Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен дамуы Жүйке жүйесінің маңызы
Презентация қосу
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен
дамуы Жүйке жүйесінің маңызы.
Орындаған: Эрназарова З.
Қабылдаған: Достемесова А.
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі (нервная
система) - адам мен жануарлар
организмдерінің қоршаған
ортаға бейімделуін реттейтін
жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін
морфологияның бөлімін
гр neurologia (грек, neuron —
жүйке, жүйке
жасушасы; logos — ілім) деп
атайды. Жүйке жүйесінің
қызметтері рефлекстер арқылы іс
жүзіне асады.
Жүйке жүйесінің маңызы
Жүйке денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен
бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей,
сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей
жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы
үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ
бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды
жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан,
асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді.
Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті
адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті
(машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру;
аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау
және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі
дамуына тәуелді (бағынышты).
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі.
Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке
жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден
тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде
цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның
дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның
сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен
жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа
өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың
жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі
тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады.
Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:
1.сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
2.байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш
нейрондарға өткізеді;
3. қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен
ішкі мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесі
Орталық жүйке Шеткі жүйке жүйесі.
жүйесі. Орталық жүйке Шеткі жүйке жүйесі ми мен
жүйесіне ми мен жұлын жұлыннан таралатын
жатады. жүйкелер мен жүйке
түйіндерінен тұрады.
Орталық жүйке жүйесі
ми мен жұлыннан
тұрады. Жұлын омыртқа
өзегінде орналасқан,
ұзындығы ересек
адамдарда жарты метрге
жуық, салмағы 37-38 г.
Жұлынның жоғарғы ұшы
сопақша
мимен жалғасады да,
төменгі ұшы шашақтанып І
және ІІ бел омыртқа
тұсында бітеді.
Жұлын екі түрлі қызмет атқарады
өткізгіштік рефлекторлық
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады.
Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6
жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын
қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа
жуықтағанда аяқталады.
Ми - ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв
тарайды:
1- иіс,
2- көру,
3- көз қимылдатқыш,
4 - шығыршық,
5- үшкіл (үш тарамды),
6 - бет бұру,
7 - бет,
8 - дыбыс,
9 - тілжұтқыншақ,
10 - кезеген,
11 - қосымша,
12 - тіласты жүйкелері.
Жаңа туған сҽбидің миының
салмағы орта есеппен 360-390г,
ересек адамдарда 1400-1450г.
Мидың толық жетілуі 17-20
жаста байқалады. Адамның
ақыл-ойы миының салмағымен
тікелей байланысты
емес. Дегенмен мидың
физиологиялық қалыпты қызмет
атқару қабілеті оның салмағы
900 грамнан төмендегенде жҽне
2100 грамнан асқанда бұзылады.
Мидың бөлімдері:
• сопақша ми;
• Вароли көпірі;
• Мишық;
• ортаңғы ми;
• аралық ми;
• үлкен ми сыңарлары.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Ол екі түрлі қызмет
атқарады: өткізгіштік жҽне рефлекторлық. Сопақша мида тыныс, қан
айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын
және қарын асты безінің сөлдерін бөлу орталығы орналасқан және ІХ-
ХІІ жұп нервтерінің ядролары орналасқан.
Вароли көпірі – сопақша мидың үстінде орналасқан. Сопақша ми мен
кҿпірді артқы ми деп те атайды. Артқы мидың дамуы 7 жасқа келгенде
аяқталуға жақындайды.
Мишық сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Мишықта дененің
қимыл-өрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшық еттердің тонусын
реттейтін орталықтар орналасқан. Мишықтың толық дамып жетілуі 7-8
жаста аяқталады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстінде орналасқан. Мұнда сұр заттар 4
төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы жҽне шығыршық
жүйкелерінің, қызыл және қара субстанцияларының ядролары бар. 4
төбешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталықтары, артқы
тҿбешіктерінде алғашқы есту орталықтары орналасқан. Қызыл ядро
бұлшық ет тонусын реттейді
Аралық ми ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2
төмпешіктен жҽне төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді
таламус, төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы
мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамуста зат алмасуын, дененің
температурасын, аштық жҽне шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің
қызметін реттеу орталықтары бар.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының
80%-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары
бар.Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы
жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады:
маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Ми жарты шарлары екі
үлкен қызмет атқарады
Организмнің сыртқы ортамен Организмнің қызметін бір-бірімен
байланысын қамтамасыз етеді, яғни байланыстыру, ішкі мүшелердің
адамның мінез-құлқы, ойлау қызметтерін қажетті жағдайға
қабілеті, санасы, ақыл-ойы – қалыптастыру. Бұлар тҿменгі
бұлардың бҽрі жоғары жүйке дәрежелі жүйке ҽрекеттері
әрекеттері;
Ми сыңарларының қызметі
Сол жақ жарты шар Оң жақ жарты шар
Сҿйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты Есту, сҿзсіз іс-қимыл, кеңістікті
аңғару, ұқсастықты байқау, болжау, қабылдау, заттарды тұтас түрінде
бағдарлау, тұжырымдау, жоспарлау қабылдау, олардың функциялық
ұқсастықтарын байқау, заттардың
алыс-жақындығын байқау.
Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл
мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен
жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық ж ҽне
вегетативтік жүйке жүйелеріне бҿлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі
барлық ішкі мүшелерді,
қантамырларды, жүректі
жүйкелендіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің
орталықтары ми бағанасында,
Соматикалық жүйке
жұлынның көкірек,
жүйесі организмнің
бел жҽне сегізкөз
сыртқы мүшелерін жҽне
бҿлімдерінде
қаңқа бұлшық еттерін
орналасқан.
жүйкелендіреді. Соматикалық
жүйке жүйесінің орталықтары
жұлынның барлық
сегменттерінде, мидың
барлық бҿлімдерінде (аралық
мидан басқасында) орналасқан
Вегетативтік жүйке жүйесі
Симпатикалық жүйке Парасимпатикалық бөлімнің
жүйесінің орталықтары орталығы сопақша мида, ми
жұлынның І-көкірек көпірінде және жұлынның
омыртқасымен ІІІ-бел сегізкөз
омыртқасының арасында бөлімінде орналасқан. Ми
орналасқан. Перифериялық бөлімдерінен басталатын бұл
бөлімі симпатикалық шекара бҿлімнің жүйке талшықтары
бағанасы мен көзді қозғаушы,
түйіндерінен, жүйкелер мен бет, тіл-жұтқыншақ жҽне
жүйке өрімдерінен тұрады. кезеген жүйкелердің
Симпатикалық шекара құрамынан шығып өздері
бағанасы мойын, көкірек, бел таралатын мүшелердің
және сегізкөз бөліктеріне маңында немесе тікелей
бөлінеді. мүшелердің ішінде ганглиялар
түзеді.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz