізгі мазмұны ортағасырлық монархия институтының қалыптасуы болды.

IX-XI ғасырлардағы Византия

Slide 11

Империяның барлық территорияларында жерге деген меншіктің 3 түрі үстемдік етті

Slide 12

ІХ ғасырдың ортасынан бастап Византия қалаларының өрлеуі бсталды. Қала өмірін, шаруашылығын реттейтін эпарх белгілеп, берген ережелер жинағы «Эпахтар кітабы» Х ғасырда пайда болады. ХІ ғасырдың ортасынан бастап сауда мен қолөнер қалаларда өрлей бастады. Византияның атын шығарған жібек, шыныдан жасалған бұйымдар, металл, тұрмыстық заттар болды.

Slide 13

Батыс Еуропаның көптеген елдерінде феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі ІХ-ХІ ғасырларда аяқталды. Италияда, Францияда феодалдық құрылым Х ғасырда аяқталса, Англия мен Византияда бұл процесс ХІ ғасырдың аяғында, ал Германияда тек ХІІ ғасырдың басында орнықты. Скандинавия елдерінде феодалдану процесі мүлде баяу жүрді. Ұсақ жеке жер иеленулермен қатар феодалдық вотчина үстемдік етті. Шаруалардың басым бөлігі жер иеленушіге бағынышты болды. Экономикадан тыс қанау феодалдық рента ретінде көрініс берді. Ерікті селолық қауым тәуелділікке түскен қауымға айналды. Феодализмнің алғашқы сатысында натуралды шаруашылық үстемдік етті, айырбас, сауда байланыстары жеткіліксіз дамыды. Батыс Еуропа елдерінің ірі поместьелерінде еңбекпен өтеу рентасы және шаруашылықтың барщиналық жүйесі болды. Алғашқы қала тұрақтары, рыноктық орталықтар, Оңтүстік және Солтүстік Еуропада теңіз саудасы үшін порттар қалыптаса бастады. Әлеуметтік-саяси қатынастарға тән сипат жерге феодалдық меншік пен феодалдың саяси билігі еді. Ірі вотчина тек шаруашылық бірлік қана емес, тәуелсіз мемлекет-сеньорияға айналды. Өз иелігіндегі тұрғындарға байланысты феодал тек жер иеленуші ғана емес, қолына соттық, әкімшілік билік, әскери-саяси күштерді жинақтаған сеньор болды. Қоғамның осындай ұйымы Х-ХІ ғасырларда Еуропада саяси бытыраңқылықтың қалыптасуына алып келді.

Slide 14

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Мәшімбаев, С. «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» Алматы: Атамұра, 2003. - 190-192б. 2) История средних веков Европа, М. 2001. 3) Тортаев С «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» Алматы 2004 ж 226-230 б 4) Боранбаева Б «Орта ғасырлар тарихы» Астана 2011 ж 326-328 б


Ұқсас жұмыстар
III-IX ғасырлардағы Ежелгі Қытай мәдениеті: қалалар, сауда, өнер және философия
XI-XV ғасырлардағы Франция: территориялық бірігу, Жүз жылдық соғыс және халықтық қарсы күрес
VI-IX ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының қалалық мәдениеті
XI-XIII ғасырлардағы Қыпшақ хандығы: қоныстану, этникалық және қоғамдық құрылым, саяси жағдай мен шаруашылығы
IX-XIII ғасырлардағы Қыпшақ хандығы мен Оғыз мемлекетінің этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы және саяси-экономикалық жағдайы
IX-XIV ғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азияның қалалық мәдениеті мен көркем өнері
Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениеті: қалыптасуы, кезеңдері және ықпалы
Балалардың бас миының анатомиясы: жастық ерекшеліктер, эмбриогенез және V, VII, IX, X, XI, XII жұп жүйкелерінің топографиясы мен нервтенуі
XVII-XVIII ғғ. Батыс Еуропа эстетикасы: абсолюттік монархия мен классицизмнің қалыптасуы
XVIII-XX ғасырлардағы Батыс Еуропа философиясы: марксизмнен позитивизмге және постмодернизмге дейін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz