МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ



1. Мемлекет қоғамының саяси жүйесінің институты ретінде 2. мемлекет ұғымы, түрлері, басқару формасы 3. қоғамның саяси жүйесі, ұғымы:альмонт пен инстон теориясы
Орындаған:марат мөлдір еркінқызы
Тексерген:бюлегенова б. б


МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекеттің белгілері
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т. с. с. ) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады) ;
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.


Мемлекет түрлері
Унитарлық (лат. unitas - біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т. б. осы түрге жатады.
Федерация (лат. foederatio - одақ, бірлестік) - белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады) . Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Германия, Малайзия, т. б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойынша
Монархия (гр. μοναρχία - біртұтас билік) - абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді
Абсолюттік монархия
- мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі.
Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейд

Республикалық басқару
Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы - премьер-министр басқарады.
Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады.

Диктатура (лат. dictare - нұсқау беру) - бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.
Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар
қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т. б.
ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г. Алмонд пен С. Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

Әдебиеттер тізімі:
1. Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2. Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3. Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
4. Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002
5. Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005
6. Абдильдина Х. С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007
7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz