Картографиялық бұрмалану




Презентация қосу
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ, ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДАСТР КАФЕДРАСЫ
ҒЫЛЫМИ ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ 2 КУРС

Картографиялық
бұрмалану
Орындаған: Арғынбай Иманғали
Тексерген: Ақынбеков Ақан
◦ Бұрмалану сипатына қарай
төмендегідей жіктеледі: Тең бұрышты
(конформдық) К. п-ларға масштаб тек
нүктенің орнына ғана тәуелді болады,
ал бағытына байланысты болмайды.
Мұндай проекциялардағы бұрмалану
эллипстері шеңберге айналады; мыс.,
Меркатор проекциясы мен
стереография проекциясы;
◦ Тең шамалы (эквиваленттік) К. п-ларда аудандар
сақталады: мұндай проекцияларда жасалған
карталардағы фигуралардың ауданы осы
фигуралардың ауданына пропорционал, ал
пропорционалдық коэффициенті картаның бас
масштабының квадратына кері шама болады.
Бұрмалану эллипстерінің ауданы әр уақытта да
өзгермейді, тек олардың пішіні мен бағдары
жағынан ғана айырмашылығы болады. Еркін К.
п-лар тең бұрышты да тең шамалы да
проекцияларға жатпайды. Олардың ішінде тең
аралық (бас масштабтары бірі-біріне тең) және
ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері –
ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді)
проекциялар ерекшеленеді.
◦ Сфераның жазықтыққа (қағаз
бетіне) жайғанда тең бұрыштық,
тең шамалық, тең аралық және
ортодромиялық қасиеттері
пайдаланылмайды. Кескінделетін
аймақтың әр жеріндегі
бұрмалануды көрсету үшін
төмендегі әдістер қолданылады:
а) карта торының немесе эскизінің
әр жерінде бұрмалану эллипсі
көрсетіледі; ә) изоколдар (мәні
бірдей бұрмалану сызықтары)
беріледі; б) карталардың әр
жерінде кейбір сфералық
сызықтар (көбінесе, ортодромия
“О” мен локсодромия “Л”)
сызылады.
◦ Қалыпты К. п-ларды меридиандар мен
параллельдердің кескінделуі жағынан
жіктелімдеу – К. п-лардың тарихи
дамуының нәтижесі. Цилиндрлік
проекциялар – меридиандары тең
қашықтықпен өтетін параллель түзу
сызықтармен, параллельдері
меридиандарға перпендикуль түзу
сызықтармен кескінделетін
проекциялар. Бұлар экватордың не
белгілі бір пареллельдің бойындағы
ауданды бейнелеуге қолайлы. Теңіз
қатынасы карталарын сызуға
Меркатордың тең бұрышты цилиндрлік
проекциясы қолданылады. Гаусс –
Крюгер проекциясы – тең бұрышты,
көлденең, цилиндрлік К. п. –
топографиялық карталар жасауға
және триангуляция деректерін өңдеуге
пайдаланылады. Конустық проекциялар
– параллельдері концентрлік
◦ Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты
болмайды, сондықтан параллельдер бойымен орналасқан
аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ,
геодезиялық проекция ретінде де қолданылады. Азимуттық
проекциялар – параллельдері концентрлік шеңберлер,
меридиандары параллельдердің радиустары болып келетін К.
п. Оларда меридиандардың арасындағы бұрыш тиісті
бойлықтардың айырымына тең болады. Азимуттық
проекциялардың жеке түріне перспективтік проекциялар
жатады. Жалған конустық проекциялар – параллельдері
концентрлік шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен,
қалған меридиандары қисық сызықпен бейнеленетін
проекциялар. Жалған цилиндрлік проекциялар –
параллельдері параллель түзу сызықтармен, орта меридианы
осы сызыққа перпендикуль түзумен, қалған меридиандары
қисық сызықтармен кескінделетін проекциялар. Жартылай
конустық проекциялар – параллельдері орта меридианды
кескіндейтін түзу сызық бойындағы шеңберлермен
бейнеленетін проекциялар.

Ұқсас жұмыстар
Картографиялық проекция теориясы
ҰЗЫНДЫҚ БҰРМАЛАНУ
Картадағы бұрмаланулар
Цилиндрлік проекция
Карталардың проекциялары
Картографиялық проекция, картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу
Проекция таңдау факторлары
Гаус крюгер проекциясы
Карта план жайлы жалпы түсінік
Картографиялық проекция
Пәндер