Пестицидтердің қоршаған ортаға тигізетін әсері


Slide 1

Тақырыбы:Пестицидтер және олардың қоршаған ортаға әсері

Slide 2

Пестицидтердің қоршаған ортаға тигізетін әсері.

1. Пестицидтердің экотоксикологиялық сипаты.

2. Пестицидтердің ауадағы әсері.

3. Пестицидтердің судағы әсері.

1. Бүкіл әлемде ауыл шаруашылығының қарқынды химизациясы жыл сайын планетаның биосферасына - барлық жануарлар мен адамдар тіршілігіне - әртүрлі бөтен химиялық заттар (ксенобиотиктер), соның ішінде пести-цидтердің көп мөлшерде түсуіне әкеледі. Сондықтан да химиялық ластағыштардан (поллютанттардан) қоршаған ортаны қорғау мәселесі үлкен маңызға ие болды.

Slide 3

Экожүйелер мен ландшафтарда пестицидтердің өзгеруі мен сипатын зерттейтін ғылым - қоршаған орта экотоксикологиясы - жаңа ғылыми тәртіптің бөлігі болып табылады.

Басқа химиялық заттармен салыстырғанда ортаны ластауы мүмкін пестицидтер төмендегідей сипатқа ие:

1) олардың биосферадағы циркуляциясының қайта қал-пына келмеуі (авиация мен жер беті аппаратураларының көмегімен қолданғанда пестицид қоршаған орта объек-тісіне бірден түсіп, онда толығымен ыдырағанша бола-ды) . Қоршаған ортада барлық химиялық қосылыстар-дың циркуляциясы өзара байланысты атмосфера,

Slide 4

гидросфера, литосфера және биосфера бойынша өте-тіндігі бұрыннан белгілі. Әртүрлі заттардың циркуляци-ясының ұзақтығы бірдей емес, ал кейбір аз персистентті заттар циркуляцияның барлық стадиясынан өтпейді жә-не алғашқы сатыларының бірінде толығымен ыдырай-ды. Бірақ персистентті заттар қоршаған ортаның кейбір объектілерінде жиналуға және қатты зиян келтіруге қа-білетті. Олар әлемдік мұхитта гидробионттарда олар-дың концентрациясы болатындықтан жеткілікті қауіпті мөлшерде жиналады;

2) табиғат пен адам үшін потенциалдық қауіп туғызатын белгілеу бойынша препараттардың биологиялық белсенділігі;

Slide 5

3) қорғайтын шаралардың жоғары тиімділігін қамтама-сыз ету мақсатында қолданатын шығын мөлшерінің азаюының мүмкін еместігі;

4) препараттардың шаруашылықтың әртүрлі салалар-ында қолданылуымен, қоршаған ортадағы айналымы-мен және азық-түлiк өнiмдерiнде қалдықтардың бол-уымен байланысты көп мөлшердегі адамдардың пести-цидтермен жанасуы;

5) табиғи шарттарда препараттардың тұрақтылығы және азық - түлік тізбегі бойынша берілуі;

6) биологиялық белсенді деңгейге жеткенше төмен концентрациялы препараттарға қатысты ағзаларда пестицидтердің жиналуы.

Slide 6

Пестицидтердің ерекшелігіне тәуелді биосферада олардың әсер ету формасы жасалынды.

1. Тұйық әсер: а) зиянкес ағзаларға тікелей;

б) қосымша басқа ағзаларға, топыраққа, суға.

Пестицидтердің тұйық әсерінің тиімділігі жұмсалу мөл-шерімен, формасымен, қолдану әдістерімен, әсерінің таң-дамалылығымен және ыдырау жылдамдығымен анықтала-ды.

2. Қолданғаннан кейінгі жақын әсер (ландшафты - аумақтық) . Жалғасымдылығы мен әсер ету сипаты бойынша рельефтен, топырақты және климаттық жағдайлардан тәуелді. Неғұрлым климаты құрғақ, топырағы тұзды, жер астындағы су деңгейi жақын болса, соғұрлым топырақта,

Slide 7

суда және биомассада тұрақты пестицидтердің және ол-ардың метаболиттерінің екіншілік жиналуы мен сақтау-дың ықтималдығы жоғары болады.

3. Қолданғаннан кейінгі алыс әсер (аумақтық - бассейн-ді) . Ол өзендердің хауыздарына, олардың жайылмалары және террасалар бойынша ерітінділер, суспензиялар түрінде немесе топырақты коллоидтармен сорбциялан-ған күйде көшуге қабілетті өте тұрақты препараттарға тән. Жайылмалар, дельталар және эстуарийлардағы миграция, қайта бөлу және жинақтау 3 - 4 және одан да көп жылға созылады. Нәтижесінде пестицидтер өзендер дiң төменгi ағымында, дельталар, теңiздерде ағзаларға әсер етуі мүмкін.

Slide 8

4. Қолданғаннан кейінгі өте алыс әсер (глобальды) бүкіл планетаны және оның жеке компоненттерін - мұхитты, құрлықты және атмосфераны қамтиды. Ол жағалаулық және трансмұхиттық ағымдар, теңiз дауылы, циклондар мен, құстардың, малдардың және адамдардың миграци-яларымен ұзақ сақталатын пестицидтердiң ерiтiндiлер, тозаңдар және суспензиялар түрiнде әуе ағындарының тасымалдауымен; көлiктiң қозғалысы және жүктердiң, шикiзаттар мен азық-түлiктердің тасымалдануымен; ядролық және тағы басқа қаруды сынаумен және әсери- лермен байланысты.

Slide 9

Бұл әсерлері біртіндеп айқындалады. Айқындалу дәре-жесіне тәуелділігіне қарай, оларды үш категорияға бөлуге болады:

1. Зиянкес ағзалардың пестицидтерге төзімділігін дамыту.

2. Пестицидтер мен олардың қалдықтарының өсімдіктерге, жануарларға және қоршаған ортаға әсері (өсімдіктің зақымдануы мен өзгерісі, микрофлора құрамындағы өзгерістер, сүтқоректілердің, құстар мен балықтардың немесе пайдалы жәндіктердің өлімі) .

3. Тамақтану тізбегі бойынша жиналу және берілу.

Slide 10

Пестицидтердің циркуляциясы келесі сызба - нұсқа бойынша жүреді:

1) ауа - өсімдік - топырақ - өсімдік - шөп қоректісі - жануарлар - адам;

2) топырақ - су - зоофитопланктон - балық - адам.

2. Әуе кеңістігіне пестицидтердің түсуінің негізгі көзі - ауылшаруашылық дақылдарын, тұқымдарды, жайылым-дар мен суаттарды өңдеу. Тап осы ауамен тасымалдау-дан қоршаған ортада олардың қолдану орнынан айтар-лықтай қашықтықта табылуы мүмкін тұрақты заттар-дың кеңінен таралуын түсіндіруге болады.

Slide 11

Ұсақ дисперсті шашырату, әсіресе әуеде өңдеу кезінде препараттар ауада қатты бөлшектермен адсорбциялануы және ауа ағынымен тасымалдануы мүмкін. Осылайша, ормандарды тозаңдауда өңделген аумақтағы ағаштарда пестицидтердің тек 50%-ы ғана ұсталып қалады, қалған мөлшері белгілі бір уақыт бойы ауада болады, сосын өңдеу орнынан айтарлықтай қашықтықта топырақ пен өсімдіктерге түседі. Әсіресе ұшқыштығы жоғары препа-раттарды қолданғанда үлкен шығын болады. Ауа бүрку-ге қарағанда тозаңдандыру кезінде көп ластанады.

Пестицидтер әуе кеңістігіне жел эрозиясы кезінде топырақ шаңымен бірге, сондай-ақ топырақты өңдеу мен өнімдерді тазалау кезінде түседі.

Slide 12

Атмосфералық ауаның пестицидтермен ластануы-ның дәрежесі олардың физико-химиялық қасиеттеріне, ауа температурасына, жел жылдамдығына, өңделген аумақтың көлеміне, сондай - ақ енгізу әдістеріне де тәуелді.

Атмосфераның жоғары қабаттарында себу салда-рынан пестицидтердің фотолизі ондағы олардың ауы-суының ең негізгі бағыты болып табылады.

Пестицидтер және олардың метаболиттері қорша-ған ортада циркуляцияны жалғастырып атмосферадан суға, топыраққа түседі.

Slide 13

3. Су қоршаған ортада пестицидтердің транспорты-ның негізгі құралы болып табылады. Ашық суқоймалар-ына олар ауыл шаруашылық танаптарды, жайылымдар және ормандарды авиациялық және жер бетінде өңдеу кезінде шығатын өнеркәсіптік ағынды сулармен, жаң-быр және еріген сулармен түсуі мүмкін, сонымен қатар балдырларды, ұлуларды, адам мен жануарлардың, арам шөптердің ауруларын тасымалдағыштарды жою үшін ашық суқоймаларын тікелей өңдеу кезінде түсуі мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Пестицидтердің топырақта ыдырауы
Пестицидтермен улану туралы
Пестицидтер
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕСТИЦИДТЕР
Адамзаттың энергия өндірудегі Жер климатына әсері
Пестицидтер және оның түрлері
Топырақ экологиясы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ПЕСТИЦИДТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Көмірсутектер
ОЗОН - АУА ҚОСПАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДӘНДІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz