Географиялық біліктілік пен дағдылар: түрлері, қалыптасу жолдары және практикалық тапсырмалардың орындау тәсілдері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті ҚеАҚ «География және экология» кафедрасы

Орындаған:Нурмуканова Ф. М

Тексерген:Доскенова Б. Б

«Географиялық біліктілік пен дағдылардың мазмұны: түрлері, қалыптастыру жолдары. Практикалық тапсырмалардың түрлері, орындау тәсілдері»

Slide 2

Жоспары:

1. Географиялық біліктілік пен дағдылардың мазмұны

1. 1 Оның түрлері.

1. 2 Қалыптастыру жолдары.

2. Практикалық тапсырмалар

2. 1 Оның түрлері.

2. 2 Орындау тәсілдері

Slide 3

Географиялық біліктілік пен дағдылардың мазмұны

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Slide 4

Географиялық біліктілік пен дағдылардың мазмұны

Дамыған дағдылардың кейбір белгілері:

Дағды алудың белгісі - әртүрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау.

Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады

Дағдыланудың үшінші белгісі - бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу.

Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады.

Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы.

Slide 5

Дағдының түрлері:

Дағды бірнеше түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары.

Перцептивті дағды - жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі.

Интеллектуалдық дағды - белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері.

Қозғалыстық дағды- таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану да кіреді.

Slide 6

Қалыптасу жолдары.

Дағдының қалыптасуына физиологиялық негіз- динамикалық стереотип болып табылады. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қиналады.

Біліктілік - алғаш мектеп табалдырығын аттап, мектеп қабырғасындағы білім алу процессін аяқтап, ары қарай таңталған мамандық бойынша білім деңгейін үнемі арттырып отыру арқылы қалыптасады.

Slide 7

Практикалық тапсырмалар

Практикалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Кейбір оқу пәндерінің "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі.

Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау:

Анализ

Синтез

Салыстыру

Жалпылау

Оқытудағы теория

Slide 8

Географиялық тапсырмалар

Шығармашылық тапсырмалар

Практикалық мұғалімнің дайын тапсырмалары

География сабағы бойынша жүргізілетін практикалық жұмыстар арқылы географиялық және топографиялық карталармен жұмыс істей білу, тұрғылықты жердің планын құру және т. б. біліктілігі қалыптасады. Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар жалықтырушы сипатта болады.

Slide 9

Географиялық тапсырмаларды орындау тәсілдері:

Шығармашылық тапсырмалар көбінесе оқушыларға интеллектуалды, креатериалды тұрғыдан ой өрісін дамыту үшін, фантазиясын дамыту үшін арнайы берілетін тапсырма. Оқушылар оны орыну үшін интернет ресурстарын немесе қосымша құрал-жабдықтар қолданады.

Жаңа өтілген тақырыптың теориясына байланысты берілетін практикалық жұмыс. Ол ашық немесе жабық тест түрінде, немесе тек сұрақ ретінде, я болмаса тұжырымдамаларға байланысты берілетін тапсырмалар(кесте, сызбалар) . Оларды орындау үшін жаңа тақырыпты толық меңгеру арқылы тапсырмаларды орындайды.

Slide 10

Қорытынды:

Практикалық жұмыстар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты. Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар жалықтырушы сипатта болады. Жұмыстың күрделілігі біртіндеп өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен жүргізулеріне болады.

Slide 11 Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Географиялық біліктілік пен дағдылар: мазмұны, қалыптастыру жолдары және практикалық тапсырмалардың түрлері мен орындау тәсілдері
Географиялық біліктілік пен дағдылардың мазмұны: түрлері, қалыптастыру жолдары және практикалық тапсырмалардың орындау тәсілдері
Географиялық біліктілік пен дағдылардың мазмұны, қалыптастыру кезеңдері және бағалау әдістері
Алгоритмдеу негіздері: ұғымы, қасиеттері, түрлері және орындау тәсілдері
Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік қалыптасу тарихы және ТМД-пен байланыстары
Қаржы ресурстары: түсінігі, түрлері, қалыптасу көздері және басқару тәсілдері
AutoCAD жүйесі: практикалық жаттығулар және 25-26 тапсырмалардың орындалуы
Саңырауқұлақ конидияларының типтері мен қалыптасу жолдары
Тарихи-географиялық аймақтар және дүниежүзілік саяси картаның қалыптасу кезеңдері
Сын тұрғысынан ойлау: анықтама, дағдылар және оқыту тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz