Меншік қатынастары


Slide 1

Тақырыбы:

Меншік қатынастары

Орындаған:6B04103-Экономика және мемлекеттік басқару

1 курс студенті Өтешқалиева Аймира

Тексерген:Кабдулова Айжан

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе:

Меншік дегеніміз не?

2. Негізгі бөлім:

Меншік және иемдену заңдары

Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары

Меншік иелері

Жекешелендіру

Кезеңдер

3. Қорытынды

Slide 3

Кіріспе: Меншік дегеніміз не?

Меншік дегеніміз - өндіріс құрал - жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік дегеніміз - материалдық және рухани игіліктерді пайдаланумен, оларды өндіру шарттары туралы адамдар арасындағы қатынастарды білдіреді. Басқаша айтсақ, меншік бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Меншік - бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары иемдену, пайдалану, айналыс, тұтынудан тұрады. Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру - адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады. Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен иеленді.

Slide 4

Меншік және иемдену заңдары

Меншік және иемдену заңдары. Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену - затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізгі, тамырлы белгісің құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінін жеке орындары болады. Иемдену - көпдәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс. Ол шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады - иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Әр елдердің экономикасындағы бұлардың рөлі бірдей болмаса да шаруашылықтың осы типтері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Осы типтер өндірістің натуралдық және тауарлық формасын алуы, немесе, екеуінінде қасиеттерін қамтуы мүмкін. Сөйтіп, иемдену қатынастары өндіріс, болу және айырбаспен толықтырылған болады.

Slide 5

Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары

Меншік пен иелену қатынастарын, олардың өзара байланыстарын танып білу өз кезегінде, меншіктің формалары мен түрлерінің арасындағы айырмашылықтардың белгілерін және меншіктің бір түрінің екіншісіне айналу механизмін білуге жол ашады. Бірақ меншіктің қандай түрінің шаруашылық жүргізудің қандай формасын тілейтіні, меншік иелері мен басқа біреулердің меншігін пайдаланушылардың арасында қандай қатынастардың орын алатындығы, әлі мәлім болмайды. Осыларды білу үшін иемдену, пайдалану және жарлық ету қатынастарының мазмұнымен танысу қажет. Иемдену, біріншіден, толық меншік емес, және, екіншіден, иемдену қатынастарындағы меншіктің объектері тікелей иелік ететін объекті болып емес, олар иемдену қатынастарында шаруашылық жүргізудің шарты болып қатысады.

Slide 6

Меншік иелері

Меншік иелері үш типке болінеді:

1. Потенциалдық (мұрагер) меншік иесі. Бұлар иемденуге кіріскенде ғана нақты ақиқатты меншік иесіне айналды. Осы жағдай құқық актісімен бекітіледі.

2. Меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденуші) . Иемденуші меншіктің толық иесі емес. Ол заттың тұтыну құнына бағалылығына емес, жарлық етеді. Сондықтан иемденуші затты сата алмайды, оны өсиет арқылы өткізбейді, залогқа (кепілдікке) сала алмайды, сыйлық етіп жұмсай алмайды. Бірақ оның, бөтен меншікті өзінің тікелей міндетіне сәйкес пайдалануға толық құқы болады: өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта қолданады. Иемденуші осы затты қолдану нөтижесінде жасалған заттың, өнімінің қызметтердің меншік иесі болады. Сонымен қатар, иемденуші, келісімге сәйкес, өзіне түскен табыстың бір бөлігін меншік иесіне беруге тиісті.

3. Толық меншік иесі. Бұл заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі; меншікті иелігінен шығарып, оны басқа субъектіге беруге, өткізуге құқы болады. Нақты меншік болып анықталатын тұтыну, меншікке толық иеліктін өлшемі қызметін атқарады. Қолдануы болмаған меншік иесіз меншік деп аталады.

Slide 7 Slide 8

Жекешелендіру

Мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.

Қазақстанда жекешелендіру 1991 жылдан басталып, бірнеше кезеңнен өтті.

1 - кезең 1991- 1992 жылдар аралығы

2 - кезең 1993 - 1995 жылдар аралығы


Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория негіздері
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Жер қатынастары мен жерге орналастырудың даму кезеңдері
Бөтен мүлік
Жер құқығы қатынастары
Меншік иесі, заттаң
Жер қатынастары, жерге орналастыру және жер кадастры ұғымдары
Жерге меншік құқығы
Жер құқығының әдістері
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ, ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz