Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы теориясының негізгі қағидалары


Slide 1

А. И. Опариннің «Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы» теориясының негізгі қағидалары

Орындаған: 5В120200- Ветеринариялық санитария мамандығының 1 курс 108 топ студенті Амет Е. А.

Тексерген:

Slide 2

Жоспар

А. И. Опариннің өмірбаяны

Опарин және Холдейн теориясы

Опариннің тіршіліктің пайда болуы туралы теориясының негізгі қағидалары

Тіршіліктің пайда болуы теориялары.

Қорытынды

Slide 3

Александр Иванович Опарин (2 наурыз 1894 жыл, Ресей, Ярославль губерниясы Углич қаласы - 21 сәуір 1980 жыл, Мәскеу) - биохимик-ғалым, КСРО ғылым академиясының академигі (1946) . Мәскеу университетін бітірген (1917) . Негізгі ғылым еңбектері өсімдік шикізатын өңдеудің биохимиялық негізін, өсімдік құрамындағы ферменттердің әсерін және Жердегі тіршіліктің пайда болуын зерттеуге арналған. Опарин биокатализ - азық-түлік өндірісі технологиясының негізі екенін дәлелдеді. Ол Жердегі тіршіліктің пайда болуы - көміртектік қосылыстар эволюциясының қорытындысы деп тұжырымдады; оны ғарыштық тұрғыдан зерттеумен шұғылданды. Опарин - тіршіліктің пайда болуын зерттеудің Халықараралық ұйымының президенті (1970 жылдан өмірінің соңына дейін) болды. Лениндік сыйлық лауреаты (1974) .

Slide 4

1. Жердің алғашқы атмосферасының өзіне тән ерекшеліктерінің нәтижесінде ондағы химиялық қосылыстардың бір-бірімен әрекеттесуі Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының химиялық алғышарттары болады деп есептеген

2. Жердің алғашқы атмосферасының құрамындағы қосылыстардан қарапайым органикалық қосылыстардың түзілуі. Мұндай органикалық қосылыстардың түзілуі соңғы жылдары арнайы ғылыми тәжірбиелер арқылы дәлелденгені белгілі. Жердің алғашқы атмосфералық жағдайына ұқсас арнайы қондырғыларда жасалған ғылыми тәжірбиелер арқылы соңғы жылдары аденин, гуанин, АТФ және т. б. қосылыстар синтезделді. Тіпті нуклеин қышқылдары да синтезделген. Бұл арқылы абиогендік жолмен бейорганикалық заттардан органикалық заттардың түзілетіндігі нақты дәлелденді.

Опарин және Холдейн теориясы

Slide 5

3. Мономерлер тізбегінен нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының түзілуі. 1964 жылы америкалық ғалым Фокс жанартаудан атқылаған лава қалдығынан 130 С-та қыздырған кезде аминкышқылдарының құрғақ қоспаларынан нәруыздар түзілгендігін анықтады.

4. Сыртқы ортадан мембранасы арқылы органикалық заттардың қоспасының түзілуі. Мұхит суындағы алғашқы сорпалы ортада табиғи сұрыпталу арқылы іркілдек тамшылар пайда болған. Коацерват тамшылары металл ионарын сіңіріп, ферменттердің пайда болуына әсер еткен.

5. Протобионттардың пайда болуы ең алғашқы тіршілк белгілері бір қарапайым тіршілік иелері протобионттар деп аталды. Оларда генетикалық код ДНҚ-ның молекулалары арқылы жүзеге асып, қажетті нәруыздар түзілген. Бұл кезеңде химиялық эволюцияның орнына биологиялық эволюция пайда болған.

Slide 6

Опариннің тіршіліктің пайда болуы туралы теориясының негізгі қағидалары

1. Қоршаған орта факторларының тікелей әсер етуінен бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттар түзілді.

2. Түзілген органикалық заттар өзара әрекеттесіп, құрылысы күрделі органикалық қосылыстардың және өзін-өзі қайта қалпына келтіре алатын бос гендердің түзілуіне әсер етті.

3. Түзілген бос гендер басқа да жоғары молекулалы органикалық заттармен қосылды;

4. Жоғары молекулалы заттардың сыртында біртіндеп, нәруызды липидті мембраналар пайда болды.

5. Айтылған процестердің нәтижесінде жасушалар түзілді.

Алғаш рет мұхит суында аминқышқылдарының т. б органикалық қосылыстарың жинақталуынан тіршілік пайда болады деген көзқарасқа келді.

Slide 7

Орыс биохимигі Александр Иванович Опарин (1894-1980) 1922 жылы тіршіліктің Жер бетінде шығу тегінің табиғи теориясын тұжырымдады. Содан бері ол ең дұрыс және арнайы ғылым ретінде мойындаған тұжырым болып есептеледі. А. И. Опарин 1970 жылдан бастап тіршіліктің шығу тегін зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамды басқарды. А. И. Опарин коацерваттардың - сулы ерітіндідегі ағзалық заттардың тұрақты конгломераттарының (ұйығының) пайда болу мүмкіндігін сынақтәжірибе арқылы дәлелдеді. Олар химиялық (ағзалық) заттардың құрам бөлігі бола тұра кейбір тірі нәрсенің қасиеттерін көрсете алады (карапайым жарғақшалардың түзілуі, ұдайы өсу қасиеті, энергетикалық алмасу) . Сөйтіп коацерваттар протобионттар, яғни «тіршілік жолашары» деп атай бастады.

Ағылшын биологі Джон Холдейн 1925-1929 жылдары Опариннің ойын одан әрі дамытты. Ол коацерваттардың тұрақтылығын көрсетіп, ағзалық заттарды қалыптастырудағы энергия көзі ретінде ультракүлгін сәуле шығарудың рөлі туралы болжам айтты.

Slide 8

Теорияның негізгі идеясы

Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер,

Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А. И. Опариннің 1924 жылы жазылған “Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы - Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған. Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді

Slide 9

Ағылшын биологі Джон Холдейн 1925-1929 жылдары Опариннің ойын одан әрі дамытты. Ол коацерваттардың тұрақтылығын көрсетіп, ағзалық заттарды қалыптастырудағы энергия көзі ретінде ультракүлгін сәуле шығарудың рөлі туралы болжам айтты.

Slide 10 Slide 11

Биогенез (био. . . және грек. genesіs - шығу тегі, пайда болуы) - органикалық қосылыстардың бәрі тек тірі организмнен ғана пайда болады, соған байланысты тірі организмдердің өлі материядан пайда болғанын теріс деп санайтын теория. Биогенез теориясын жақтаушылардың бірқатары өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ организмдер де жер бетіне ғарыштан келген (панспермия теориясы) деп есептейді.

18 ғасырда тірі организмдер шын мәнісінде тек басқа тірі организмдерден дамиды деген эмпирикалық теория (Ф. Реди, Л. Пастер) пайда болды. Бұл теория 19 ғасырдың орта кезінде қалыптасқан тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға қарсы қойылды.

Дұрыс жасушалардағы А ламинінің биогенезі және Хатчинсон-Гилфорд прогерия синдромы кезіндегі А ламинының кемелденген формасының генерациясының бұзылуы

Slide 12

Абиогенез (гр. 'a' - болымсыздық, жоққа шығару, bіos - тіршілік, genesіs - пайда болуы), жансыздан өрбу - тірі табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында - эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы. [1]

19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л. Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны - А. И. Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік- табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді.

Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім тарауы бойынша қорытындылау
КРЕАЦИОНИЗМ теориясы
КРЕАЦИОНИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫ
Цитология - жасуша туралы ғылым
Тіршіліктің даму кезеңдері
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар
Ағзалар және тіршілік орталары
Эволюциялық ілім - тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептерімен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz