Прокариоттардағы белок синтезі


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Биология кафедрасы

Презентация

Тақырыбы: Прокариоттардағы белок синтезі.

Орындаған: Қыдырбай М, Мінан А, Урақбай А.

Тобы: 113-27

Қабылдаған: Өтешова Г.

Slide 2

Белок биосинтезі. Бұл - өте маңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және белоктардың қызметі бірігеді.

ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚ-ның ақпараттык (аРНҚ) молекулаларымен цитоплазмаға беріліп, арнайы органоидтар - рибосомалардың жәрдемімен белок синтезделеді.

Бүған тРНҚ қажетті аминқышқылдарды жеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы аминқышқылдарды жалғастырып қосады. Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған осы аминқышқылдар белок деп есептеледі.

Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті белок - ферменттер қатысады, онсыз биосинтездің жүруі мүмкін емес.

Белок биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру үдерісі деп те аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге болады: ДНҚ РНҚ белок . Көбінесе былай деп те айтады: «РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты белокта нақтылы көрсетіп, іске асырады».

Slide 3

Клетка белок синтезі өте күрделі жәнекөпсатылы процесс. Бұл процеске 20 түрлі амин қышқылдары АТФ, ГТФ магнитионы алуан түрлі ферменттерТ-РНК-ңбарлық түрлері М - РНК, рибосома инициация, элонгация және терминация фак/ры қатысады. Белок синтезі процессін шамамен 4 негізгікезеңге бөлуге болады.

Амин қышқылының белсенді және аминациаль Т-РНК -ң түзілуі.

Белок синтезіне комплек/ң түзілуі.

Полипеп/к тіз/ң синтезі.

Белоктың кеңістік құрыл/ң түз/уі.

Slide 4

. Амин қышқылының белсенуі үшін 20 түрлі амин қышқылы 20 түрлі аминоация Т-РНК синтетаза ферменттері . 20 түрлі т-РНКАТФ және Магний ионы к/к.

Амин қышқылдары2 сатыдан тұратын реакция нәтижесінде белсенеді.

Реакцияның 1-ші сатысынаамин қышқылы және АТФ қатысады.

Аминоацил аденилат.

Реакцияның 2-ші сатысында аминоацияТ-РНК түзіледі.

Slide 5

Аминоацияаденилат+ тРНК син/за.

Аминоация тРНК-Ң + АМФ.

Аминоация т РНКқұрылысы мынадай болады.

Белок синтезі/ң 2-ші кезеңінде рибосома және МРНК-н белок синтездеуші комплекс түзіледі. Бұл процеске МРНК рибосоманың 30 S, 50S суббөліктері инициялаушы аминоацияТРНК және Рибосомаларқатысады. МРНК алдымен рибосоманың30 S бөлігімен байланысады, сосын бұларға инициациялаушы аминоацил тРНК қосылады. Прокариоттарда инициациялаушы аминоацил тРНК-ға формилмитионин тРНК, ал эукариодтарда митионнин тРНК жатады. Сонымен пайда болған бастапқы комплементке рибасоманың 50S бөлігі байланысып белок синтездеуші комплекс түзіледі.

Slide 6

Трансляция сатылары: инициация, элонгация, терминация.

Трансляция- полипептид тізбегінің гендегі аРНҚ негізінде ақпаратқа сай түзілуі. Трансляция болашақ белокқа тән аРНҚ-на жазылған нуклеотидтер кезегін түзілетін белоктардың амин қьішқылдарының кезегіне айналдырады. Бұл жұмысқа аРНҚ-нан басқа рибосомалар, тРНҚ, аминоацил синтетазалар, белоктан тұратын инициация, элонгация және терминация факторлары қосылған күрделі құрамдар қатынасады.

Трансляция - цитоплазмада жүретін кезең. Бұл кезең кезінде тек қана 4 әріптік нуклеотидтік тілдің 20 әріптік аминқьшқылының тілге аударылуы ғана жүріп қоймайды, сонымен қатар амин қышқылдарының белоктық тізбектегі өз орнын табу мәселесі шешіледі. Трансляцияның өзі 5 кезеңнен тұрады.

Slide 7

Трансляцияның жалпы кезеңдерінің сызбанұсқасы

Slide 8

Трансляция кезеңдері.

Трансляцияның І-ші кезеңі: амин қышқылдарының активтелуі.

Бұл кезеңге қажетті заттар:

20 амин қышқылы, АТФ, Мg2+, 20 тРНҚ, 20 аминоацил -тРНҚ - синтетаза ферменті.

Бұл кезең жиырмадан астам аминоацил - тРНҚ-синтетаза ферментінің қатысуымен өтеді. Бұлар айрықша талғамдылық көрсететін ферменттер, атап айтқанда осы ферменттің көмегімен амин қышқылы өзіне тән тРНҚ таныса, тРНҚ өзіне тән амин қышқылдарын таба алады. Сондықтан бұл ферментті "адаптор" деп те атайды. Аминоацил-тРНҚ-синтетаза ферменттерінің осындай айрықша қасиет көрсетуіне тРНҚ-ның құрылысының өзгешілігі жағдай жасайды.

Slide 9

тРНҚ-ның құрылысы үйеңкі жапырағына ұқсас келеді. Міне осындай құрылысы бар І20-ға жуық т-РНҚ белгілі. Сонымен қатар аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферментінің бір ерекшелігі, олар өздері жіберіп алған қателігін кезінде жөндеп отырады.

Slide 10

Трансляцияның 2-ші кезеңі - полипептидтік тізбектің инициациясы.

Бұл кезеңге қажетті компоненттер:

и-РНҚ; белок синтезін бастаушы кодон /АУГ/.

Бұл кодон барлық жағдайда метионинге немесе формилметионинге тән болады; N -формилметиониннің т-РНҚ-сы; үлкен және кіші суббірліктер; ГТФ; Мg2+-иондары; белок синтезін бастаушы белоктық факторлар, оларды Ғ1, Ғ2, Ғ3 деп белгілейді.

Полипептидтің, амин қышқылдың құрамы туралы информациясы бар и-РНҚ рибосоманың кіші суббірлігімен қосылады. Сонан соң бұл и-РНҚ + кіші суббірлік комплексі белок синтезін бастаушы амин қышқылы метионинді тіркеген т-РНҚ мен қосылады. Енді бұл түзілген комплекс рибосоманың үлкен суббірлігімен қосылып, активті, белок синтезін жүргізуге дайын рибосоманы құрайды.

Осы активті рибосоманың түзілуіне Ғ1, Ғ2, Ғ3 белоктық факторлар да өз үлесін қосады. Рибосоманың кіші суббірлігі 21 белоктан және 1600 нуклеотид тізбегінен тұратын бір р-РНҚ-нан тұрса, үлкен суббірлік 34 белоктан және 3200 және 120 нуклеотидтік тізбектерден тұратын екі р-РНҚ-дан тұрады. Осы жоғарыда түзілген комплекстердің нәтижесінде үлкен суббірлікте екі центр пайда болады. Оларды: пептидилді, амино-ацилді центрлер деп атайды.

Slide 11

Пептидилдік центрде синтезделетін пептид тізбегі орналасса, аминоацилді центрде осы пептидтік тізбектің өсуіне қатысатын аминоацил-т-РНҚ орналасады. Кез келген белоктың синтезі прокариоттарда М- формилметиониннен басталса, эукариоттарда метиониннен басталады. Метиониннің активтелуі де басқа амин қышқылдарының активтелуі сияқты АТФ пен т-РНҚ-ның және метионил - т-РНҚ - синтетаза ферментінің қатысуымен жүреді. Кесте түрінде: Метионин + т - РНҚ + АТФ Е метионил - т-РНҚ + АМФ + Рн Рп Е - метионил - т-РНҚ - синтетаза.

Slide 12

Прокариоттардағы трансляцияның инициация сатысы

Ал прокариоттарда әрі қарай формил тобының қосылу реакциясы жүріп, N -Формилметионин түзеді Метионил - т-РНҚ+ N10- формил - ТГФҚ___ТГФ + формилметионин - т-РНҚ.

Slide 13

Трансляцияның 3-ші кезеңі: элонгация деген атпен белгілі.

Бұл кезеңге қажетті заттар:

екінші кезеңде түзілген активті рибосома; и-РНҚ-дағы кодондарға сәйкес келетін аминоацил - т-РНҚ; Мg2+; белоктық факторлар; ГТФ; пептидилтрансфераза; транслоказа. Бұл кезеңде амин қышқылдарының біртіндеп бірінен кейін бірінің пептидтік байланыс арқылы орналасуы нәтижесінде полипептидтік тізбектің өсуі байқалады. Рибосоманың и-РНҚ-ның бойымен бір кодонга жылжуы үшін, аминоацил т-РНҚ-ның кодонына сәйкес келіп комплементарлы түрде байланысуы үшін 2 молекула ГТФ-тың гидролизі кезінде бөлінетін энергия жұмсалады. Аминоацил - т-РНҚ и-РНҚ кодонына сәйкес байланысуы жүреді.

Slide 14

Транспептидаза ферментінің әсерімен метионин амин кышқылы центрдегі амин қышқылымен пептидтік байланыс түзеді. Транслоказа ферментінің әсер етуімен рибосома и-РНҚ-ның бойымен бір кодонга жылжиды. Түзілген дипептид пептидилдік центрде болады да, аминоацилдік центр келесі аминоацил-т-РНҚ-ның байланысуы үшін бос қалады. Міне, осылай пептидтік тізбек өсе береді, элонгацияның пептидилтрансфераза және транслоказа ферменттерінің атқаратын жұмыстары қайталанып и-РНҚ-да жазылынып алынған белоктың молекуласындағы амин қышқылдары өзінің орындарын табады. Бір пептидтік байланыс түзу үшін 3 молекула ГТФ және I молекула АТФ-тың гидролизденгендегі энергиясы жұмсалады. Белоктардың синтезі, тірі организмдердегі знергияны өте көп қажет ететін синтез болғанмен, өте жылдам жүреді. 400 амин қышқылдарынан тұратын белок 20 секундта синтезделіп болады.

Slide 15

Элонгация сатысының жалпы сызбанұсқасы

Элонгация сатылары

Slide 16

Белоктардың синтезі бір рибосомада өтуі мүмкін немесе бір уақытта бірнеше рибосомада /полисомада/ жүруі мүмкін. Полисома бір и-РНҚ бойында бола алатын рибосомалар тобы /80-ге жуық рибосома/ болуы мүмкін. Мұндай бір и-РНҚ-ның бойындағы информацияны бір уақытта бірнеше рибосоманың көмегімен белок синтезіне қолдану синтездің тез және тиімді өтуіне мүмкіндік тудырады.

Бактерияларда транскрипция және трансляция бірімен-бірі ілесіп жүреді, яғни ДНҚ-на тәуелді РНҚ-полимераза и-РНҚ-ның синтезін жүргізіп жатқан кезде, и-РНҚ-ның бір шетінде белок синтезі де басталып жатады. Бактериялардың екінші бір ерекшелігі и-РНҚ-ның тіршілік ету уақыты бірнеше минут қана, сонан соң олар тез нуклеаза ферментінің әсерімен ыдырап кетеді.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
ДНҚ бөлімі
ПРОКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНДЕР ЭКСПРЕССИЯСЫН РЕТТЕЛУ
Транскрипция
Транскрипция процессі
Ген экспрессиясы
Ақуыздың түзілуі
Құрылысы және жіктелуі
ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Генетикалық ақпараттың берілуінің молекулалық негіздері. ДНК – репликациясы
Рнқ молекуласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz