Қазақ бітім - болмысын, адамгершілік негізін анықтаған көшпелі мəдениеттің тарихи типі



«Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі тақырыптарының бірі ретінде"
Орындаған:Тимурқызы А. Т-21
Тексерген:Боранбаева Б. С.
2020-2021 ж. ж.
Философия

Алдымен адам өмірінің мәні туралы айта кетейік.
Адамның өмірінің мағынасы ол өзінің өмірін бағындырған құндылықты білдіреді, ол өмірлік мақсаттарды белгілеп, оларды жүзеге асырады. Бұл өмірдің рухани мағынасының компоненті, ол әлеуметтік құндылықтардан бөлек қалыптасады және адамның жеке құндылық жүйесін құрайды. Өмірдің осы мәнін ашып, құн иерархиясын жасау өзінің жеке тәжірибесіне негізделген әр адамда көрініс табады.
Адамның өмірінің мақсаты мен мағынасы толығымен қоғамның қажетті жағдайында: еркіндік, гуманизм, адамгершілік, экономикалық және мәдени жағдайларға байланысты іске асырылады. Әлеуметтік жағдайлар адамның өз мақсаттарын жүзеге асыруы және дамуы және оның жолында кедергі болмауы керек.

Философия - бүкіл адамзатты танудың басты жолы, ал қазақ философиясы қазақ халқын танудың бірден-бір жолы деп білеміз. Қазақ бітім-болмысын, адамгершілік негізін анықтаған көшпелі мəдениеттің тарихи типі. Қазақ халқын тану үшін оның ұлтының бойына сіңген ұлы данышпан даналардың қалыптастырған ғасырдан ғасырға ұласқан, ғасырлар бойы қазақ халқының қойнауын бойлаған даналық рухын тануға міндетті. Қазақтың даналық рухы даналық дүниетанымы басқа елдерде қайталанбайтын төлтума өнерінде мақал-мəтелінде, аңыз əңгімелерінде, шешендік өнерінде, рухани құндылығында жатыр. Қазақтың кең байтақ даласы, тау-тасы, топырақ, жануары оның дүниетанымдық көзқарастарында ерекше орын алған. Қазақ халқының даналық дүниетанымы қазақ өмірінің болмысымен, шаруашылық тұрмыс жағдайымен, саяси қызмет ахуалымен, халықтың бойына біткен тəлім-тəрбиесімен, халқымыздың керемет бай əрі терең ойлы асыл қазына тілімен ұлы даналардың мұраларымен тығыз байланысты.
Қазақ философиясы адамның этикалық, эстетикалық қабілетін арттыратын, қоғамда белгілі бір көзқарас қалыптастыратын, адамның санасында шөгіп жатқан құндылықтарға сəуле түсіретін қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан даналардың асыл мұрасы. Ана сүті жас баланың буыны бекіп, бұғанасы қатаюға қандай əсері зор болса, сол секілді қазақ даналығын оқу арқылы əрбір қазақ баласының азаматтық рухы көтеріледі. Қазақ даналығын оқи отырып, оның ұлтының бойына сіңген дүниетанымды тани аламыз. Бүгінгі күні өзіміз өмір- тіршілігімізде қолданылатын таным түсінігіміздің түптамыры тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық пəлсəпамызға деген құмарлығымыз арта түседі.

Түркі дүниетанымының ойшылдары (Анахарсис, әл Фараби, Баласағұни, Иассауи)
Қазақтың ағартушылары (Абай, Ыбырай, Шоқан, Шәкәрім)
Өмірдің мәнін негізгі тақырып етіп ұстанған ойшылдар:
Саяси мемлекет құрушылар(Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Шоқай)

Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы - жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл - халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы - ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған - болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар.
Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т. б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған.
Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады:

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz