Тақырып Философия және рухани жаңғыру
Презентация қосу
Тақырып Философия және рухани жаңғыру
Қабылдаған Қалдыбай Қ
Дайындаған Бекпулатова Ш
Тобы ППП-911
Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген
сүйіспеншілдікті білдіреді («филиа» — сүю, «софиа» —
даналық). Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа
енгізді, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл
уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай
гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп
айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана
қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген
сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа
оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда,
адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал,
даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине
оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу
жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін
даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды.
Философия ақиқатқа талпыныс қана деп түсінілді. Мыс.
Платонның ойынша философ әруақытта білім мен
білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен
жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады.
Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің
құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге
және табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін
адамдарды философ дейді.
Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның
диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда
даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар
болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан
бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани
ұмтылысы.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы халыққа
Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын
жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі
процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға
алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол –
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең
басты шарты – сол ұлттық
кодыңды сақтай білу. Онсыз
жаңғыру дегеніңіздің құр
жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай
тарихи тәжірибе мен ұлттық
дәстүрлерге шекеден
қарамауға тиіс.
Рухани жаңғыру ұлттық сананың
түрлі полюстерін қиыннан
қиыстырып, жарастыра алатын
құдіретімен маңызды.
Қоғамның санасын жаңғыртудың
бірнеше бағыты
Ұлттың аймақтық немесе
жаһандық нарықта бағасы
немесе сапасы жөнінен
өзгелерден ұтымды дүние
ұсына алуы (материалдық
өнім ғана емес, сонымен
бірге, білім, қызмет,
зияткерлік өнім немесе
сапалы еңбек ресурстары)
Әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт
ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек:
компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени
ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына
сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке
байлығыңды нақты білу, оны үнемді
пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды
жоспарлай алу, ысырапшылдық пен
астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке
жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда
шынайы мәдениеттің белгісі: ұстамдылық,
қанағатшылдық пен қарапайымдылық,
үнемшілдік пен орынды пайдалану. Нақты
мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты
өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан
жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда
әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-
құлықтың прагматизмі деген осы.
Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір
табысты үлгі (!)
Білімді, көзі ашық,
көкірегі ояу болуға
ұмтылу – біздің қанымызда
бар қасиет. Білімнің
салтанаты жалпыға ортақ
болуға тиіс. Жылдам
дәуірде кәсібін неғұрлым
қиналмай, жеңіл өзгертуге
қабілетті, аса білімдар
адамдар ғана табысқа
жетеді.
Табысты болудың ең іргелі,
басты факторы білім
екенін әркім терең түсінуі
керек. Жастарымыз
басымдық беретін
межелердің қатарында білім
әрдайым бірінші орында
тұруы шарт. Себебі,
құндылықтар жүйесінде
білімді бәрінен биік қоятын
ұлт қана табысқа жетеді
ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар
игіліктерін де берді.
Индустрияландыруды,
әлеуметтік және өндірістік
инфрақұрылымдардың
құрылуын, жаңа
интеллигенцияның
қалыптасуын осыған
жатқызуға болады.
Бұл кезеңде елімізде белгілі
бір жаңғыру болды. Бірақ,
бұл – ұлттың емес,
аумақтың жаңғыруы.
Біз тарихтың сабағын айқын
түсінуіміз керек.
Революциялар дәуірі әлі біткен
жоқ. Тек оның формасы мен
мазмұны түбегейлі өзгерді.
Біздің кешегі тарихымыз
бұлтартпас бір ақиқатқа –
эволюциялық даму ғана
ұлттың өркендеуіне мүмкіндік
беретініне көзімізді жеткізді.
Эволюциялық даму қағидасы
әрбір қазақстандықтың жеке
басының дербес бағдарына
айналуға тиіс.
ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды,
жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа
идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз
тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру
жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең
басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер
тарихтың шаңына көміліп қала береді.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz