Кокцидиятәрізділе рдің ооцистасы




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық
Университеті

Споралы жануарлар (Sporozoa) . Грегариналардың
құрлысы мен даму циклы. Кокцидияның даму
циклы. Безгек плазмодиясының даму циклы.

Орындаған: Уринбасарова Ақкүміс
Қабылдаған: Айтжанова Мира
Споралылар — буылтық құрттардың,
моллюскалардың, буынаяқтылардың,
омыртқалы жануарлардың және
адамдардың ішегінде, дене қуысында,
қан клеткаларында паразиттік тіршілік
ететін бір клеткалы қарапайым
жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің
әсерінен ас қорыту, жиырылғыш
вакуольдері жойылған, қоректік
заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп
алады, ешқандай қозғалыс органоидтары
болмайды, тек жынысты клеткаларында -
микрогаметаларында - талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді.
Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны
шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын
жас особьтар шығады. Жынысты жолы – гаметогония деп аталатын,
гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота
қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. Осыдан
спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішіңце, спорогонияның
нәтижесінде, ең алдымен споробластар – бұлардан майда
спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде
орналасады.

Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар – Gregarinina және
кокцидиятәрізділер – Coccidiomorpha.
• Грегариналар класының (GREGARININA) -
өкілдері омыртқасыз жануарлардың
паразиттері, әсіресе олар насекомдарда көп
кездеседі. Бір ядролы сопақша келген
денесінің ұзындығы 10-15 мкм-нан бірнеше
миллиметрге дейін жетеді. Цитоплазмасы
екіге бөлінеді: эктоплазма және
эндоплазмаға. Эктоплазмасында ұзына
бойы және көлденең жатқан фибриллалары
(мионем жіпшелері) кездеседі. Сол
фибриллалардың қысқаруы нәтижесіңце
грегариналар өз еркімен қозғалады. Lankesteria
cystodytae
Басқалары алға карай сырғуы арқылы
жылжиды немесе мүлде жылжымай бір
жерге жабысып тұрады. Бұл класқа нағыз
грегариналар отряды жатады.
• Нағыз грегариналар отряды – Eugregarinida
• Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі
сопақтау, ұзындау, сыртын қалың қабықша – пелликула қаптап тұрады. Оның астында
денесін бойлап эктоплазма жатады, ол плазмалық перделер түзеп, грегаринаның бір
клеткалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші – эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не
қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады. Екінші –
протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші – дейтомерит, ядро орналасқан
үлкенірек болып келген бөлік
• Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, яғни біреуінің
протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзейді. Содан кейін
әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады. Екі
грегаринаның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл
ядролар дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталынып, гаметаларға
айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп атайды,
артқы грегаринадан микрогаметалар – ол сателлит. Гаметалар қосылып зигота құрайды.
Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып, ооцистаға айналады. Ооцистаның ішінде спорогония
процесі өтеді. Ядро бөлініп 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен
жүреді, 8 ядро түзілгеннен кейін, әрбір ядро цитоплазмамен қапталынып, ооцистаның ішінде
спорозоиттар пайда болады. Спорогония процесі осылай бітеді. Ооцисталар ауру
жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге шығып, ары қарай даму үшін басқа
жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда ооцисталар ішек сөлдерінің әсерінен жарылып,
спорозоиттар шығып эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.
• Кокцидиятәрізділер класына (COCCIDIOMORPHA) -
өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана клетканың
ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар
жатады. Денелері сопақша, домалақтау не доға
сияқты болып келеді. Олар адамның,
сүтқоректілердің, құстардың ішек клеткаларында,
бауыр, бүйрек, қан клеткаларында кездеседі. Қан
споралылардың және кокцидиялардың даму
кезендері бір-біріне өте ұқсас, сондықтан бұл екеуін
кокцидиятәрізділер класына жатқызады. Бұлардың
көбеюінде кезектесіп жүретін үш кезеңді байқауға
болады: шизогония (жыныссыз көбею) гаметогония
(жынысты) және спорогония. Кокцидиятәрізділе
рдің ооцистасы
• Көптеген кокцидиялардың бір ғана иесі болады,
сондықтан спорогония кезеңі жартылай немесе
толық сыртқы ортада жүреді (Eimeria magna).
Басқаларының иесі екеу, жыныссыз көбеюі бір
иесінде өтеді, ал жынысты көбею және спорогония
кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax).
• Бұл кластың негізгі екі отрядын атап кетуге болады:
кокцидиялар отряды - Coccidiida және кан
споралылар - Haemosporidia.
Безгек масасы адамды шаққанда,
сілекеймен бірге адам қанына
спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте
майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе орақ
тәрізді. Олардың құрылысы
кокцидиялардың зоиттар құрылысына
өте ұқсас, тек коноиды болмайды.
Қанға түскен спорозоиттар қан
тамырлары арқылы бауырға
жиналады. Осы жерде шизогония
көбею кезеңі басталады.
Әрбір спорозоит бауыр жасушасына еніп,
жұмырланып шизонтқа айналады. Шизонттың
ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан
мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін
шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір
тобы қайтадан бауыр жасушаларына еніп,
жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы
бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар
пайда болады, ал мерозоиттардың екінші тобы
бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді,
сол жерде жұмырланып шизонтқа айналады, 2-3
сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады,
сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина
тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып,
шизонт өсіп, амеба тәрізді болады. Шизонттың
ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20
спорозоиттар, 2,3-адамның бауыр
жасушасындағы спорозоиттардың
дамуы, 4-спорозоиттардың
мерозоиттарға ыдырауы,
5,6,7,8,9,10,11-адамның қызыл қан
түйіршігіндегі паразиттің даму
сатысы мен көбеюі (шизогониядағы
мерозоиттардың пайда болып,
эритроцитті тастап шығуы), 12-
макрогаметоцит, 13-макрогамета, 14-
микрогаметоцит, 15-жетілген
микрогаметоцит, 16-маса денесінде
микрогаметоциттен микрогаметаның
пайда болуы, 17-ұрықтану, 18-маса
ішегінің қабырғасына еніп бара
жатқан ұрық-оокинета, 19-көптеген
спорозоиттардың пайда бола бастауы,
20-спорозоиттардың шығуы, 21-
масаның сілекей бездеріне
спорозоиттардың жинақталуы,
Безгек плазмодиясының
22,23,24,25,26-адам ұлпасы
жасушасындағы плазмодияның даму
сатысы.даму сатысы
Шизогониядан кейін
гаметогония кезеңі
Бұлар эритроцитті зақымдап қанға басталады. Бұл кезеңде
шығады да жаңа эритроциттерге мерозоиттар
енеді, содан шизогония кезеңі гамонттарға айналады.
қайтадан басталады және бұл Гамонттар екі түрлі
процесс бірнеше рет қайталанады. болады: макрогамонттар
Сөйтіп шизогония бауыр немесе
жасушасында және эритроциттерде макрогаметоциттер,
өтеді. Шизогония кезінде адам бұлар пісіп жетілмеген
қанындағы паразиттің саны артады, аналық жыныс
ал эритроциттердің саны азаяды. жасушалары және
Сау адамның 1 қанында 5 млн микрогамонттар немесе
эритроциттер болса, ал безгек микрогаметоциттер,
ауруымен ауырған кезде бұлар пісіп жетілмеген
эритроциттердің саны азайып 1 аталық жыныс
қанында 1 млн-ға жақын жасушалары. Осыдан
эритроциттер қалады. кейін әрі қарай даму
адам қанында
жүрмейді. Ендігі дамуы
маса денесінде өтеді.
• Безгек масасы ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен
бірге макро- және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде
макрогамонттар (макрогаметоциттер) пісіп жетіліп макрогаметаға
айналады, ал микрогамонттардың (микрогаметоциттердің) ядросы
көпке бөлініп, пісіп-жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға
айналады. Микрогаметалар және макрогаметалар қосылып зигота
түзіледі. Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп
атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозғалуын тоқтатады
да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның
ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір
ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған (10000-ға дейін)
спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоиттар
пайда болғаннан кейін жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек
масасының аралас қуысына түсіп, гемолимфа ағынымен сілекей
бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен
бірге спорозоиттар түседі. Даму кезеңі әрі қарай жалғасады. Сонымен
безгек плазмодиясының тіршілік кезеңі өте күрделі және олар иесін
алмастырып отырады, жыныссыз көбею адам қанында, ал жынысты
көбею безгек масасының ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі
безгек масасы, ал адам аралық иесі болып табылады
Т ❤ ❤
️ ️
А Х М Е
З Ғ А Р
Р Ы Ң Ы
А РЛ А
НА З
❤️

Ұқсас жұмыстар
Грегариналардың құрлысы мен даму циклы
НЕСЕП МӨЛШЕРІ
Химиялық құрамы
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қанның жалпы анализі
Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану және олардың зардаптары
Несептегі индиканды анықтау
Микроорганизмде рдің генетикасы мен селекциясы
Медиация процедурасын жүргізудің негізігі сатылары
ДЕСАНТТЫҚ ӨТКЕЛДЕР
Пәндер